Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
qrcode

Толеубекова Ә.М мақала. А. М. Толеубекова вко, Урджарский район


Скачать 34.33 Kb.
НазваниеА. М. Толеубекова вко, Урджарский район
Дата20.11.2019
Размер34.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТолеубекова Ә.М мақала.docx
ТипСтатья
#65253
КаталогОбразовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

Ә.М.Толеубекова

ШҚО, Үржар ауданы.,

«Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақша»КММ дефектологы
А.М. Толеубекова

ВКО, Урджарский район.,

Дефектолог КГУ " Средняя школа-детский сад имени Абылай хана»
A. M. Toleubekova

East Kazakhstan region, Urjar district.,

Speech pathologist, KSU " secondary school-kindergarten named after Abylai Khan»
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА АКТ-НЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІТЕРІН ДАМЫТУ.

РАЗВИТИЕ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ АКТИВНОСТИ УЧАЩИХСЯ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ ИКТ В РАМКАХ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ.

THE DEVELOPMENT OF COGNITIVE ACTIVITY OF STUDENTS USING ICT WITHIN INCLUSIVE EDUCATION.

Аннотация

Мақала инклюзивті білім беру аясында АКТ-ны тиімді пайдалану іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында ұсынылды.

Аннотация

Статья была предложена с целью обмена опытом эффективного использования ИКТ в рамках инклюзивного образования.

Abstract



Жоғарыда айтылып өткен Елбасымыздың білім беру саласына қойылатын

Қазіргі таңда барлық оқушылардың бос уақыттары ғаламтор беттерін бақылау және түрлі ойындар ойнаумен өткізіліп жатқандығы өзекті мәселелердің қатарын толықтыруда. Оқушылар мен жүргізілетін барлық сабақтар оң нәтиже көрсете бермейді.Себебі оқушылардың кітап бетінде орналасқан барлық тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтары төмен. Жалпы білім беру бағдарламасы мен қатар бүгінгі күні инклюзивті білім беру бағдарламасымен білім алушылар саны жыл санап артуда. Көптеген ұстаздар тәжірибесіне жүгінер болсақ ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар күнделікті сабақтарды орындауда қиналады. Және де жеңілдетілген тапсырмалардың орындалу деңгейі күнделікті сабақ өткізу барысында қолданылатын көрнекіліктерге байланысты толықтырылады.

Инклюзивті білім беру- Даму мүмкіндігі шектеулі балалардықалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру бағдарламасымен оқытылып жатқан оқушылар АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі жайында сіздермен келесідей өз тәжірибеммен бөлісер болсам:
Баланың сабаққа деген қызығушылығы артады.
  • Әр сабақты жаңаша нұсқада өткізуге ұстаздың талпынысы артады.
  • Балаға өткізілген әр сабақта түрлі қағаздар қолданудың қажеттілігі артады. (себебі ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін сабақтарда қолдануға ұсынатын көрнекіліктердің өзіндік ерекшелігі және талаптары болады).
  • Ойын түрінде өткізілген әр сабақ бала үшін қызықты әрі біршама уақыттар көлемінде жадында сақталады.
  • Тапсырма жеңілден күрделіге қарай жылдам, әрі нәтижемен ауысып отырады.
    Жалпы инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылармен жүргізілетін
    Жаңа сабақты оқушыларға баяндау барысы өткен сабақта өткізілген тақырыппен байланысуы қажет;
  • Жаңа тақырыптың шынайы болуы.Яғни тақырып адам өмрінде орын алатын әртүрлі жағдаяттармен байланыстырылып, түсіндірілуі.
  • Бала бойындағы психофизикалық ерекшеліктері мен баланың қабілетіне қарай жаңа сабақтың мазмұнын құрастырылуы;
  • Сабақ құрылымы оқушының танымдық қабілеттеріне сай болуы;
  • Оқу процессіндегі саралау принципінің орындалуы;
  • Әр сабақта дидактикалық мақсаттарға сай көрнекіліктердің тақырып мағынасын аша білуі және де ақыл-ойында ауытқушылығы бар балаларға арналған көрнекіліктер А4 форматында және қатты қағазға шығарылуы қажет. Суреттер қанық түсте болуы шарт.Көбінесе өз тәжірибиемде қолдан жасалған көрнекіліктерді қолдануға барынша тырысамын.Және бастауыш сынып оқушыларымен өткізетін тақырыптарыма қолданылатын көрнекіліктерім күнделікті шынайы өмірмен байланыста болуына жетік назар аударамын.
    Әр сабағымның мақсаттары мен негізгі бағаттарына қарай оқушыларымның жеке мүмкіншіліктерін есепке алып отырамын.Оқушыларымның күнделікті сабақта игеретін материалдарын өмірмен, табиғатпен, шынайылықпен байланыстырып АКТ-ны пайдалана отырып меңгертемін. Балаға тақырыпты толық түсіндіру барысында АКТ-ны қалай пайдаланған жөн? деген сұраққа өз тәжірибиеммен ұштастыра отырып жауап берер болсам:
    Негізінен ерекше білім беруді қажет оқушыларға арналып құрастырылып шығарылған кітаптар қоры шектелген. Орта мектеп жасында білім алып жатқан оқушыларға арналған кітаптар қоры өте аз. Балаға әр тақырыпты құр сөздермен не болмаса А4 форматында шығарылған суреттер арқылы түсіндіруге болады, алайда нәтижеге қол жеткізе алуымыз екі талай. Соңғы уақыттарда ғаламтор желісіндегі Ютуб арқылы балаларға арналған түрлі бейнероликтер көптеп кездеседі.Алайда балаға тек бейнеролик көрсету арқылы ғана емес қазіргі таңда Bilim Lаnd қосымшасы арқылы балалармен түрлі тапсырмалар орындаудамыз.Бала толық сыныпта көптеген тақырыптарды меңгеруде қиналады.Сол себепті жеке сабақтардан артылған уақыттарда балалармен қайталау жаттығуын орындаймын. Bilim Lаnd қосымшасының ішіндегі Аймектеп бағытында әр тақырыпты бала тілінде мысалдармен және ең қажетті ақпаратты саралай келе 4 минут көлемінде бейнекөрініс ретінде түсіндіреді.Құр сөзді тыңдаудан жалыққан бала назары мультелехикая ретінде ұсынылған тақырыпқа ауысады.Артынша тақырыпты 1 минут көлемінде қайталайды.(Арасында тоқтатып отырып сұрақ-жауап алып отырған абзал.) артынша 4 тапсырма ұсынылады.( Яғни олар бекіту тапсырмалары ретінде қолданылады.Мектеп жасына дейінгі оқушыларға арналған «мектепке дайындық» бөлімінің ішінде түрлі жаттығулар орналасқан мысалы: қарапайым сабақта біз үй жануарларын өтетін болсақ, көбінесе сол жануарлардың төлдерімен шектеліп қаламыз.Не болмаса дыбысын баланың өзіне салуын ұсынамыз ал бұл «Дыбыс жұмбақ» деп аталатын жаттығу арқылы көптеген дидиактикалық тақырыптар шоғырлана отырып, арасынан қажетті үй жануарларының дыбысын бала естіп қана қоймай қай жануар екендігін суретімен байланыстыра атайды. [2]
  • Көбінісе сабақтарымда сергіту сәтін тақырыппен ұштастыра ұйымдастырамын. Алайда оқу процесі аясында оқушылар отырып та шаршайды. Маған келетін оқушылардың басым көпшілігі ПДТ (Психикалық дамуы тежелген) және Ғ-70 (Ақыл есінің жеңіл дәрежеде зақымдалуы). Баланы сабақта шаршаауын қадағалай отырып, Сергіту сәтін екі мәрте ұйымдастырамын. Көбінесе ютуб желіссі арқылы видиокөрініс көрсете отырып, ритмика қимылдарын ұсынуға тырысамын.Бұл арқылы бала сергіп, жалпы қимыл моторикасын дамыта отырып, биге не болмаса ән айтуға деген қызығушылығын арттыра аламын.
  • Paint бағдарламасын сабақты қайталау не болмаса, сурет салудың жаңа үлгісі ретінде оқушыға ұсынамын. Мысалы: Геометриялық пішіндер тақырыбын өтер болсам, сабақты қорытындылау барысында сурет саламыз не болмаса боямақ бояймыз. Не болмаса өткен тақырыпты қайтау үшін мен геометриялық пішіндерді атаймын сен, суретін сал тапсырмасы ұсынылады.
  • Балаларға ActivInspire бағдарламасынан жаңа фличарт ұсынылады.Флипчартта бақтың және бақшаның суреттері енгізілген.Төменгі қатарда жемістер мен көкөністер атауы ретсіз жазылып қойылған.Балаға не қайда өседі? Деген сұрақ қойылады.
  • Т.б бағдарламаларды ұсына отырып, баламен өткізілетін түзете-дамыту сабақтырн түрлендіріп отыруға тырысамын және ата-аналар тарапымен осы мәселе жайында кеңестер жүргізе отырып, баланың бос уақытында ютуб желісінде бала үшін пайдасы аз бейнежазбаларды ұсынбау және оны қажетті жоғарыда аталып өткен тапсырмаларды бірге орындауды ұсынамын.Және бұл сабақтар күнделікті жүргізілмейді оған себеп бала денсаулығына теріс әсер беруі мүмкін.Сол себепті айына 1 рет мультимедиялық кабинеттерде балаларға арналаған сабақтар ұйымдастырылады.
    Негізі сабақтарда АКТ-ны пайдаланудағы басты мақсатым: Түрлі ойын жаттығулар арқылы қоса балалардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеті мен назарын, сондай –ақ, сөздік қорын да дамыта аламыз.Сонымен қатар заман талабына сай жан-жақты дамыған эстетикалық талғамын қалыптасқан жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз үлесімді қосу.

    Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыра отырып, болашақта күнделікті қаражат табу көзі ретінде пайдалана білуді ұйымдастыру масатында қосымша «АКТ ШЕБЕРІ» үйірмесі ерекше білім беруді қажет ететін жоғары сынып (8-11 сынып) оқушылары үшін міндетті орта білім беру аясында қолданбалы курсты ұйымдастыру арқылы әр баланың болашағына септігін тигізер мамандықтар үйлесімділігіне қол жеткізу . Балалардың стандартты теориялық сабақтарға қарағанда, практикалық сабақтарға қызығушылығы басым. Білім беру жүйесіне «АКТ ШЕБЕРІ» үйірмесін жылдық жоспарға енгізе отырып, арнайы білім беру саласының алға жылжуына қажетті өзгерістер мен жаңа екпінді алып келу. Балалардың білім деңгейін жан-жақты дамыту мақсатымен АКТ-мен және Оргтехникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгерте отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін, балалардың әрі қарай жұмысқа орналасуына ықпал жасай отырып, кәсіби бағдар беру элементтерін қалыптастыру болып табылады. [3]


    Қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар көп жағдайда мектепте жүргізілетін қоғамдық іс-шаралардың басым көпшілігіне қатыспайды.Және статистикалық мәліметтерге сүйенер болсам осы балалар денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабақтарынан босатылған.Баланың сол сабақтағы бос уақытын балаға қажетті тәжірибелік жұмыстармен алмастыру мақсатында сіздермен «АКТ ШЕБЕРІ» үйірмесінің тақырыптық жоспарына қысқаша тоқталып өтпекпін.


    Бұл бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметін – де компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды.

    Бул үйірме бағдарламасы 3 ай көлеміне есептелген. Сабақ аптасына 2 рет төмендегі тақырыптар негізінде өткізіледі.[3]

    Р/с
    Тақырыптар
    Сағат саны


    Кіріспе
    2
    1
    АКТ құрылымы туралы жалпы мәлімет
    1
    2
    Қауіпсіздік техникасының ережелері
    1


    Microsoft Office ( 8 сағат)




    Microsoft Office Word
    3
    3
    Word редакторымен жұмыс жасау
    1
    4
    Word редакторының графикалық мүмкіндіктері
    2


    Paint графикалық редакторы
    2
    5
    Сурет салу тақтасы
    2


    PowerPoint бағдарламасы
    3
    6
    PowerPoint –та слайдтар құру
    3


    Adobe Photoshop бағдарламасы ( 7 сағат)


    9
    Оргтехникаменжұмыс

    (сканер, басып шығару, көшірме жасау)
    2
    10
    Adobe Photoshop бағдарламасының тиімділігімен оқушыларды таныстыру
    1
    11
    Adobe Photoshop бағдарламасын пайдалана отырып фотосуреттерді өзгерту, артық элементтерді алып тастау, өзгерту әрекеттерін жүзеге асыру.
    4


    Интернет желісі ( 7 сағат)


    12
    Интернет желісінен қажетті ақпарат табу және оны пайдалану
    2
    13
    Web – сайттар құру
    4
    14
    Mail.Ru байланыс порталы
    1


    Барлығы
    24

    «АКТ шебері» бағдарламасын толық меңгерген оқушы алған білігі мен дағдысын болашақта графикалық кескіндерді құрастыруда, жарнамалық өнімдерді дайындауда, әртүрлі білім саласында альбом, реферат, диаграмма дайындауда және оларды басып шығаруда қолдана алады.
    Оқушы Интернет ресурстарынан тиісті сурет, картиналарды алып, оны өз қажеттеріне пайдалана және өз өнімдерін Web – құжаттарда орналастыра алады.Оқу барысында алған білігі мен дағдысы оқушының болашақта Adobe Photoshop тәрізді күрделі кәсіптік бағдарламалармен жұмыс жасау шеберлігінің негізін қалайды және оргтехникаен жұмыс жасауды толығымен меңгереді. [3]

    «АКТ ШЕБЕРІ» үйірмесі не үшін керек? Ол қандай курс? Деген сұрақтарға жауап берер болсам:
    Кез келген жұмысқа орналасу үшін ең алдымен сұхбаттан сәтті өте білу қажет. Кей жағдайларда ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сұхбаттан өте алмайтын, жұмыс берушінің сенім арта алмайтындығынан, балалар жұмыссыздар қатарын толықтыруда.
  • Бала «АКТ ШЕБЕРІ» бағытын толық меңгеріп шыққан жағдайда қазіргі күні көшірме, мәтін теру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер молаюда. Баланы көшірме орталығына жұмысқа орналастырар болсақ, мүмкіндік алады.
    Өз сөзімді қорытындылай келе ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жүргізілетін әр сабақ құрылымына келешекте меңгерте алатын, пайдасын тигізер тақырыптарды қосымша қосу арқылы балаға білім мен білікті қатар үйрету оң нәтиже берері сөзсіз. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұсынғым келетін «АКТ ШЕБЕРІ» үйірмесінің тақырыптық жоспары күнделікті қолданыста пайдасын тигізер тақырыптармен іріктеліп алынған. Жалпы балалармен жүргізілетін сабақтар тақырыбын жоғарыда көрсетілген үйірме тақырыптармен ұштастырар болсақ, бала өзіне болашақта орасан зор мүмкіндіктерге жол ашатын тақырыптарды меңгерер еді. АКТ-ны және оргтехниканы пайдалана білуді меңгерген бала өз қатарластарымен бірдей көпшілік ортада жұмыс атқаруға үйреніп, өзінің қажеттіліктерін өтер қаражатты ата-анасына салмақ салмай табуға мүмкіндіктерге ие болады..


    Пайдаланылған әдебиеттер

    Абаева Ғ.Ә., Төребаева К.Ж., Оразаева Г.С., Қартбаева Ж.Ж., Арнайы педагогика. Оқулық.Қарағанды, 2014.
  • Толеубекова Ә.М., Советова Г.М., Ерсаинов Д.Е., Ахметова Г.К. «Мамандыққа бастау» қолданбалы курсы. Авторлық бағдарлама.Үржар, 2019.
  • Назарбаев Н.А.Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: (https://www.akkz/ru/archive/2014-01-17)
  • Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

    перейти в каталог файлов

  • Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

    Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей