Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
qrcode

Бала аурулары. Гастроэнтерология 1 27


Скачать 173.54 Kb.
НазваниеБала аурулары. Гастроэнтерология 1 27
Дата21.04.2020
Размер173.54 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаTestyyy_gastro.docx
ТипДокументы
#68642
страница1 из 4
КаталогОбразовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
  1   2   3   4

*Бала аурулары. Гастроэнтерология *1*27 *

#1

*!Қай патологияда эзофагит дамуының жоғары қауiптiлiгi анықталады?

*Одди сфинктерiнiң дисфункциясында

*асқазаннан он екі елі ішекке шығаберiс қысқышының функциясының жетiспеушiлiгiнде

*дуоденогастралды рефлюксте

*билиарлы жүйенiң дисфункциясында

*өңештiң төменгi сфинктерiнiң жеткiлiксiздiгiнде

#2

! Гастроэзофагальді рефлюкстік аурудағы моторлық бұзылыстар дамуында қай

гормондардың дисбаланс мәнді?

*гипофиз

*бүйрекүсті безі

*гастроинтестиналдық

*қалқанша без гормондары

*жыныс бездері

#3

*!Жоғары секрециялы созылмалы гастриттің клиникасына ЕҢ тән?

*қышқылмен кекіру

* шірік иісті кекіру

*ішіндегі ауырлық

* эпигастриидегі керілу сезімі

*құсу

#4

*!Рефлюкс-гастритте патогенетикалық қандай препарат таңдаулы?

*урсосан

*квамател

*мотилиум

*амоксициллин

*метронидазол

#5

*!Асқазан ойық жара ауруының ЕҢ жиі асқынуы?

*қан кету

*пенетрация

*перфорация

*стеноз

*малигнизация

#6

*!Helicobacter pylori эрадикациясын жүргізгеннен кейін бақылаудың ЕҢ тиімді мерзімі?

*емнен кейін дереу

*4-6 аптадан кейін

*1-2 аптадан кейін

*6 аптадан кейін

*12 аптадан кейін

#7

*!Өт қабы дискинезиясының гиперкинетикалық формасын емдеуде қандай препарат ЕҢ қажет?

*магний сульфаты

*папаверин

*маннит

*сорбит

*ксилит

#8

*!Балалардағы жедел холециститтің ЕҢ жиі себебі?

*диетаны бұзулар

*физикалық жүктемелер

*инфекция

*суықтау

*жарақат

#9

*!Дақты гепатоздың дамуы немен байланысты?

*тұқым қуалайтын билирубин алмасу бұзылысы

*көмірсу алмасуының тұқұым қуалайтын бұзылысы

*белок алмасуының тұқым өуалайтын бұзылысы

*бауырдың диффузды қабыну бұзылысымен

*бауырдың дәрілік зақымдануымен

#10

*!5 жасар балада арнайы емес жаралы колит жорамалданды. ЕҢ көп мәлімет беретін зерттеу әдісі?

*ирригография

*колоноскопия

*ректоманоскопия

*құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

*ФЭГДС

#11

*!Созылмалы панкреатиттің патогенезінде қай фактор негізгі?

*гиперферментемия

*микроциркуляции бұзылысы

*тотығу стрессі

*литостатин синтезінің бұзылуы

*гипербилирубинемия

#12

*!Целиакияның емінде қандай емдәм тағайындалады?

*аглютенді

*белоксыз

*көмірсусыз

*лактозасыз

*липидсіз

#13

*!ІТС диагнозын нақтылауда ЕҢ мәнді әдіс?

*ректороманоскопия

*ирригография

*колоноскопия

*УДТ-доплерография

*ФЭГДС

#14

*!Гиршпрунг ауруын басқа функционалдық іш қатулардан ажырату үшін ЕҢ маңызды анамнездік мәлімет?

*дефекация аптасына 1 реттен аз

*жағылып қалатын нәжістің болуы

*дәреттің кідіруі өмірінің бірінші аптасынан

*тік ішектің түсіп кетуі

*клизма қолдануды қажет ететін ұзақ уақытты іш қатулар

#15

*!8 жасар ұл бала. Ішінің ауыруына қан аралас нәжіске шағымданады. Ирригография жүргізгенде спецификалық емес жаралы колиттің мына ерте эндоскопиялық симптомын көреміз?

*ішек қабырғаларының қалыңдауы

*ішек шырышты қабатының гиперемиясы

*псевдополипоз

* шырышты қабатының атрофиясы

*гаустрларының болмауы
#16

!Дисахаридтердің жеткіліксіздігі қандай төзімсіздікпен сипатталады:

*каротин

*лактоза

*дәнді глютен

*гүл шаңы

*сиыр сүті белогы
#17

!Он екі елі ішектің жарасын дамытатын инфекциялық фактор:

*энтеровирустар

*клебсиелалар

*хеликобактериялар

*көкіріңді таяқшалар

*эшерихиялар
#18

! Маллори-Вейса синдромына тән патология:

*өңештің жыртылуы

*өңеш ісігінен қан кету

*өңештің асқазан бөлігіне өткен жердегі бөлігінің жыртылуы

*асқазандағы полиптен қан кету

*гастроэзофагеальды рефлюкс
#19

!Функционалды диспепсияның жаратиптес вариантына тән симптом:

*қыжыл

*ұйқыбезі аймағының ауру сезімі

*жүрек айну

*құсу

*іш өту
#20

!Он екі жастан асқан балалардағы асқазан ойық жарасы ауруын тиімді емдеу схемасы:

*ранитидин сукральфат метронидазол

*омепразол амоксициллин кларитромицин

*ампициллин метронидазол спазмалгон

*ампициллин метронидазол фамотидин

*мотилиум эритромицин пенициллин

*Бала аурулары. Гастроэнтерология *2*121*

#28

*!*!Қыз бала 14 жаста. Тамақтанудан кейiн пайда болатын iштегi ауру сезiмiне, кекiруге, жүрек айнуына, төс артындағы күйдiру сезiмiне, шағымданады. Бұл шағымдар

бiрнеше жыл мазалайды, тексерiлмеген.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*асқазанның ойық жара ауруы

*созылмалы гастрит

*созылмалы холецистит

*созылмалы панкреатит

*ГЭРА

#29

*!Науқас 9 жасар, қыжылға, тағаммен кекіруге, тамақ қабылдаған соң бірден эпиагстрий аймағындағы басып тұратын ауыру сезіміне шағымданады. осы шағымдар соңғы 2 айдай мазалап жүр.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*гастроэзофагалды рефлюкс ауруы

*жедел холецистит

*созылмалы колит

*желед панкреатит

*гастродуоденалдық рефлюкс

#30

*!15 жастағы ұл балa. Тамақтан кейiн төс артындағы ұзаққа созылатын күйдiру сезiмiне шағымданады, еңкейгенде күшейедi, төс артындағы түйілу тәрiздi сезiмi, қышқылмен кекiру. Объективтi:жағдайы қанағаттанарлық. Дене бітімі: толық, өкпеде тынысы везикулярлы. Жүрек үндерi анық, АҚҚ 120/80 мм с.б. Iшi жұмсақ, ауырмайды. Төс артындағы күйдiру кезiнде ЭКГ қалыпты.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*12 елi iшектiң ойық жара ауруы

*вегето-тамырлық дистония

*НР - ассоциирленген созылмалы гастрит

*калькулезды емес созылмалы холецистит

*гастроэзофагеалды рефлюкстiк ауру

#31

*!10 жастағы науқас, қыжылға, кекіруге, тамақ қабылдағаннан соң эпигастрий аймағындағы басып тұратын ауру сезіміне, кейде түнгі уақыттағы жөтелге шағымданады. Аталған шағымдар соңғы 6 ай ішінде мазалайды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* гастроэзофагеалды рефлюкстiк ауру

*жедел холецистит

*созылмалы гастрит

*жедел панкреатит

*дуоденогастралды рефлюкс

#32

*!10 жастағы науқас. Клиникаға көп мөлшері алқызыл қан аралас құсумен түсті. Анамнезінде соңғы бірнеше айда эпигастрий мен төс артындағы күйдіріретін ауру сезіміне, ауызға қышқылдың келуіне шағымданады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*эрозивті эзофагит

*асқазан ойық жарасы

*он екі елі ішек ойық жрасы

*трахео-өзектік жыланкөз

*асқазан полипі

#33

*!10 жастағы қыз бала. Аш қарынға сол қабырға астындағы, эпигастрийдегі тамақ, сүт ішкеннен кейін қоятын сыздап ауыруға шағымданады. ФЭГДС: өңеш өзгермеген, өтімді, кардия жабылады, асқазан дұрыс формалы, құрамында бұлыңғыр түзіліс бар. Шырышты қабат тегіс емес, ісінген, қызарған. Қақпашық жабылады, өтімді. Пиязшық қалыпты, 12 елі ішек ісінген, қызарған. Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтимал?

*асқазан ойық жарасы

*12 елі ішектің ойық жарасы

*асқазанның функциональды бұзылысы

*созылмалы гастрит

*созылмалы гастродуоденит

#34

*!13 жастағы, полиартриттің дамуына байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Эпигастрийде кенеттен ауыру сезімі мен әлсіздік пайда болды, қою массамен қайталап құсу Қарап тексергенде бозарған, пульс -120 рет минутына. АҚҚ 90/70 мм.с.б. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, бұлшық еттік кернеу жоқ.

Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*эрозивті гастрит

*арнайы емес жаралы колит

* тағамдық токсикоинфекция

* жедел холецистит

* жедел панкреатит

#35

*!Қыз бала 12 жаста, полиартриттің дамуына байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Эпигастрийде кенеттен ауыру сезімі мен әлсіздік пайда болды, қою массамен қайталап құсу Қарап тексергенде бозарған, пульс -120 рет минутына. АҚҚ 90/70 мм.с.б. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, бұлшық еттік кернеу жоқ.

Патологиялық процессті зерттеуде қандай әдіс ЕҢ ақпаратты?

*асқазанды фракциялап зондтау

*асқазанның рН-метриясы

*асқазанның УДЗ

*ФЭГДС

*асқазанның рентгенографиясы

#36

*!Қыз бала 12 жаста, тамақ ішкеннен кейін кететін эпигастрийдегі сыздап ауыру сезіміне, қыжыл, кейде қышқылмен кекіруге, іш қатуға бейімділікке шағымданады. 3 жылдай сырқаттанады. Бозарған, қозғыш, қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік. Тілі түбіріне жақын ақ жабындымен жабылған, тіс іздері. Іші жұмсақ, эпигастрийдегі және пилородуоденальды аймақтағы аздап ауыру. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.

Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел гастрит

*созылмалы гастродуоденит

*созылмалы холецистит

*өт шығару жолдарының дискинезиясы

*созылмалы панкреатит

#37

*!15 жастағы ұл балa. Кейде,тамақ ішкеннен кейін бірден сол жақ қабырға астындағы ауырлау сезімі, ауамен кекіру, тұрақсыз үлкен дәрет, арықтауына шағымданады. Анасы баланың тамаққа тез тойып, тез арада қарыны ашатынын байқады. Тамақ ішкеннен кейінгі үнемі дискомфортпен байланысты бала тамақтан бас тартады. ФЭГДС асқазанның шырышты қабаты бозарған, қан тамыр суреті көрінеді.

Төмендегі аталған диагнодардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*атрофиялық гастрит

*гиперпластикалық гастрит

*асқазан ойық жарасы

*өт жолдары дискинезиясы

*созылмалы панкреатит

#38

*!14 жастағы пациент. Тамақ ішкеннен кейін сол жақ қабырға астындағы ауырлау сезімі, ауамен кекіру, тұрақсыз үлкен дәрет, арықтауына шағымданады. Анасы баланың тамаққа тез тойып, тез арада қарыны ашатынын байқады. Тамақ ішкеннен кейінгі үнемі дискомфортпен байланысты бала тамақтан бас тартады. ФЭГДС асқазанның шырышты қабаты бозарған, қан тамыр суреті көрінеді.

Диагноз қою үшін ЕҢ қажет қосымша зерттеу әдісі қандай?

*H.pylori-ға тест

*іш қуысы ағзаларының УДЗ

*асқазанның шырышты қабатының биопсиясы

*асқазанды рентгенологиялық зерттеу

*ретроградты холецистохолангиопанкреатография

#39

*!Бала  14 жаста. ФЭГДС-та анықталды: өңештің шырышты қабаты қызғылт, кардия жабық Асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған,  ақшыл шырышты жабынды. Антральды аймақта диаметрі 3 мм екі  эрозия бар. Пиязшық пен он екі елі ішектің шырышты қабаты қызғылт, қатпарлары орта калибрлы.

Емінің тактикасын таңдауда қандай қосымаша зерттеу әдісі ЕҢ қажет?

*уреазды демалу тесті

*ЖҚА

* құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

*H-pylori –ға ИФА

*лямблияға ИФА

#40

*!12 жастағы қыз бала, түнде эпигастрии аймағының қатты ауыруына, тәбетінің күшеюіне шағымданады. Пилородуоденальды аймақта айқын ауыру, Мендель симптомы оң, құрсақ бұлшық еттерінің кернелуі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Крон ауруы

*созылмалы холецистит

*созылмалы гастрит

*жедел панкреатит

*12-елі ішектің ойық жара ауруы

#41

*!Ұл бала 14 жаста. іштің эпигастрии аймағының көбінесе түнгі, ұстамалы, қатты, кескілегендей сұққылап ауырулары. Күндізгі уақытта, тамақ ішкеннен кейін ауыру бәсеңдейді. Іштің пальпациясы пилородуоденальды аймақта ауырумен қиындаған. Мендель симптомы оң.

Қандай диагноз ЕҢ дұрысы?

*жедел гастрит

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*созылмалы гастрит

*12-елі ішектің ойық жара ауруы

#42

*!Ұл бала 12 жаста, аш қарынға және түнгі уақытта пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. мазасыз, әлсіздік Ауырғанына 3-жылдай болды. Соңғы кезде ауыруы күшейе және жиілей түсті, қышқылмен кекіру, құсу, іш қатулар мазалайды. Объективті: бозарған, арық, қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік. Тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрийдегі локальды ауыру.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы холецистит

*функциональды диспепсия

*созылмалы гастродуоденит

*ӨШЖ дискинезиясы

*12-елі ішектің ойық жара ауруы

#43

*!Ұл бала 12 жаста, аш қарынға және түнгі уақытта пайда болатын ауыруға шағымданады. мазасыз, әлсіздік Ауырғанына 3-жылдай болды. Соңғы кезде ауыруы күшейе және жиілей түсті, қышқылмен кекіру, құсу, іш қатулар мазалайды. Объективті: бозарған, арық, қызыл дермографизм. Тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, пилородуоденальды аймақтағы локальды ауыру.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*12-елі ішектің ойық жара ауруы

*созылмалы гастродуоденит

*созылмалы холецистит

*ӨШЖ дискинезиясы

*функциональды диспепсия

#44

*!Қыз бала 14 жаста, полиартриттің дамуына байланысты 2-ші ай индометацин қабылдайды. Эпигастрийде кенеттен ауыру сезімі мен әлсіздік пайда болды, қою массамен қайталап құсу Қарап тексергенде бозарған, пульс -120 рет минутына. АҚҚ 90/70 мм.с.б. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, бұлшық еттік кернеу жоқ.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел холецистит

*асқазанның ойық жара ауруы

*ӨШЖ дискинезиясы гипертоникалық типті

*жедел панкреатит

*жедел гастрит

#45

*!Ұл бала 12 жаста. іштің эпигастрии аймағының көбінесе түнгі, ұстамалы, қатты, кескілегендей сұққылап ауырулары. Тамақ ішкеннен, алмагельден кейін, аз уақытқа ауыру бәсеңдейді. Іштің пальпациясы пилородуоденальды аймақта ауырумен қиындаған. Мендель симптомы оң.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы холецистит

*12-елі ішектің ойық жара ауруы

*функциональды диспепсия

*созылмалы гастродуоденит

*ӨШЖ дискинезиясы

#46

*!Қыз бала 12 жаста. іштің оң жақ қабырға астындағы түнгі, ұстамалы, қатты, оң жауырынға берілетін ауырулары. Тәбеті жоғарылаған, соңғы айда қатты азды. Объективті: іштің пальпациясы пилородуоденальды аймақта ауырумен қиындаған. Мендель симптомы оң. Құрсақ бұлшық еттерінің кернелуі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Крон ауруы

*функциональды диспепсия

*12-елі ішектің ойық жара ауруы

*созылмалы гастродуоденит

*ӨШЖ дискинезиясы

#47

*!12 жасар науқас бала. 2 айдан берi индометацин қабылдап жүр. Кенет эпигастрий аймағында ауру сезiмi, әлсiздiк, қарамассамен қайталап құсу пайда болды.қарап тексергенде боз,пульс-120, АҚҚ 90/70 мм с.б. Iшi пальпация кезiнде жұмсақ, бұлшықет кернелуi жоқ.

Асқынудың ЕҢ мүмкін түрі?

*перфорация

*пенитрация

*қан кету

*стеноз

*малигнизация

#48

*!Қыз бала 15 жаста. Көптен берi индометацин қабылдап жүр. Кенет эпигастрий аймағында ауру сезiмi, әлсiздiк, қара массамен қайталап құсу пайда болды. Қарап тексергенде бозарған, пульс-120, АҚҚ 90/70 мм с.б. Iшi пальпация кезiнде жұмсақ, бұлшық ет кернелуi жоқ.

Диагнозды нақты қоюға қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

*ФЭГДС

*Іш қуысының УДЗ

*ЖҚС

*асқазанның контрастпен рентгені

* рН-метрия

#49

*!Науқас 11 жаста. Шағымы: түнде асқазан аймағының ауыруы, сүттен және антацидтен кейінгі жойылатын қыжылға. Эррадикационды терапии басталды. Түнде балада іш аймағында қанжар сұққандай ауру сезімі пайда болды.

ЕҢ дамуы мүмкін асқыну?

*перфорация

*пенетрация

*қан кету

*стеноз

*малигнизация

#50

*!Науқас 13 жаста. Шағымы:түнде асқазан аймағының ауыруы сүттен және антацидтен кейінгі жойылатын қыжылға, қышқылмен кекіруге. Эррадикационды терапия басталды. Түнде балада іш аймағында қанжар сұққандай ауру сезімі пайда болды.

Диагнозды нақты қоюға қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

*ФЭГДС

*вертикалды бағыттағы іш қуысының рентгені

*горизонталды бағыттағы іш қуысының рентгені

*контраст енгізу арқылы іш қуысының рентгені

*құрсақ қуысының УДЗ

#51

*!Науқас 10 жаста. Шағымы: 2 айдан бері түнде асқазан аймағының ауыруы сүттен және антацидтен кейінгі жойылатын қыжылға. Бір күн бүрын балада алдынғы іш қуысының ауру сезімі пайда болды. Эррадикационды терапии басталды. Түнде балада іш аймағында қанжар сұққандай ауру сезімі пайда болды. Күніне 3-рет құсу.

ЕҢ дамуы мүмкін асқыну?

*перфорация

*пенетрация

*қан кету

*стеноз

*малигнизация

#52

*!Бала 12 жаста, айқын әлсіздік, жүрек айнуы шағымдарымен түскен. Кеше және бүгін таңертең балада қара май тәрізді нәжіс болды. Қарап тексеруде: тері және көзге көрінетін шырышты қабаттар күрт бозарған, суық тер, пульс 120 рет минутына, АҚҚ 80/40 мм.сын. бағ. гемоглобин - 60 г/л.

Қандай патология ЕҢ мүмкін?

*инвагинация

*тік ішектің жарықтары

*жаралы колит

*жедел энтероколит

*асқазан-ішектік қан кету

#53

*!13 жастағы қыз бала. Соңғы екі жылдан бері эпигастрии мен сол мықын аймағындағы өткір сұққан тәрізді ауру сезімі, жиі түнде мазалайды, соңғы кездері тамақтан кейін мазалйтын болды. Өздігінен омез, алмагельқабылдаған – аз уақытты жақсару болған. Клиникаға айқын әлсіздікке, таа жағдайына байланысты жатқызылды. Ауруханаға түскенге дейін бір күн бұрын екі рет қара нәжіс болған.

Диагнозды нақты қоюға қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

*құрсақ қуысының УДЗ-cы

*ФЭГДС

*кеуде қуысы ағзаларның рентгенографиясы

*құрсақ қуысы ағзаларының КТ-cы

*ирригография

#54

*! 14 жастағы ер бала. 3 жылдан бері ауырады: эпигастрии мен сол мықын аймағындағы өткір сұққан тәрізді ауру сезімі, жиі түнде мазалайды, соңғы кездері тамақтан кейін мазалйтын болды. Өздігінен омез, алмагельқабылдаған – аз уақытты жақсару болған. Клиникаға айқын әлсіздікке, таа жағдайына байланысты жатқызылды. Ауруханаға түскенге дейін бір күн бұрын екі рет қара нәжіс болған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*эрозивті эзофагит

*өңеш дивертикулі

*асқазан ойық жарасы

*жаралы колит

*Крон ауруы

#55

*!Оң қабырға астында қатты ұстамалы ауру сезiмi, арасында оң иыққа, оң жақ жауырынға

берiледi.

Аталған ауру синдромы төменде аталғандардың қайсысында ЕҢ ықтимал??

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығың гипокинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*созылмалы холецистит

#56

*!Оң қабырға доғасы астында интенсивтi емес, үнемi, сыздап ауыру, кей кезде ауырлық, бұл аймақта керiп ауыру сезiмдерi.

Аталған ауру синдромы төменде аталғандардың қайсысында ЕҢ ықтимал?

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*созылмалы холецистит

#57

!Оң жақ қабырға асты сыздап ауырады, қатты эмоциялардан кейін, тамақтағы ағаттықтардан кейін ауырсыну күшейеді. Диспепсиялық белгілер бар. Смазмолитиктерді қабылдау жағдайын жақсартпайды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*өт жолдарының дискинезиясы гипертониялық түрі

*өт жолдарының дискинезиясы гипотониялық түрі

*созылмалы панкреатит

*созылмалы холецистит

*созылмалы дуоденит

#58

*!Ұл бала 10 жасар, оң қабырға астындағы қысқа уақытты, ұстама тәрізді, физикалық жүктеме және майлы тамақ қабылдаумен байланысты ауыруға шағымданады. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, оң қабырға астында шамалы ауыру сезімі анықталады. Кер, Мерфи, Ортнер симптомдары оң. Фракциялық дуоденалды зондылауда өт мөлшері аз, тез ағады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы гепатит

*гипокинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы

*созылмалы холецистит

*гиперкинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы

*функциональды диспепсия

#59

*!Балада оң қабырға астында қатты ұстамалы ауру сезiмi, арасында оң иыққа, оң жақ жауырынға берiледi.

Аталған ауру синдромы төменде аталғандардың қайсысында ЕҢ ықтимал?

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығың гипокинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*созылмалы холецистит

#60

*!Бала 11 жаста. 3 жыл бойы ауырады. Оң жақ қабырға астында сыздап, қысып ауыратынына шағымданды, суық, майлы, қуырылған тамақты жегенде күшейеді. Сонымен қатар әлсіздік, шаршағыштық, жүрек айну және қыжыл маазалайды. Анда-санда құсады. Нәжісі қатаймаған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы гастрит

*созылмалы панкреатит

*созылмалы холецистит

*созылмалы дуоденит

*реактивті гепатит

#61

*!Қыз бала, 13 жаста, оң қабырға астындағы сыздаған, тұйық, майлы, суық тамақтаан соң күшейетін ауыру сезіміне шағымданып түсті. Оқтын оқтын ұстама тәрізденеді, ұзақтығы 30 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Қарап тексергенде оң қабырға астындағы бұлшық еттің резистенттілігі, Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Бауыры қабырға қырында, пальпацияға сезімді. УДЗ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған, өт іркілісі бар.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы гастродуодениттің өршуі

*гипокинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы

*созылмалы холециститтің өршуі

*гиперкинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы

*созылмалы панкреатиттің өршуі

#62

*!12 жасар қыз балада, дене шынықтыру сабағынан соң жедел, интенсивті, шаншыған, оң иыққа, жауырынға берілетін оң қабырға астындағы ауыру пайда болды. Қыз бала қозғалуға қорқады. Жүрек айну мен құсу байқалады. Тексергенде жалпы қан сынағында солға жылжумен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталды. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ өт қабында мөлшері 1 см диаметрінде конкремент анықталды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*өт тас ауруы

*жедел гастрит

*жедел дуоденит

#63

*!14 жасар ұл балада, аяқ астынан сабақтан соң жедел, интенсивті, шаншыған, оң иыққа, жауырынға берілетін оң қабырға астындағы ауыру пайда болды. Ұстамалар қалтыраумен сипатталады. Жүрек айну мен құсу байқалады. Тексергенде жалпы қан сынағында солға жылжумен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталды. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ өт қабында 1,0 х 0,8 см эхотығыз конкременттер анықталады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*өт тас ауруы

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*жедел дуоденит

*жедел гастрит

#64

*!13 жастағы ұл бала кезекті склерасының сарғаюы анықталған. Інісінде екі рет осындай сарғаю болған. Физикалды зерттеу кезiнде патология анықталмаған. Бауыр сынамаларында анықталды: жалпы билирубин 38,8 мкмоль/л, тiкелей - 3,5 мкмоль/л.

АСТ, сілтілі фосфатаза – қалыпты. Бауырды скандауда– қалыпты.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*вирусты гепатит

*туа біткен гемолитикалық анемия

*Дабин-Джонсонсиндромы

*Жильберауруы

*өт тас ауруы

#65

*!14 жастағы бала жедел ауырды, ауыр жаттығудан кейін, бір күн өткен соң басының айналуын, әлсіздік, терісінің, склерасының сарғаюы байқалды. 12 жасынан дене шынықтыру сабағынан кейін склерасының 1-3 күнге созылатын сарғаюы болатын. Анасында да склерасының сарғаюы байқалатын.(билирубин 38-42 ммоль/л –тікелей емес, АЛТ,АСТ қалыпты). Қарап тексергенде бауыры эласттикалы 1,5-2см қабырға доғасынан төмен. Көк бауыр пальпацияланбайды. Билирубин-102ммоль/л,барлығы тікелей емес. АЛТ- 0,62, АСТ- 0,40, тимол сынамасы – 4 бірл.

Сіздің диагнозыңыз?

*жедел вирусты гепатит

*тұқым қуалайтын Криглер Неджар гипербилирубинемиясы

*созылмалы гепатит

*Жильбер синдромы

*созылмалы холецистит

#66

*!12 жастағы ұл бала лабараторлы тексеру кезінде қан сарысуында анықталды: жалпы билирубин - 180,2 мкмоль/л, коньюгирленбегеннің концентрациясы 162,6 мкмоль/л.

Осы нәтижелер ЕҢ қандай ауруға тән?

*Жильбер синдромы

*созылмалы персистирлеуші гепатит

*гемолитикалық сарғаю

*жедел вирусты гепатит

*обтурациялық сарғаю

#67

*!13 жастағы ұл бала көз склерасының қайталап сарғаюы анықталған. Інісінде екі рет осындай сарғаю болған. Биохимиясында жалпы билирубин-38,8мкмоль/л, тікелей-3,5мкмоль/л, АЛТ- 0,45бірл., АСТ-0,21 бірл./л, сілтілі фосфатаза қалыпты деңгейде.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Ротор синдромы

*Жильбер синдромы

*созылмалы гепатит

*Дабин Джонсон синдромы

*туа пайда болған гемолитикалық анемия

#68

*!11 жастағы қыз бала қарап тексеру кезінде діріл,бұлшық еттерінің ригидтілігі мен координациясының бұзылысы, сөйлеудің және жұтынудың бұзылысы, гепатомегалия, спленомегалия, сарғыштық анықталады. Саңылаулы лампаның көмегімен тексеру кезінде көз қарашығының сыртын айнала жасылдау сақина анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*аутоиммунды гепатит

*Вильсон Кановалов ауруы

*туа пайда болған гемихроматоз

*альфа -1 трипсин жетіспеушілігі

*созылмалы вирусты гепатит

#69

*! Бала 12 жаста, шағымы оң жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі. Ауру тәулігіне 10-12 рет қайталанатын, жиі қан аралас нәжістің болуымен сипатталады. Баланың салмағы күрт төмендеген, жағдайы ауыр.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*асқазан ойық жарасы

*бейспецифиялық жаралы колит

*Крон ауруы

*гастроэнтероколит

*жедел панкреатит

#70

*!Балада, нақты локализациясыз, сүт, дөрекі көкөністер жегеннен кейін пайда болатын сыздап ауырулар. Ішектің әр бөліктеріндегі спазм, ауыру, шұрылдаулар. Үлкен дәреті шырышпен, полифекалия.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*гипертониялық типті ӨШЖД

*гипотониялық типті ӨШЖД

*созылмалы панкреатит

*созылмалы энтероколит

* созылмалы холецистит

#71

*!Ұл бала, 14 жаста. Майлы тағам жегеннен кейін сол қабырға астында, арқаға берілетін тұрақты ауыру пайда болды. Пальпацияда Де-Жарден, Мейо-Робсон нүктесінде ауру сезімі анықталады, қан араласпаған іш өту, әлсіздік. Шамалы формуласы солға жылжымаған нейтрофильді лейкоцитоз, ұзаққа созылмайтын амилазурия.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* созылмалы панкреатиттің өршуі

*жедел некроздаушы панкреатит

*жедел инфильтративті панкреатит

*жедел холецистит

*ойық жара ауруы, өршу кезеңі

#72

*!Ұл бала 8 жаста.Сол жақ жауырынға және белге берілетін (белді орап ауыратын) ауыруға, жүрек айнуға, құсуға, шөлдеуге, ішінің кебуіне шағымданады.Жағдайының ауырлауы диета бұзуымен байланысты. Ауырғанына 2 жыл. Анамнезінде – 6-жасында эпид. паротит. Температура 38,8 С. Пальпаторлы – эпигастрииінде және сол қабырға астында ауыру. Қан анализінде- Нв-120 г/л, Эр.-3,95х1012/л, Л-11,0х109/л, СОЭ-15 мм/сағ. Зәр диастазасы - 132 бірлік. Қандағы қант - 6,8 ммоль/л.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы холецистит

*созылмалы гастродуоденит

*созылмалы панкреатит

*гипертониялық типті ӨШЖД

*гипотониялық типті ӨШЖД

#73

*!12 жасар қыз бала. Бірнеше сағат бұрын ауырды, эпигастрия аймағында, омыртқаға берілетін, белді орап ауыратын сезім пайда болды. Екі рет жеңілдік әкелмейтін құсу болды. Объективті: тері қабаттары бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған. Дене қызуы 37,8 С., іші кепкен, эпигастрий аймағы кернелген. Ортнер симптомы күдік туғызады. Мейо-Робсон нүктесінде ауыру. Тазалаушы клизмадан кейін дәрет болды, нәжісі тығыз, майлы. ЖҚА: Лейкоцитоз-12,8х109/л.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел гастрит

*жедел холецистохолангит

*жедел панкреатит

*жедел дуоденит

*жедел холецистит

#74

*!12 жасар қыз бала. Ішінің ауыруына, жүрек айнуға, құсуға, шөлдеуге, ішінің кебуіне шағымданады.Жағдайының ауырлауы диета бұзуымен байланысты. Ауырғанына 2 жыл. Температура 38,8 С. Пальпаторлы - эпигастрии және сол қабырға астында ауырумен. Қан анализінде - Нв-120 г/л, Эр.-3,95х1012/л, Л-11,0х109/л, СОЭ-15 мм/сағ. Зәр диастазасы- 132 бірл.Қандағы қант - 6,8 ммоль/л.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*гипертониялық типті ӨШЖД

*гипотониялық типті ӨШЖД

*созылмалы холецистит

*созылмалы панкреатит

*созылмалы гастродуоденит

#75

*!14 жастағы қыз бала. Майлы тағам жегеннен кейін 4 сағаттан соң ұстамалы сол қабырға астында ауыру, жүрек айну, құсу пайда болды. Қарап тексергенде: Мейо-Робсон нүктесінде айқын ауыру. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел аппендицит

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*жедел гастрит

*жедел холангит

#76

*!Бала 14 жаста, көп майлы тамақ жегеннен кейін, белді орағандай ауыру. Пальпацияда: Мейо-Робсон нүктесінде ауыру. Сұйық нәжіс, қан араласпаған, әлсіздік. Қанда шамалы нейтрофильді лейкоцитоз,формуласы солға жылжымаған, амилазурия.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы панкреатиттің өршуі

*биллиарлы тракттың функциональды бұзылысы

*острый холецистит

*ойық жара ауруы өршуі

*созылмалы гепатит

#77

*!Бала 13 жаста. Ішінің белді орағандай ауыруы, қайталап құсу, ішінің кебуі. Де–Жарден және Мейо-Робсон нүктелерінде ауыру.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел гастрит

*жедел холецистит

*жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*жедел гепатит

#78

*!15 жастағы қыз бала. көп майлы тамақ жегеннен кейін, белді орағандай ауыру. Сұйық нәжіс, қан араласпаған, әлсіздік. Пальпацияда: Шоффар-Робсон нүктесінде ауыру. Зертханалық көрсеткіштер: шамалы нейтрофильді лейкоцитоз, ұзаққа созылмайтын амилазурия.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы панкреатиттің өршуі

*биллиарлы тракттың функциональды бұзылысы

*острый холецистит

*ойық жара ауруы өршуі

*созылмалы гепатит

#79

*!12 жасар қыз бала. Бірнеше сағат бұрын ауырды, эпигастрия аймағында, омыртқаға берілетін, белді орап ауыратын сезім пайда болды. Екі рет жеңілдік әкелмейтін құсу болды. Объективті: тері қабаттары бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған. Дене қызуы 37,8 С., іші кепкен,. Мейо-Робсон нүктесінде ауыру. ЖҚА: Лейкоцитоз-12,8х109/л.

Бұл симптоматика қай жедел ауруға тән?

*гастритке

*дуоденитке

*панкреатитке

*холециститке

*гастроэнтеритке

#80

*!Ұл бала, 12 жаста. Арқаға берілетін ішінің ауыруына пайда болды.

жеңілдік әкелмейтін қайталап құсуға, жалпы жағдайының бұзылуына шағымданады.

Биохимиялық қан анализінде амилаза 120 бірл./л, копрограммада эластаза 87 мкг/мл. Ұйқы безін ультрадыбыстықзерттеуде мөлшері үлкейген және тығыздалған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел гастрит

*жедел дуоденит

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*асқазанның ойық жара ауруы

#81

*!12 жастағы қыз бала, торт жегеннен кейін 4 сағаттан соң ұстамалы сол қабырға астында ауыру, жүрек айну, жеңілдік әкелмейтін қайталап құсупайда болды. Қарап тексергенде: Мейо-Робсон нүктесінде айқын ауыру.

Биохимиялық қан анализінде ЕҢ ақпаратты көрсеткіш?

*креатинин

*трансаминазы

*сілтілі фосфатаза

*амилаза

*билирубин

#82

*!10 жасар қыз бала. Салмақты аз қосатынына, бой өсуiнiң кешеуiлдеуiне, iшiнiң кебуiне, үлкен дәреттiң көп болуына (полифекалия) шағымданады. Анда-санда құсады. Анамнезiнде 6 айынан бастап ауырады, бiр жарым жасынан бастап iшiнiң кебуi, жиi нәжiс, құсу болған. Нәжiс анализiнде - стеаторея. Фиброгастродуоденоскопияда субатрофиялы дуоденит анықталды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*целиакия

*панкреатит

*муковисцидоз ішектік форма

*экссудативты энтеропатия

*тiтiркенген iшек синдромы

#83

*!8 айлық баланың дене салмағы 7300 гр, бойы 68 см. Бала 3200 гр.дене салмағымен, бойы 50 см болып туылған. 4 айға дейiн емшекемiп, одан кейiн адаптацияланған қоспаға көшiрiлген. 5,5 айында қосымша тамақ- ботқа (манна, сұлы), 6,5 айлығынан көкөнiс пюресiн бередi.

5 айға дейiн баланың дамуы жасына сәйкес болды, кейiн салмақ қосуықалыс қалып отырған, айына 80- 100 грамнан ғана, ал 7 айлығынан кейiн дене салмағын жоғалтуыбайқалады. Yлкен дәретi күнiне 2-3 рет, көп мөлшерде, кейде 5-ке дейiн.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*муковицидоз

*целиакия

*галактоземия

*лактазалық жетiспеушiлiк

*сахаразалық жетiспеушiлiгi

#84

*!4 айлық бала. 2-ші айдан бастап динамикада өршіген іш өту, ісіну синдромдары байқалады, дамитын. Физикалық дамуында қалыс қалады. 3 рет тырысу болғандықтан стационарға түсті. Копрограммада: стеаторея, плазмалық нәруыздар. ЖҚА қалыпты. Қан биохимиясында: гипокальциемия, гипопротеинемия.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*біріншілік экссудативті энтеропатия

*целиакия

*муковисцидоз, ішектік форма

*галактоземия

*фруктоземия

#85

*!5 айлық нәресте, емшек емеді, физикалық дамуда қалыс қалады. 2 айынан бастап, жемiс шырындарын енгiзгеннен кейiн тұрақты iш өтуi, құсу, метеоризм пайда болды. Балада рахит белгілері, анемия 1дәр., БЭЖ 1дәр. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*фруктоземия

*целиакия

*экссудативті энтеропатия

*галактоземия

*муковисцидоз

#86

*!8 айлық қыз бала, 6 айынан бастап, жемiс шырындарын енгiзгеннен кейiн тұрақты iш өтуi, құсу, метеоризм пайда болды. Объективті зерттеуде: дене массасыныңIдәрежелі жетіспеушілігі анықталды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*экссудативті энтеропатия

*целиакия

*лактазалық жетiспеушiлiк

*муковисцидоз

*сахараза жетiспеушiлiгі

#87

*!7 айлық қыз бала, сиыр сүті негізіндегі қоспамен жасанды тамақтандыруға ауыстырғаннан бері, тұрақты iш өтуi, құсу, метеоризм, абдоминальды коликалар пайда болды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*сиыр сүтін көтере алмаушылық

*целиакия

*сахаразаизомальтаза жетiспеушiлiгі

*муковисцидоз

*тригалаза жетiспеушiлiгі

#88

*!Бір жасар бала, 9 айынан бастап ауырады. 7 айға дейін емшек емді, қодан кейін қосымша тамақ енгізілді: манна ботқасы, айран, кептірілген нан, печенье. Аурудың негізгі көріністері: iш өтуi, дәреті көп мөлшерде, сасық иісті, іші үлкейген, құсу, метеоризм.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*рецидивтелуші диарея

*целиакия

*лактаза жетiспеушiлiгі

* сахараза жетiспеушiлiгі

*галактоземия

#89

*!Ұл бала, 5 күндiк. Емшек емгеннен берi сұйық, сулы, қышқыл, көбiктi нәжiс, метеоризм, iшiнiң шаншып ауруы пайда болды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*глютендi энтеропатия

*экксудативтi энтеропатия

*муковисцидоз

*лактазалық жетiспеушiлiк

*жедел iшек инфекциясы

#90

*! 4 айлық бала. Емшек емеді, 2 айлығынан динамикада көбейген диарея, iсiнулер анықталған. Физикалық дамуы артта қалған. Қанның биохимиялық анализында: гипокальциемия, гипопротеинемия. ЖЗА: протеинурия. Копрограммада: стеаторея, плазмалық белоктар.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*муковисцидоз, ішектік түрі

*целиакия

*біріншілік экссудативті энтеропатия

*туа біткен нефротикалық синдром

*лактаза жетіспеушілігі

#91

*!1жас 5айлық қыз балада, 7 айлық жасынан бастап ауырады. Емшек сүтімен 4 айға дейін болған, сосын қосымша тамақтандыру көшкенген: қосымша тамақтар, 1 айдан кейін ботқа, айран. Ауру симптомдары: қосымша тамақтандыруды енгізгеннен соң 2-3 айдан кейін құсу, тез жүдеу, тұрақсыз нәжіс, көп, сасық, іш мөлшерінің үлкеюі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін қолдану керек?

* жуан ішек биопсиясымен колоноскопия

* жуан ішек биопсиясымен ректороманоскопия

*жіңішке ішек биопсиясымен ФЭГДС

*құрсақ қуысының УДЗ-ы

*ирригография

#92

*!Туғанына 3 күн болған нәресте, ішектің төменгі бітелуімен ота жасалған. Отада: илеоцекальды аймақта көп мөлшерде тығыздалған, жабысқақ, мекония.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*экссудативті энтеропатия

*өт жолдарының атрезиясы

*лактаза жетіспеушілігі

*целиакия

*муковисцидоз

#93

*!5 жасар бала. Шағымдары: дәреті көп мөлшерде, сасық иісті. Дене массасы төмендеген. Анасы үлкен дәретінің жылтыр, жуылуы қиын екенін айтады. Бұл балаға 3 күн болғанда ішектің төменгі бітелуімен ота жасалған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*холецистит

*өт жолдарының атрезиясы

*панкреатит

*целиакия

*муковисцидоз

#94

*!3 жасар ұл бала. Стационарға түсті. Шағымдары: дәреті көп мөлшерде, сасық иісті. Дене массасы төмендеген. Анасы үлкен дәретінің жылтыр, жуылуы қиын екенін айтады. Бұл балаға 3 күн болғанда ішектің төменгі бітелуімен ота жасалған.

Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты?

*құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

*колонофиброскопия

*тердің хлориды

*дуоденальды зондтау

*ирригография

#95

*!6 жасар пациент. Стационарға түсті. Шағымдары: дәреті көп мөлшерде, сасық иісті. Дене массасы төмендеген. Анасы үлкен дәретінің жылтыр, жуылуы қиын екенін айтады. Бұл балаға 3 күн болғанда ішектің төменгі бітелуімен ота жасалған. Үш реттік терілік сынама жүргізілген соның екеуі оң.

Копрограммада: осы ауруда қай көрсеткіштердің жоғарылауы ЕҢ тән?

*май қышқылдары

*бейтарап май

*крахмал

*қорытылмаған ет талшықтары

*қорытылған ет талшықтары

#96

*! Қыз бала 10 жаста.  Бойы 130 см., салмағы 28 кг. Ішiнiң кебуiне,  көп мөлшердегi жиi нәжiске, эпизодты құсуларға шағымданады.

Анамнезiнде: бұл шағымдар 1жыл ішінде басталған. Өршулері мектепте оқу кезінде жиі болған. Нәжіс сынамасында: бейтар.май, крахмал, йодофил.бак. Фиброгастродуоденоскопия - субатрофиялық дуоденит. 

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*муковисцидоз

*панкреатит

*целиакия

*тiтiркенген iшек синдромы

*тағамдық аллергия

#97

*!7 айлық балада жүргізілген антибиотикемі курсынан соң дәреті 6 ретке дейін жиіледі, сулы сипатта, шырышпен, жасыл түсті. Жағдайы бұзылған жоқ. Кейде іш түйнеулері мазалайды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*ішек дисбактериозы

*ішек тітіркену синдромы

*жедел ішек инфекциясы

*целиакия

*муковисцидоз

#98

*!8 жасар балада жүргізілген антибиотикемі курсынан соң 4 ретке дейін жиіледі,сулы сипатта, шырышпен, жасыл түсті. Жағдайы бұзылған жоқ. Кейде іш түйінеулері мазалайды.

Осы жағдайда диагнозды нақтылау үшін қандай бактериологиялық зерттеу әдісі ЕҢ қажет?

*тоқ ішектің шырышты қабатының биоптаптатын зерттеуі

*фекалий микрофлорасының құрамын зерттеу

*тік ішектің шырышты қабатының қырындысын зерттеу

*тік ішектің шырышты қабатының шайындысын зерттеу

*ащы ішектің шырышты қабатының биоптатын зерттеу

#99

*!Қыз балада оң қабырға доғасы астында интенсивтi емес, үнемi, сыздап ауыру, кей кезде ауырлық, бұл аймақта керiп ауыру сезiмдерi. Аталған ауру синдромы төменде аталғандардың қайсысында ЕҢ ықтимал?

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*өт қапшығының гиперкинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипотониясы

*өт қапшығының гипокинезиясы және сфинктерлер гипертониясы

*созылмалы холецистит

#100

*!11 жастағы қыз бала. 7 күн бойы ішінің қатуына шағымданады. Анамнезінде: іш қатулармен дефекация 5жасынан бастап мазалайды, басында іш қатулар бір күн болған, кейін ұлғая бастады. Тамақтануында ұн тағамдары мен қамырдан жасалған тамақтар. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.

Адекватті терапия жүргізу үшін қандай зерттеу әдісін қолдану керек?

*ФЭГДС

*Құрсақ қуысының УДЗ-ы

*Ирригография

*Колоноскопия

*Құрсақ қуысының КТ-ы
  1   2   3   4

перейти в каталог файлов

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей