Главная страница
qrcode

Неонатология бойынша емтихан тесттері 2015-16 жж


НазваниеНеонатология бойынша емтихан тесттері 2015-16 жж
АнкорTesty neonatologia Kaz 725 s numeratsiey.docx
Дата17.10.2017
Размер0.69 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаTesty_neonatologia_Kaz_725_s_numeratsiey.docx
ТипДокументы
#29276
страница1 из 11
Каталог
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Неонатология бойынша емтихан тесттері 2015-16 жж.

1.!БДҰ бойынша тірі туушылдықтың критерийлері: ең сәйкес келетін нұсқаны көрсетіңіз:

*Тыныс алу

*Тыныс алу, жүректің соғуы

*Тыныс алу, жүректің соғуы, бұлшықеттік тонус

*+Тыныс алу, жүректің соғуы, бұлшықеттік тонус, кіндіктің пульсациясы

*Тыныс алу, жүректің соғуы, бұлшықеттік тонус, кіндіктің пульсациясы, терінің түсі

2.!Дені сау жаңа туылған нәрестені алғашқы рет анасының кеудесіне салуға алып келу жүргізіледі:

*+Туылғаннан кейін бірден

*Туылғаннан кейін отыз минуттан кейін

*Бір сағаттан кейін

*Екі сағаттан кейін

*Тәулік ішінде

3.!Перинатальды кезең болып саналады:

*Туылған сәттен бастап өмірінің жетінші күніне дейін

*Ұрықтану сәтінен бастап туылғанға дейін

*+Құрсақ ішілік дамудың жиырма екі аптасынан бастап өмірінің жетінші күніне дейін

*Құрсақ ішілік дамудың жиырма екі аптасынан бастап өмірінің бірінші айына дейін

*Құрсақ ішілік дамудың жиырма сегіз аптасынан өмірінің жетінші күніне дейін

4.!ІІ дәрежелі дегидратация кезінде нәрестенің тәуліктік салмақ жоғалтуы қаншаны құрайды:

*1-2%

*3-%

*5-8%

*+10-12%

*15%

5.!Жаңа туған нәрестедегі милия пайда болуының себебі:

*+Май бездерінің бітелуі

*Тер бездері шығу өзектерінің бітелуі

*Суықтау

*Күтімнің бұзылысы

*Физиологиялық эритема

6.!Нәресте өмірінің бірінші күнінде зәріндегі белоктың пайда болуының себебіне не жатады:

*Базальды мембрана өткізгіштігінің төмендеуі

*+Базальды мембрана өткізгіштігінің жоғарылауы

*Проксимальды каналшалар реабсорбциясының жоғарылауы

*Сусыздану

*Кіндік қанындағы АДГ концентрациясының жоғары болуы

7.!Ерте неонатальды кезеңдегі өлімшілдік көрсеткішіне кіретін жас:

*7 - 28 күнге дейін

*+0 - 7 күнге дейін

*28 күннен 1 жасқа дейін

*0 - 1 жасқа дейін

*0 - 28 күнге дейін

8.!Ана сүті уызының негізгі сипаттамасына жатады:

*+Лейкоциттер мен инфекцияға қарсы белоктардың көп болуы

*Ферменттерге бай болуы

*Өсу факторының болуы

*Дәрумендерге бай болуы

*Гормондарға бай болуы

9.!Жаңа туған нәрестелердің температуралық тұрақтылығы байланысты:

*Дене салмағына

*Бойына

*+Гестациялық жасына

*Асфиксия дәрежесіне

*РДС дәрежесіне

10.!Қыз бала мерзіміне жетіп туылған, туғандағы салмағы-3250 гр.Бірден айқайлады.Апгаршкаласы бойынша бағасы 8-10 балл. Анасының кеудесіне бірінші тәулікте салынды. Емшекті жақсы емді. Өмірінің 5 тәулігінде: терісі таза, қызғылт. Шырышты қабаты таза. Нәресте кеуде бездерінің симметриялы ұлғайғандығы анықталды. Бездер тұсындағы терінің түсі өзгермеген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қарап тексеру кезіндегі нәжісі ақ түйіршіктермен сары-жасыл түсті. Іші шамалы кебіңкі, пальпацияау кезінде шұрылдау сезіледі.

Осы баладағы ең мүмкін болатын өтпелі жағдай:

*Мастит, ішектің транзиторлыққабынуы

*+Ішектің транзиторлық қабынуы, жыныстық криз

*Гормональды криз, физиологиялық эритема

*Дисбактериоз, мастопатия

*Дисбактериоз, жұмыртқа шемені

11.!Перзентханаға 30 жасар айел адам жеткізілді, диагнозы: мерзімінен бұрын босану - 36 аптада.Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Сусыз кезеңі 20 сағат. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді.Қайтыс болғандығы мәлімделді. Ең мүмкін болатын жауап нұсқасын көрсетіңіз, осы қайтыс болу есептеледі:

*+Антенатальды

*Интранатальды

*Ертенеонатальды

*Кешнеонатальды

*Неонатальды

12.!1 жыл ішінде перзентханада тірі болып 1000 нәресте туылды, өмірінің 0 -28 күндік арасындағы – 10 нәресте,өмірінің 0 - 7 күндік – 6 бала қайтыс болды. Ерте неонатальды өлімшілдік көрсеткіші неге тең:

*20‰

*30‰

*40‰

*50‰

*+6‰

13.!+Нәресте алақанына салған дәрігер саусағын жақсы қысып ұстайды, бұндай рефлекс қалай аталады:

*Перес рефлексі

*Бабкинрефлексі

*Галантрефлексі

*Қорғаныс рефлексі

*+Робинсон рефлексі

14.!Нәрестелердегі транзиторлық гипотермия дамиды:

*Тек шала туылған нәрестелерде

*+Туылғаннан кейін қоршаған орта температурасын 12-15 0С дейін төмендету фонында

*ОНЖ патологиясының фонында

*Егер нәресте туылған бойда анасының кеудесіне бірден салынбаса

*Туа біткен ақаулары бар нәрестелерде

15.!«Енді ғана туылған бала» синдромы ықпал етеді:

*Нәрестенің тыныс жолдарындағы сұйықтың сіңірілуіне

*Сурфактант синтезін ынталандыруына

*+Тіршілікке маңызды ағзалардағы қан айналысын жоғарылатуына

*Қордан энергия көзін тасымалдануына

*Сол-оң шунттарының жұмыс істеуіне

16.!Нәрестелердегі транзиторлық гипотермия дамиды:

*Тек қана шала туылған нәрестелерде

*+Туылғаннан кейін қоршаған орта температурасын 12-15 0С төмендеткенде

*ОНЖ патологиясы фонында

*Егер нәресте туылған бойда анасының кеудесіне бірден салынбаса

*Туа біткен ақаулары бар нәрестелерде

17.!Ер бала, дене салмағы 3250 гр. Болып туылды. Бірден айқайлады. Апгар шкаласы бойынша бағасы 8-10 балл. Анасының кеудесіне бірінші тәулікте салынды. Емшекті жақсы емді. Өмірінің 5 тәулігінде: терісі таза, қызғылт. Шырышты қабаты таза. Нәресте кеуде бездерінің симметриялы ұлғайғандығы анықталды. Бездер тұсындағы терінің түсі өзгермеген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қарап тексеру кезіндегі нәжісі ақ түйіршіктермен сары-жасыл түсті. Іші шамалы кебіңкі, пальпацияау кезінде шұрылдау сезіледі. Ұмасы ісіңкі, көлемі ұлғайған. Осы баладағы өтпелі жағдай аталады:

*Мастит, ішектің транзиторлыққабынуы

*+Ішектің транзиторлық қабынуы, жыныстық криз

*Гормональды криз, физиологиялық эритема

*Дисбактериоз, мастопатия

*Дисбактериоз, жұмыртқа шемені

18.!Сәби 1 жүктіліктен, Iмерзімінен бұрын туыттан, жүктіліктің 30 аптасында босанды. Нәрестенің туылған кездегі салмағы-1850гр., бойы-42 смАпгар шкаласы бойынша бағасы1-2 балл. Өткізілгенреанимациялық шаралардан ешқандай көмек болмады, нәресте туылғаннан кейін 10 минуттан соң қайтыс болғандығы мәлімденді. Ең мүмкін болатын жауаптың нұсқасы: осы кездегі өлімшілдік жатады:

*Антенатальды

*Интранатальды

*Неонатальды

*+Перинатальды

* Кеш неонатальды

19.!Перинатальды өлімшілдіктің көрсеткіші болып есептеледі:

*10 нәресте

*100 нәресте

*+1000 нәресте

*10.000 нәресте

*100.000 нәресте

20.!Жаңа туылған нәрестеде: тыныс алу белгісі жоқ, көгерген, тітіркенгіштерге реакциясы жоқ, пульсі шамамен минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраңқы: бірінші кезектегі Апгар бойынша бағасы болады:

*0 балл

*+1 балл

*2 балл

*3 балл

*4 балл

21.!5 күндік жаңа туылған нәресте, туылған кезіндегі салмағы- 3100гр., терісіндеақ-сарғышұсақтүйіндер, кеудесінде және ішінде ірі табақшалы қабыршақтанулар бар. Сүт бездері екі жағы да ұлғайған, сыққан кезінде ақ-сүтті сұйықтық бөлінеді, нәжісі қорытылмаған түйіршектермен, шырышты. Қандай ауруға тән белгілер мұнда көрсетілмеген:

*Дене салмағының физиологиялық жоғалтуы

*Физиологиялық қабыршақтанулар

*Жыныстық криз

*+изиологиялық сарғыштық

*Ішектің транзиторлық қабынуы

22.!Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде өлімшілдік көрсеткішінің өскендігі байқалады.Ерте неонатальды кезеңдегі шала туылған нәрестелердің ең жиі қайтыс болуының себебіне жатады:

*Туыт жарақаты

*+Респираторлықдистресс синдромы

*Құрсақ ішілікинфекциялар

*Туа біткен даму ақаулары

*Пневмония

23.!Бөлімше жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша жылдық есепті құрастыру кезінде анықталды: ерте неонатальды кезеңдегі шала туылған нәрестелер өлімінің ең жиі себебі болып табылады:

*Туыт жарақаты

*+Тыныс бұзылысының синдромы

*Нәрестелердің гемолитикалық ауруы

*Құрсақ ішілікинфекциялар

*Туа біткен даму ақаулары

24.!Бала III жүктіліктен, жүктілік ағымы өтті: созылмалыфетоплацентарлық жетіспеушілік, анемияныңIIдәрежесі, жүктіліктің І триместріндежедел респираторлық ауруларфонында өткен, жүктіліктің 28 аптасындағыIIтуыттан туылды. Ер бала туылды, туғандағы салмағы 800 грамм. Көп мөлшерде лануго, тері асты-май қабаты жұқарған барлық аймағында, құлақ қалқандары жұмсақ, бас сүйегініңтігістері мен кіші еңбегі ашық, жұмыртқалары ұмаға түспеген, кіндік сақинасы төмен орналасқан. Аталғандардың ішінде қайсысы алдын ала қойылған диагнозы болып табылады:

*Тірі туылған, тіршілікке қабілетсіз ұрық

*Тірі туылған, шала туылу II дәрежесі

*Шала туылу III дәрежесі, тіршілікке қабілетсіз ұрық

*Шала туылу IVдәрежесі, тіршілікке қабілетсіз бала

*+Шала туылу IV дәрежесі, тіршілікке қабілетті бала

25.!Бала гестацияның 40 апталық мерзімінде туылды, туғандағы салмағы-3750 г. бірден айқайлады. Анасының кеудесіне бірінші тәулікте салынды, емшекті жақсы емді. Өмірінің үшінші тәулігінде дене салмағы -3600 г. болды. Кеуде, іш, аяқ-қолдарының терісінде қызғылт түсті дақты-папуллезді бөртпелер анықталды. Қарап тексеру барысында бала жаялығынан кірпішті-қызыл түсті дақ байқалды. Ең мүмкін болатын жауаптың нұсқасын таңдаңыз:

*+Дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, токсикалық эритема, зәр-қышқылды инфаркт

*Физиологиялықэритема, дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, олигурия

*Дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, зәр-қышқылдыинфаркт, мелена

*Меконий, физиологиялық эритема, дене салмағын транзиторлы жоғалтуы

*Дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, олигурия, базданудан кейінгі бөртулер

26.!Құрсақ ішілік гипотрофиясы бар шала туылған баланың тамағын есептеу қандай салмағына жүргізіледі, егер тамаққа толеранттылығы белгісіз болса:

*+Нақты салмағына

*Тиісті салмағына

*Туған кезіндегі салмағына

*Орта салмағына

*Тиісті салмағының жартысына

27.!15 күндік нәресте, жасанды тамақтандырылады. Баланың туған кезіндегі салмағы- 3000грамм. Салмағына байланысты тамағының тәуліктік көлемі қанша болады:

*+1/5

*1/3

*1/4

*1/2

*1/6

28.!Нәресте гестацияның 39 апталық мерзімінде 3400 гр. салмақпен туылды, бойының ұзындығы-50 см. бірден айқайлады. Анасының кеудесіне туылғаннан кейін бірден салынды, емшекті белсене емеді.Автоматизмнің туа біткен рефлекстері белсенді шақырылады. Бұлшықеттер тонусы сақталған.К дәруменінің профилактикалық қолданылуы:

*+бір ретб/етағайындалады

*үш күн б/е тағайындалады

*бір рет к/т тағайындалады

*үш күн к/т тағайындалады

*үш дозасын пероральды тағайындалады

29.!Бір айлық нәрестенің анасы баласының мазасыздануына байланысты келіп қаралды. Анамнезінен: тамақтандырудың арасындағы ұзақтық 3,5 сағат құрайды. Әрбір тамақтандырудан кейін анасы 20-30 мл сүтін сауып тастайды. Бала бір айдын ішінде 300 гр. қосты.Бақылау тамақтандыру кезінде ана сүтінің 100 мл емді. Осы жағдайда төменде аталғандардан қайсысын ұсынуға болады:

*Тамақтандыруды жалғастыру

*Сүтті медикаментозды ынталандыру

*Сауылған сүтпен үстеме тамақтандыру

*+Еркін тамақтандыру тәртібіне ауыстыру

*Аралас тамақтандыруға ауыстыру

30.!1,5 айлық нәресте ана сүтімен қоректендіріледі, бір ай ішінде салмағына 850 грамм қосқан, көңіл-күйі жаман емес, ұйқысы мен тәбеті сақталған, үлкен дәреті туғаннан бері сары ботқа тәрізді, күніне 3-4 рет, нәжісін дизбиозға зерттегенде алтын стафилококк 103 КОЕ/ганықталды. Ал анасының сүтін егу арқылы зерттегенде эпидермальдыстафилококк 245 колониясы 1 мл. сүттен анықталды. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай:

*Ана сүтіне тыйым салу

*Сауылған пастерленген ана сүтімен қоректендіру

*Жасанды тамақтандыруға ауыстыру

*+Ана сүтімен қоректендіруді жалғастыру, анасы мен баласына антибиотиктерді тағайындау

*Ана сүтімен қоректендіруді жалғастыру, анасы мен баласынапробиотиктерді тағайындау

31.!Нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы бөлімшесінде 7 күндік нәресте жатыр. Анамнезінен: бала 2 жүктіліктен, 39-40 апта мерзімде 1 туыттан. Жүктілік ағымы созылмалы пиелонефрит және созылмалы тонзиллит фонында өткен. Бала денсаулық тобының 2 жатады. Қанның клиникалық анализінде келесі көрсеткіштер алынды: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. ЭТЖ- 2 мм/сағ. Көрсеткіштерді қалай бағалауға болады:

*+Қалыпты

*Жеңіл дәрежелі анемия

*Эритроцитоз

*Лейкоцитоз

*Лимфоцитоз

32.!5 күндік жетіліп туылған нәресте,перзентхананың физиологиялық бөлімшесінде жатыр. Емшекті жақсы емеді, құспайды.Туа біткен автоматизм рефлекстері толық көлемде шақырылады. Объективті ағзалар мен жүйелерді қарап тексеруде: патология жоқ. Анамнезінен: антенатальды және интранатальды кезеңдері ерекшеліксіз өткен. Анасының айтуы бойынша нәресте аз мөлшерде кіші дәретке отырады. Бөлімше меңгерушісімен бірге қараудан кейін анықталғаны, баладағы барлық клиникалық өзгерістері бейімделудің белгілері болып табылады екен. ЖҚА, ЖЗА жасына байланысты қалыпты деңгейде.Сіздің диагнозыңыз:

*Анурияның ренальды формасы

*Анурияның экстренальды формасы

*Анурияның субренальды формасы

*+Нәрестелердегі физологиялық ануриясы

*Анурияның аренальды формасы

33.!Нәресте гестацияның 27 апталығында уақытынан бұрын туылды. Туған кезіндегі жағдайы өте ауыр. Нәрестені қарап тексеру кезінде жүрегі соқпай тұр, тынысы, бұлшықеттер жиырылуы жоқ. Неонатологпен тек кіндіктің әлсіз пульсациясы ғана анықталды. Аталған клиникалық белгілермен анықталады:

*Транзиторлық жағдайдың симптомдары

*+Тірі туушылдықтың критерийлері

*РДС-синдромының симптомдары

*Нәрестелер асфиксиясының симптомдары

*Ұрықтың антенатальды гипотермия симптомдары

34.!Емізетін әйелдің дене қызуы 37,5ºС дейін жоғарылады, бір жақ емшегінде тығыздану пайда болған, пальпациялау кезінде ауырсынады, гиперемияланған. Емшегін сауған кезіндегі шыққан сүттің түсі ақ, құрамында қан және ірің жоқ. Аймақтық педиатр баланы тамақтандыру бойынша ұсыныстар берді. Ең дұрыс жауапты көрсетіңіз:

*Ана сүтін емізуге тыйым салу

*Сауылған пастерленген ана сүтімен қоректендіру

*+Ана сүтін емізуді жалғастыру әрі сауылған ана сүтінің қалғанын міндетті түрде беру

*Ана сүтін емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик тағайындау керек

*Тек сау жағын ғана емізу керек

35.!22 жасар ананың денсаулығы соматикалық сау. Туытқа дейін патронаж жүктіліктің 16 және 38 аптада болған. Туыт екінші. Жүктілік пен туыт ауытқусыз өткен. Ұл бала туылған, Апгар бойынша 8-9 балл, туғандағы салмағы- 3450гр., бойы- 52 см. анасының кеудесіне 30 минуттан соң жақызылған, белсенді емді. Қанағаттанарлық жағдайда перзентханадан шығарылды. Соматикалық статусында ауытқулар жоқ. Туа біткен автоматизм рефлекстері шақырылады, тірі, ынтымақтасты. Осы баланың денсаулық тобы қандай:

*+ І

*ІІ

*ІІІ

*ІV

*V

36.!Мерзімі жетіп туылған нәрестенің салмағы - 2800 гр., бойы - 47 см., бала I жүктілігі ауытқусыз өткен жүктіліктен және жедел туыттан, бала өмірінің 4-ші күнінде терісінің шамалы сарғаюы дамыды. Анасының қаны А(II) резус-оң, ал баланың қаны В (Ш), резусы-теріс. Баланың жағдайы бұзылмаған, белсенді емеді, рефлекстері тежелмеген. Қан анализінде: Эр.-4,2х1012/л, жалпы билирубин - 98 ммоль/л, тікелей емес- 78ммоль/л. «Неонатальды сарғыштық» деген диагноз қойылды. Клиникалық жіктелу бойынша осы сарғыштық қандай түріне жатады:

*+Конъюгациялық сарғыштық

*Гемолитикалық сарғыштық

*Механикалық сарғыштық

*Паренхиматозды сарғыштық

*Аралас сарғыштық

37.!10 күндік нәресте жасанды тамақтандырылады, «Нутрилон-1» сүт қоспасы беріледі. Туған кезіндегі салмағы- 3600гр.,бойы 53 см. Төменде берілген формулалардың қайсысымен тамақтың шамалас тәуліктік көлемін есептеуіміз қажет:

*+80хn

*70хn

*60хn

*50хn

*90хn

38.!Егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес перзентханадағы нәрестеге жүргізілетін егулер:

*+туберкулез, В вирусты гепатитке қарсы егу

*туберкулез, полиомиелитке қарсы егу

*В вирусты гепатитке, полиомиелитке қарсы егу

*полиомиелит, қызылша, туберкулезге қарсы егу

*күл, тырыспа, көкжөтел, полиомиелитке қарсы егу

39.!Жаңа туған нәрестеде тыныс алу белгісі жоқ, ол көкпеңбек, тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ, пульсі шамамен 90 соққы минутына, аяқ-қолдары салбыраңқы. Апгар бойынша бағасы болады:

*0 балл

*+1 балл

*2 балл

*3 балл

*4 балл

40.!Қай жазба Апгар шкаласы бойынша 0 баллдық бағаға сәйкес келмейді:

*+жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 100-ден жоғары

*жайылған бозару және цианоз

*мимиканың болмауы

*бұлшықеттік тонус әлсіз (аяқ-қолдары салбыраулы күйде)

*тыныстың болмауы

41.!Жаңа туылған нәрестеде жан сақтау шаралары жүргізілген соң 5 минуттан кейін ретсіз тыныс байқалды, ЖЖЖ 80 рет минутына, бет аузынның тыжыраюы пайда болды. Жайылған бозару сақталып тұр, қалпы арефлексиялық. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

*1 балл

*+3 балл

*5 балл

*7 балл

*9 балл

42.!Жаңа туылған нәрестеде туылғаннан соң 1 минуттан кейін ретсіз тыныс байқалды, ЖЖЖ минутына 100 реттен аз, қалпы жартылай флексиялық, акроцианоз. Табандарын тітіркендіргенге бетін тыжырайтып жауап береді. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

*1 балл

*3 балл

*+5 балл

*7 балл

*9 балл

43.!Жаңа туылған нәрестеде тыныс алу белгілері байқалмайды, бала цианозды, тітіркендіруге жауап бермейді, пульс минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраған. Апгар шкаласы бойынша бірінші бағалау неше баллды құрайды:

*0 балл

*+1балл

*2балл

*3балл

*4 балл

44.!Жан сақтау бөлімінде жаңа туылған нәрестеде тыныс алудың тоқтауы байқалды. Өздігінен тыныс алу қалпына келмеген жағдайда, жан сақтау шараларын өкпенің жасанды желдетуін бастаған соң қанша минуттан соң тоқтату қажет:

*5

*10

*15

*+20

*25

45.!Жаңа туылған «тежелген» нәрестеге жан сақтауды кідіре тұру тек мына жағдайда ғана қолайлы:

*Қосымша қызметкерлерге босану залына келіп көмек көрсету үшін келу үшін уақыт бөледі

*Жаңа туылған нәрестеге «өзін көрсетуге» мүмкіндік береді

*Сізге нәрестенің ата- анасымен «сұрақтарды шешуге» уақыт береді

*+Ешқандай жағдайда орынды емес

*Анамнез жинау үшін

46.!Жаңа туылған нәрестеде тыныс алу белгілері байқалмайды, цианозды, тітіркендіруге жауап бермейді, пульс минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраған. Болжам диагнозы:

*Жетілмеген нәресте

*Орташа дәрежедегі асфиксия

*Өлі туылған нәресте

*1 дәрежедегі шала туылу
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

перейти в каталог файлов


связь с админом