Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

Неонатология бойынша емтихан тесттері 2015-16 жж


Скачать 0.69 Mb.
НазваниеНеонатология бойынша емтихан тесттері 2015-16 жж
Testy_neonatologia_Kaz_725_s_numeratsiey.docx
Дата17.10.2017
Размер0.69 Mb.
docx
Testy_neonatologia_Kaz_725_s_numeratsiey.docx
ТипДокументы
#29276
страница4 11
Каталогid31990847Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

19 . : [MedBooks-Медкниги]Миотония Россолимо-Штейнерта-Куршманна.docx, [MedBooks-Медкниги]Анатомия, функция и методы исследования 3, 4,, Mikhaylenko_Klinicheskaya_nevrologia.pdf, Metodichka_po_nevrologii_3.pdf, Metodichka_po_nevrologii_2.pdf, Tema_1_Vvedenie_v_nevrologiyu_2016.pdf, B1_B_30_Nevrologia_meditsinskaya_genetika_neyrokhirurgia.pdf, Gusev_Evgeniy_Ivanovich_Nevrologia_i_neyrokhirurgia__uchebnik__v 9 .

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

*Нәрестелердің гемолитикалық ауруы, АВ0 жүйесі бойынша, аралас формасы, ауыр дәрежесі

* Нәрестелердің гемолитикалық ауруы, АВ0 жүйесі бойынша, сарғаю формасы, ауыр дәрежесі

*+Rh бойынша нәрестелердің гемолитикалық ауруы, сарғаю формасы, ауыр дәрежесі

*Криглер-Найяр синдромы

159.!Мерзіміне жетіп туылған нәресте ұл балада өмірінің алғашқы сағатында резус-фактор бойынша нәрестелердің гемолитикалық ауруының сарғаю-анемиялық формасы, ауыр дәрежесі анықталды. Билирубиннің сағаттық өсуінің қандай деңгейі қан алмастырып құюға абсолюттік көрсеткіш болады:

*0,72 мкмоль/л

*3,9 мкмоль/л

*4,2мкмоль/л

*5,4мкмоль/л

*+6,8мкмоль/л және жоғары

160.!Туылғанына 1 тәулік болған нәресте. 4-ші жүктіліктен, мерзіміне жеткен 2-ші туыттан. Бұған дейінгі 2 жүктілік ерте мерзімдерде түсікпен аяқталған. Босану қалыпты өткен. Анасының қаны 0(1) топ, резус-теріс, баланың қаны 0(1) топ, резус-оң. Бірінші күннің жартысында баланың терісі мен склерасы сарғайды. Бауыры қабырға доғасынан 4 см, көкбауыры 1 см шығып тұр. Нәжісі меконий. Несебі ашық. Қанның жалпы талдауында - НЬ - 100 г/л. Эр – 3,0х1012/л, ТК - 0,99, ЭТЖ - 2 мм/сағ. Билирубин: тікелей емес - 180 мкмоль/л, тікелей - жоқ. АЛТ-0,2мкмоль/л. Билирубиннің сағаттық өсуі 9,6 мкмоль/л. Науқасқа қандай ем жүргізу керек:

*Инфузиялық ем

*Гормондық ем

*+Қан алмастырып құю

*Өт айдаушы препараттар

*Гепатопротекторлар

161.!Туылғанына 1 тәулік болған нәресте. 4-ші жүктіліктен, мерзіміне жеткен 2-ші туыттан. Бұған дейінгі 2 жүктілік ерте мерзімдерде түсікпен аяқталған. Босану қалыпты өткен. Анасының қаны 0(1) топ, резус-теріс, баланың қаны 0(1) топ, резус-оң. Бірінші күннің жартысында баланың терісі мен склерасы сарғайды. Бауыры қабырға доғасынан 4 см, көкбауыры 1 см шығып тұр. Нәжісі меконий. Несебі ашық. Қанның жалпы талдауында - НЬ - 100 г/л. Эр – 3,0х1012/л, ТК - 0,99, ЭТЖ - 2 мм/сағ. Билирубин: тікелей емес - 180 мкмоль/л, тікелей - жоқ. АЛТ-0,2мкмоль/л. Билирубиннің сағаттық өсуі 9,6 мкмоль/л. Осы жағдайда қандай асқынудан қауіптенген жөн:

*Ұзаққа созылған сарғаю

*+Билирубиндік энцефалопатия

*Идиопатиялық гепатит

*Порталды гипертензия

*Бауыр циррозы

162.!Бірінші рет цитомегалия вирусын жұқтырған жүкті әйелден вирустың ұрыққа берілуінің ықтималдығы құрайды:

*0,2-1,5%

*3-7%

*12-15%

*20-30%

*+40-50%

163.!Серопозитивті анадан туылған балада туа біткен цитомегаловирусты инфекцияның дамуының ықтималдығы құрайды:

*+0,2-1,5%

*3-7%

*12-15%

*20-30%

*40-50%

164.!Анада айқын герпестік инфекция болған жағдайда баланың туыт жолдары арқылы инфицирлену қаупі:

*0,2-1,5%

*3-7%

*12-15%

*+30 -50%

*70%-100%

165.!Плацента-ұрық-қоздырғыш жүйесінде қорғанысты қамтамасыз етпейтін механизмдерге жатады:

*Плацентарлық тосқауыл

*+Анасындағы М класының антиденелері

*Ұрықтық қабықша

*Анасындағы G класының антиденелері

*Ұрықтың өзіндік иммундық реакциялары

166.!Туа біткен қызамықтың классикалық үштігі болып табылады:

*Туа біткен жүрек ақауы+құрсақ ішілік дамудың кідіруі+тромбоцитопения

*Туа біткен жүрек ақауы+катаракта+құрсақ ішілік дамудың кідіруі

*Құрсақ ішілік дамудың кідіруі+тістердің дисплазиясы+естудің бұзылуы

*ОЖЖ зақымдалуы+естудің бұзылуы+туа біткен жүрек ақауы

*+Естудің бұзылуы+туа біткен жүрек ақауы+катаракта

167.!Типті ядроішілік құрылымдары бар алып жасушалардың түзілуі төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысына тән:

*Хламидиоз

*Микоплазмоз

*Токсоплазмоз

*Герпестік инфекция

*+Цитомегаловирусты инфекция

168.!Туа біткен цитомегаловирусты инфекцияға мейілінше тән клиникалық көрініс:

*+Сарғаю, анемия, тромбоцитопения, гепатоспленомегалия

*Ринит, алақаны мен табанындағы көпіршіктер, гепатоспленомегалия

*Саңыраулық, катаракта, туа біткен жүрек ақауы

*Тұрақты жөтелмен пневмония, конъюнктивит

*Тырысулар,бас миындағы кальцификаттар, гепатоспленомегалия

169.!Туылғанына 5 күн болған балада мұрынмен тыныс алуының қиындауы байқалды, терісі боз-сұрғылт түспен, көпіршік элементтерімен, алақаны мен табанында диффузды дақты-папулезды бөртпелер бар. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Мейілінше ықтимал диагноз:

*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен листериоз

*+Туа біткен мерез

*Туа біткен гепатит

*Туа біткен цитомегалия

170.!Бала М, мерзімінде туылды.Туылған кезде ісіңкі болды, 5-6 күні мұрнынан шырышты-қанды бөлініс пайда болды, тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасында мыс түстес дақты-папулезды бөртпелер бар. Гепатоспленомегалия, сарғыштық. Алақаны мен табанындағы өзгерістер төмендегі суретте көрсетілген. Мейілінше ықтимал диагноз:
https://kingmed.info/media/photos/big/2/1344.jpg
*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен цитомегаловирусты инфекция

*Туа біткен листериоз

*+Туа біткенмерез

*Туа біткен хламидиоз

171.!1 жас 5 айлық балада осыдан бір апта бұрын дене қызуы 38,10С дейін жоғарылап, әлсіздік, жарықтан қорқу пайда болып, тәбеті төмендеді. 2-ші күні құрғақ жөтел пайда болды. Анамнезінен: үйінде тотықұс бар. Науқаста төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал:

*Микоплазмалық пневмония

*Аденовирусты пневмония

*+Орнитозды пневмония

*Хламидиозды пневмония

*Легионеллезді пневмония

172.!2,5 айлық қыз бала. Анасы баланың денесіндегі бөртпелерге шағымданып қабылдау бөлімшесіне келді. Қарағанда бала өз жасына сәйкес келеді, күтімі жақсы, алақаны мен табанында ғана дақты-папулезды бөртпелер бар. Таныстарының кеңесімен фенистил қабылдаған, бірақ әсері болмаған. Осы клиникалық белгілер төменде көрсетілген қандай патологияға сай келеді:

*Аллергиялық бөртпе

*Моллюск терілік формасы

*Қабыршақты теміреткі

*Қотыр

*+Мерез

173.!Бала М, мерзімінде туылды. Туылған кезде ісіңкі болды, 5-6 күні мұрнынан шырышты-қанды бөлініс пайда болды, тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасында мыс түстес дақты-папулезды бөртпелер бар. Алақаны мен табанында диффузды қызарған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Дәрігер-неонатолог құрсақ ішілік инфекцияны болжады. Төменде көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы осы аурудың себебі:

*Listeria monocytogenes

*Toxoplasma gondii

*Rubella

*Сytomegalovirus

*+Treponema pallidum 

174.!Бала Т., жүктіліктің 36-шы аптасында туылды, Апгар шкаласы бойынша 4-6 балл. 2-ші күні жағдайы нашарлады, тыныс бұзылыстары синдромы күшейді, сарғайып, гепатоспленомегалия пайда болды. 3-ші күні бүкіл денесінде геморрагиялық сипаттағы бөртпе (суретте көрсетілген) пайда болды. Қанда – тромбоцитопения. Мейілінше ықтимал диагноз:

цитомегаловирусная инфекция: проявления, симптомы, признаки


*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен листериоз

*+Туа біткен цитомегалия

*Туа біткен микоплазмалық инфекция

*Туа біткен хламидиоз

175.!Суретте көрсетілген бала 4 айлық, микроцефалия, олигофрения, эписиндром бойынша неврологта «Д» есепте тұрады. Анамнезінен белгілі, гестацияның 34 аптасында туылған, апгар шкаласы 4-6 балл, туылғаннан гепатоспленомегалия, сарғаю, тромбоцитопенияның көріністері болған. Мейілінше ықтимал диагнозды атаңыз:
олигофрения
*+Туа біткен цитомегалия

*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен мерез

*Туа біткен қызамық

*Туа біткен листериоз

176.!Бала гестацияның 34-ші аптасында асфиксиямен туылды, өкпесінде бронхопневмонияның көрінісі, тері жабындысы боз, лас-сұр түспен, бүкіл денесінде папулезды-геморрагиялық бөртпе бар, гепатоспленомегалия, қанда лейкоцитоз. Анасы –студент, босанардан аз уақыт бұрын гамбургерден уланғанын айтады, қызуы жоғарылап, тонзиллит белгілері болған. Дәрігер неонатолог құрсақ ішілік сепсис деген болжам диагноз қойған. Төменде келтірілген патологиялардың қайсысымен дифференциалды диагноз жүргізген жөн:

*Іріңді менингит

*+Туа біткен листериоз

*Жайылған вирусты инфекция

*Зат алмасудың тұқым қуалайтын патологиясы

*Нәрестенің некроздық энтероколиті

177.!3,5 айлық бала К., клиникаға келіп түсті. Қарағанда психо-моторлық дамуының күрт артта қалғандығы, 2 дәрежелі гипотрофия анықталды. Анасының айтуы бойынша неврологта тырысу бойынша, офтальмологта хориоретинит бойынша «Д» есепте тұрады. Компьютерлік томографияда бас миында кальцификаттар түрінде патологиялық өзгерістер табылды. Осы патологияның мейілінше ықтимал себебі болып табылады:

*Туа біткен хромосомдық аномалиялар

*Тұқым қуалайтын патология

*Ұрықтың құрсақ ішілік гипоксиясы

* +Ұрықтың құрсақ ішілік өткерген инфекциясы

*Туыт жарақаты

178.!10 күндік ұл бала Л. Туылғаннан бастап жұмсақ тіндердің ісінуі бар, өмірінің 4-ші күні мұрнынан қанды бөлініс пайда болды, мұрнымен тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасына мыс түстес папулезды бөртпелер шықты. Алақаны мен табаны – диффузды қызарған. Ерні құрғақ, қалыңдаған, жарылған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Анасы әйелдер кеңесінде есепте тұрмаған. Бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізу керек:

*+Вассерман реакциясы

*Құрсақ ішілік инфекцияларға ПЦР

*Райт-Хедельсон реакциясы

*Қанды стерилдікке тексеру

*Коагулограмма

179.!Нәрестеде туыла салысымен сепсис тәріздес жағдай орын алған, гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөртпе, мениногоэнцефалит белгілері бар, зертханалық талдауларда айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ликворда Listeria monocytogenes табылған. Қандай дәрілік препаратты тағайындау мейілінше дұрыс болып табылады:

*+Ампициллин

*Делагил

*Контрикал

*Метронидазол

*Суммамед

180.!6 күндік бала Д., 2950 г дене салмағымен туылды, сарғыштық 10-12 күні күшейді, гепатоспленомегалия, денесінде петехиалды бөртпе бар. Ұртынан алынған жағындыда ядролар мен цитоплазмада жасуша ішілік құрылымдары бар көп ядролы алып жасушалар табылды, гемограммада – тромбоцитопения. Қандай дәрілік препаратты тағайындау мейілінше дұрыс болып табылады:

*Иммунал

*+Цитотект

*Сумамед

*Интерферон

*Виферон

181.!Балада өмірінің 3-ші күні мұрнымен тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасына мыс түстес папулезды бөртпелер пайда болды. Алақаны мен табаны – диффузды қызарған. Ерні құрғақ, қалыңдаған, жарылған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Анасында Вассерман реакциясы оң болды. Төменде көрсетілген емнің қайсысын қолданған жөн:

*+Пенициллин

*Реоферон

*Метронидазол

*Кортикостероидтар

*Сумамед

182.!Гестацияның 32 аптасында 2000 г дене салмағымен туылған балада сарғыштық, гепатоспленомегалия, денесінде петехиалды бөртпе бар. Ұртынан алынған жағындыда ядролар мен цитоплазмада жасуша ішілік құрылымдары бар көп ядролы алып жасушалар табылды, гемограммада – тромбоцитопения. Осы патологияны емдеуде қандай препарат мейілінше тиімді болып табылады:

*Иммунал

*+Цитотект

*Сумамед

*Интерферон

*Цефазолин

183.! Суретте көрсетілген бала 34-ші аптада туылды. 4-ші күні балада байқалды: гепатоспленомегалия бар, сарғыштық күшейіп жатыр, сондай-ақ мұрнынан көп бөліністің пайда болуына байланысты (суретте көрсетілгендей) тыныс алуы қиындады. Анасы тексерілмеген, себебі есепте тұрмаған. Дәрігер-неонатолог құрсақ ішілік инфекцияны болжады. Перзентхана жағдайында дұрыс таңдалынған тактиканы көрсетіңіз:

врожденный сифилис.
*Цефалоспориндер тобынан антибиотик тағайындау

*Макролидтер тобынан антибиотик тағайындау

*Карбопенемдер тобынан антибиотик тағайындау

*+Пенициллиндер тобынан антибиотик тағайындау

*Аминогликозидтер тобынан антибиотик тағайындау

184.!Нәрестеге туа біткен ерте мерез диагнозы қойылды. Пенициллиннің ең дұрыс таңдалған мөлшері:

*50 мг/кг/тәул.

*+100 мг/кг/тәул.

*150 мг/кг/тәул.

*200 мг/кг/тәул.

*250 мг/кг/тәул.

185.!Нәрестеге туа біткен хламидиоз диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы ауруды емдеуде мейілінше тиімді:

*Пенициллин

*Цефазолин

*Гентамицин

*+Сумамед

*Меронем

186.!Нәрестеге туа біткен цитомегаловирусты инфекция диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы ауруды емдеуде мейілінше тиімді:

*+Неоцитотект

*Ацикловир

*Фоскавир

*Валтрекс

*Рибавирин

187.!Нәрестеге туа біткен герпестік инфекция диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы ауруды емдеуде мейілінше тиімді:

*Неоцитотект

*+Ацикловир

*Фоскавир

*Валтрекс

*Рибавирин

188.!2 айлық бала ҚІИ-ға тексерілгеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Анамнезінен белгілі болғандай, гестацияның 34-ші аптасында Апгар шкаласы бойынша 4-6 баллмен туылған, туылғаннан бастап гепатоспленомегалия, сарғаю, тырысу бар, эхографияда әктену аймақтары табылған, Toxoplasma gondi бойынша серопозитивті. Осы науқасты емдеудің ең тиімді этиотропты кестесі:

*Виферон балауыздары + неоцитотект

*Виферон балауыздары + сумамед

*+Пириметамин +сульфадемезин

*Ампициллин + гентамицин

*Ацикловир + преднизолон

189.!Дәл анықталып қойылған туа біткен листериоздың емінің ең тиімді кестесі болып табылады:

*Пенициллин + цефтриаксон

*Тетрациклин + сумамед

*Пириметамин +сульфадемезин

*+Ампициллин + гентамицин

*Цефазолин + ванкомицин

190.!Перзентханада мерзіміне жетіліп туылған бала жатыр, балада тыныс бұзылыстары синдромы, жоғарғы жүйке-рефлекторлық қозғыштық бар, туылғаннан кейін 4 сағаттан соң емге қиыншылықпен көнетін тырысулар, қызба байқалды. Терісі мен ауыз қуысының шырышты қабығын қарағанда суретте көрсетілгендей өзіндік везикулезді элементтер табылды. Перинаталдық медицина мамандарының ұсыныстарына сай осы патологияны емдеудегі таңдау препараты болып табылады:

только проверенные советы по здоровью. - part 161
*Неоцитотект

*+Ацикловир

*Фоскавир

*Валтрекс

*Рибавирин

191.!Бронх-өкпелік дисплазияның ЕҢ ықтимал морфологиялық негізі болып табылады:

*+өкпенің альвеола ішілік және интерстициалды фиброзы

*газдардың альвеолярлық-капиллярлық мембранасы арқылы диффузиясы

*көмір қышқылының үлкен қан айналым шеңберінен өкпе капиллярларына перфузиясы

*өкпе тамырларының экссудатпен жаншылуы

*жүрек-өкпелік бейімделудің бұзылысы

192.!Бронх-өкпелік дисплазиямен туылған шала туылған балаларда өмірінің бірінші жылы мейілінше жиі күтілетін ауру қандай:

*+Қайталаушы пневмониялар

*Пневмоторакс

*Вильсон-Микити синдромы

*Химиялық пневмонит

*Хаммен-Рич синдромы

193.!Мына нәрестелерде бронх-өкпелік дисплазияның дамуы мейілінше ықтимал:

*+Туылғандағы салмағы 1500 г-нан төмен

*Туылғандағы салмағы 3000 г-нан төмен

*Туылғандағы салмағы 3500 г-нан төмен

*Туылғандағы салмағы 3000 г-нан жоғары

*Туылғандағы салмағы 4000 г-нан жоғары

194.!Бронх-өкпелік дисплазияның түзілуінің қауіп факторы болып табылады:

*Баланың туылғандағы салмағы 3000 г-нан төмен

*Баланың туылғандағы салмағы 4000 г-нан жоғары

*Анасының жүктілік барысындағы бронх-өкпелік аурулары

*Өкпенің жасанды вентиляциясы 4 күннен аз

*+Өкпенің ұзартылған жасанды вентиляциясы 6 күннен көп

195.!Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы бронх-өкпелік дисплазиямен туылған нәрестелердің бронх-альвеолалық лаваждық сұйықтығындағы жоғарылауы мейілінше ықтимал:

*+Лейкотриендер

*Сурфактант

*Антипротеаза

*Белок деңгейі

*РаО2(оттегінің)

196.!Дамып жатқан фиброздың алғашқы белгілері балаларда қай жаста пайда болады:

*+Өмірінің 14-ші күні

*Туылған кезде

*Өмірінің 1-ші күні

*Өмірінің 3-ші күні

*Өмірінің 5-ші күні

197.!1айлық балада ЖРВИ фонында аурудың 6-шы күні жағдайы нашарлап, дене қызуы қайтадан 39,80С дейін жоғарылады, қырқылдаған жиі тыныс пайда болды. Аускультацияда – екі жағынан да ылғалды сырылдар. Қанда: Лейк – 16,8х109\л, э – 14%, т\я – 1%, с/я – 48%, л- 29%, м- 8%, ЭТЖ – 3 мм\сағ.Науқаста қандай диагноз мейілінше ықтимал:

*Бронхиолит

*Обструктивті бронхит

*Қайталаушы бронхит
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей