Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
qrcode

Зертханалык жумыстар. 7 класс. 1 ж мыс. лшеуіш цилиндр (мензурка) б ліктеріні нын аны тау. Денені к лемін лшеу


Название7 класс. 1 ж мыс. лшеуіш цилиндр (мензурка) б ліктеріні нын аны тау. Денені к лемін лшеу
Дата08.08.2019
Размер4.99 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЗертханалык жумыстар.doc
ТипДокументы
#62515
страница1 из 5
КаталогОбразовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
  1   2   3   4   5

7 КЛАСС.

1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: Өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, дененлердің көлемін өлшеу.

Құрал – жабдықтар: Өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тос-таған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш,т.б.)

1 - тапсырма: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау.

Жұмыстың барысы:
Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірліктермен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар.
  • Оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңдар.
  • Сұйық көлемін см3 өлшем бірлікпен аламыз.
  • Өлшеуіш цилиндрдің бір бөлік құны 1 см3. Аспап қателігі бөлік құнының жартысына тең, яғни 0,5 см3.
  • Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар.
  • Анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар.
  • Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
    Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі
    Мензурка бөлігінің құны
    Өлшеу қателігі
    Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)
    100 см3
    1 см3
    0,5 см3
    54-0,5
    Ескерту: Сұйықтық көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек.

    2- тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

    Жұмыстың барысы:
    Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық болатындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады.
  • Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 – 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппенбайлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да,
    көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.

  • Өлшейтін дене
    Сұйықтың бас-тапқы көлемі

    3 )
    Дене мен сұйықтық-тың көлемі (3 )
    Қатты дененің көлемі

    (3
    цилиндр

    Тас
    60

    38
    72

    45
    12

    7
    3
    ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып

    төгіледі.төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп,

    батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.
    Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сиятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

    Қорытынды. Оқушылар аспаптың бөлік құнын таба білуге, аспап қателігі, әр түрлі пішіндегі дененің көлемін анықтау туралы білімі толығады.
    2 жұмыс. Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.

    Жұмыстың мақсаты: Қатарлау тәсілімен өлшеп үйрену.

    Құрал–жабдықтар: Сызғыш, кішкентай денелердің жиынтығы (бытыра, подшипник шариктері, бұршақ, тары, сымның қиындылары. т.б.), астауша, бұранда, бұранда шеге, бұранғыш(гайка).

    1 – тапсырма. Шариктің диаметрін өлшеу.
    Жұмыстың барысы:

    1
    Оны астаушадағы шариктердің N санына бөліп, бір шариктің диаметрін анықтаңдар: d =2.Ұсақ денелердің өлшемдерін анықтайтын мұндай тәсіл қатарлау тәсілі деп аталады. Қатарлау тәсілімен жоғарыда аталған басқа да материалдардың өлшемдерін (диаметрлерін)анықтауға болады.

    3.Өлшеу мен есептеу нәтижелерін мына кестеге жазыңдар.
    Зерттелетін дене
    Қатардағы бөлшектердің саны ( N )
    Қатардың ұзындығы ( L, мм )
    Диаметр

    (d , мм )
    Диаметрді өлшеу қателігі

    ( hШарик

    Бұршақ

    10

    25
    18

    15
    1,8

    0,6
    1,75
    Өлшеу қателігі 0,1:2=0.05мм

    2 – тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.

    Жұмыстың барысы:
    Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.
  • Бұранданың немесе бұрандашегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы: d =Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын бұранғыштар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен ( қарындашпен) бояп алу керек.
  • Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар.
  • Зерттелетін

    дене
    Ойма ұзындығы

    ( L, мм)
    Орам саны

    N
    Бұранда қадамы

    ( d, мм)
    Бұранда қадамын өлшеу қателігі

    (hБұранда

    Бұранғыш

    Бұранда шеге
    3

    2

    3,2
    6

    5

    7
    0,5

    0,4

    0,46
    0,450,350,41
    Қорытынды. Кішкентай денелердің өлшемін анықтап, нәтижесін өлшеу қателігімен жазуға үйрену.


    3 жұмыс. Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

    1 – тапсырма. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.

    Құрал – жабдықтар: Таразы, ұсақ кірлер,параллелепипед тәрізді біл-еуше және массасы әр түрлі кішігірім бірнеше дене.

    Жұмыстың барысы:

    Дененің массасын анықтау тәсілдерінің бірі - таразы көмегімен өлшеу. Осындай таразылармен өлшеу кезінде оның бір табақшасына (сол жақтағы) массасы белгісіз дене, ал екіншісіне (оң жақтағы) таразыны теңгеретін кірлер салынады. Дененің массасы таразыны теңгеретін кірлердің массасына тең. Ол үшін:
    Таразыны өлшеуге дайындаңдар. Таразының дұрыс теңгеріліп тұрғандығына көз жеткезіңдер;
  • Таразыны бұзып алмау үшін өлшенетін денені және кірлерді таразы табақшаларына жайлап қою керек.
  • Денені кірлермен теңгеріп болғаннан соң, таразы табақшасындағы кірлердің жалпы массасын есептеңдер.
    Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

  • Тәжірибе реті
    Өлшенетін дене
    Дененің массасы, г
    Дененің массасы, кг
    1.

    2.

    3.
    Шарик

    Білеуше

    Цилиндр
    61,5

    10,5

    97
    61,5*10-3

    10,5*10-3

    97*10-3

    Қорытынды: Таразыны өлшеуге даярлау,дене мен гірлерді табақшаға қою, денені кірлермен теңгеруге дағдылану, массасын жазуға үйрену.

    2 – тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау.

    Құрал – жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.

    Жұмыстың барысы:
    Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан соң оның көлемін (V=abc) есептеңдер.
  • Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар.
    Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г / см3 және кг / м3 – пен өрнектеңдер. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
  • Тәжірибе реті
    Тығыздығы анықталатын дене
    Дененің массасы, г
    Дененің көлемі, см3
    Тығыздығы

    p =г/см3
    кг/м3
    1.

    2.

    Шарик

    Цилиндр
    61,5

    97
    9

    12
    6,8

    8,1
    6800

    8100

    Қорытынды. Дене тығыздығын анықтау үшін таразы мен мензурканы қолдана білу. Тығыздық формуласы арқылы нәтижені тауып, өлшем бірлігін жаза білу.
    4 жұмыс. Серпімді деформацияны зерделеу.

    1

    Құрал – жабдықтар: динамометр, бір

    тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102г

    болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы

    және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.

    Жұмыстың барысы:
    Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
  • Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.
  • Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі ілінген жүктің массалары бірдей.
  • Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.
  • Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. Сызғыштың бөлік құны-0,1мм. Аспап қателігі-0,05.
    Қорытынды. Динамометрге жүктер ілу арқылы серіппенің созылуын белгілеп, ақ қағазға шкала салады. Жасалған динамометр арқылы жүктерді өлшейді. Градуирлеу тәсілін меңгереді.

    2

    Құрал – жабдықтар: Қысқышы, сақинасы және жалғас-

    тырғышы бар штатив. Ұзындықтары 15 – 20 см болатын

    бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35 – 40 см болатын

    бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы,

    сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.

    Жұмыстың барысы:
    Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.
  • Ілгектің көмегімен массалары m
  • Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.
  • Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
  • Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.
  • Тәжірибе реті
    Резеңкелер саны
    Жүктің массасы, г
    Ауырлық күші, F=mg, H
    Жіптің ұзаруы, мм
    Жіптің ұзаруы, м
    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.
    біреу

    біреу

    біреу

    екеу

    екеу

    екеу
    100

    200

    300

    100

    200

    300
    1

    2

    3

    1

    2

    3
    50

    100

    150

    20

    30

    40
    0,05

    0,1

    0,15

    0,02

    0,03

    0,04

    Қорытынды: Ауырлық күші артқан сайын жіптің ұзаруы артады. Денені екі жіпке қатар ілгенде жіптің ұзаруы азаяды. Себебі резеңкенің қатаңдығы артады.
    5 жұмыс. Архимед заңын тексеру.

    1 – тапсырма. Су ішіндегі массасы 100г денеге әрекет ететін ығыс-тырушы күшті анықтау.

    Құрал – жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамо-метр, мензурка, жіп.


    Жұмыстың барысы:
    Мензурка көмегімен жүктің V
  • Дененің өлшенген V
  • Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадығы салмағының) мәнін табыңдар.
  • Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
  • Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? (тең)
  • Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.
  • Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.
  • Тәжірибе реті
    Дененің көлемі, V3
    Дене ығыстырған сұйық салмағы

    PДененің ауадағы салмағы, PДененің судағы салмағы PЫғыстырушы күш F1
    9*10-6
    9*10-3
    0,6
    0,5
    9*10-3

    P0
    -3; P=0.6H; P
    Қорытынды: Дене ығыстырған сұйықтың салмағы мен ығыстырушы күш тең болатынына көз жеткізу.
      Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңдар.
      2 – тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы
      ығыс-тырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.

      Құрал–жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.

    Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
  • Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
    Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
    Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
      1   2   3   4   5

    перейти в каталог файлов

    Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

    Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей