№ 12 Ауруға натрий бикарбонат ертіндісін тамыр ішіне енгізді. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,42
рСО2 40,5 мм с. б.
SB 28,0 ммоль/л
АВ 31,0 ммоль/л
ВЕ 6,5 ммоль/л
№12. Теңгерілген газдық емес ацидоз, өкпенің бейімделулік гиповентиляциясы әсерінен СО2 мөлшерінің аздап артуы. Бикарбонатты енгізу SB, АВ артуына әкелді. ВЕ-нің артуы оң маңызды рөл атқарады № 13 Науқастың бас миы шайқалған, толастамайтын құсу мен ентік байқалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,56
рСО2 26 мм с. б.
SB 24,0 ммоль/л
АВ 17,0 ммоль/л
ВЕ 4,0 ммоль/л
№13. Теңгерілмеген аралас алкалоз (газдық және бөліністік). № 14 Науқаста диффузды гломерулонефрит. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,23
рСО2 34 мм рт. ст.
SB 16,0 ммоль/л
АВ 13,0 ммоль/л
ВЕ - 11,0 ммоль/л
Несептегі ТҚ: 8 мл сілті
Несептегі аммиак: 8 ммоль/л
№14. Бөліністік теңгерілмеген ацидоз. Өкпенің бейімделулік гипервентиляциясы әсерінен гипокапния дамыды. Бүйректегі ацидогенез және аммониогенез үрдістері біріншілік азайып тұр.
№ 15 Науқас кома жағдайында. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,17
рСО2 50 мм с. б.
SB 15,5 ммоль/л
АВ 38,0 ммоль/л
ВЕ -13,0 ммоль/л
№15. Теңгерілмеген аралас (газдық және метаболиттік) ацидоз. № 16 Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.
рН 7,42
рСО2 30 мм с. б.
SB 20,5 ммоль/л
АВ 18,0 ммоль/л
ВЕ -4,0 ммоль/л
№ 16. Теңгерілген газдық алкалоз. Мүмкіндік себебі - өкпе гипервентиляциясы.
№ 17. Ауруға жасанды өкпе вентиляциясын қолдану арқылы операция жасалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,24
рСО2 69 мм с. б.
SB 18,5 ммоль/л
АВ 28,0 ммоль/л
ВЕ -8,0 ммоль/л
№ 17. Теңгерілмеген аралас (газдық және метаболиттік) ацидоз. Оттегі аз түсіп, көмір қышқыл газының шығуы бұзылған. Жасанды демалдыру тәртібін өзгерту қажет.
№ 18. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 15 көлемдік %, веналық қанда 10 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 74 %, венада 48%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 18. О2 бойынша артерио-веноздық айырма – 5 көл%.Тыныстық гипоксия № 19. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 19. О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 12 көл%. Қанайналымдық гипоксия.
№ 20. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 20. О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 2 көл%. Тіндік гипоксия
№ 21. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %.
Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 21. О2 бойынша артерио-веноздық айырма - 6 көл%. Қандык гипоксия № 22. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.
Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:
Рн
| 7,32
| раО2
| 71 мм с.б.
| раСО2
| 52 мм с.б.
| рvО2
| 47 мм с.б.
| SВ
| 18,6 ммоль/л
| МК
| 26 мг%
| ВЕ
| –5 ммоль/л
|
|
| Na концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо және диспротеинемия; эритроцитоз.
1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.
2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?
3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?
4. Ісінулерді жою үшін қандай емдеу жүргізу керек?
№22. Қанайналымдық (солқарыншалық жүрек жеткіліксіздігі), тыныстық (өкпеде қан іркілуі), тіндік (зат алмасу үрдістерінің бұзылыстары, ацидоз)
Иә: тахикардия, эритроцитоз
Жүректік. Жүректік ісінудің патогенезін қараңыз «Патофизиология» оқулығы.
№ 23. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?
3. Бұл кезде раО2, раСО2, рvO2, рvCO2, SaO2, SvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.
№23. 1.Қанайналымдық ( жүрек жеткіліксіздігі), тыныстық (өкпеде қан іркілуі)
2. қанайналымдық гипоксияғс тыныстық гипоксия қосылды
3.раО2, рvO2 төмендейді, оттегі бойынша артерио-веноздық айырмасы артқан, рН төмендейді. № 24. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.
Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.
Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?
№ 24. 1.Сілейме. Бұл жағдайға микроциркуляцияның жүйелі бұзылыстарына тән симптомдар меңзейді: тері қызымының төмендеуі (шеткері қанайналымының бұзылысы), әлсіздік, бас айналу, сыртқы тыныс алудың бұзылыстары (мидағы қанайнеалымының бұзылыстары), бүйрек жеткіліксіздігі (бүйрек перфузиясының бұзылыстары. Артериалық гипотензия да сілейменің ең маңызды белгісінің бірі болып табылады.
2. Жасанды гипервентиляция алкалоз дамуына және HbО2 диссоциациясы төмендеуіне әкеледі. а) операция алдындағы кезеңдегі гипоксия мегалобластық анемия салдарынан (асқазан зақымдануына байланысты Каслдің ішкі жайтының жеткіліксіздігіне және эритропоэздің бұзылуына әкелді), постгеморрагиялық анемиядан (егер науқаста созылмалы жасырын қансырау болса) болуы мүмкін.
б) операция кезіндегі гипоксия ӨЖД жүргізгендегі гипервентиляция салдарынан күшейуі мүмкін (HbО2 диссоциация сызығының солға жылжуы, яғни алкалоз жағдайында HbО2 диссоциациясы төмендеуі).
Воперациядан кейінгі кезеңдегі гипоксия ұзақ сақталынған донорлық қанды қолданғанда күшейуі мүмкін (анықтама үшін: қанды 8 күн сақтағаннан кейін қан эритроциттеріндегі 2,3–дифосфоглицерат 10 реттен артыққа төмендейді, бұл Hb –нің дезоксигенациясын бұзады).
№ 25. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?
Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?
Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?
Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
№ 25. 1. Ишемия.
2. Артерия қабырғасына тараған қабынулық үрдіс, олардың кемерінің бітелуіне әкеліп соқты, сондықтан өткізгіштігі нашарлады (обтурациялық ишемия). Бұдан басқа тамыр тарылтқыш әсерлерге тамыр қабырғасының сезімталдығы артты.
3. ишемия көріністерінің патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз.
4. Аяқ-қолдар тіндерінің ишемиялық дистрофиясы олардың ең алдымен жанама қанайналымы анатомиялық шектелген ұштарының некрозын тудырады.
№ 26. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені және қол басы ұстағанда салқындығы анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық тексергенде вена тамырларының кеңейгені, қанағымының баяулағаны көрінеді.
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуғаболады?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің патогенезі қандай?
№ 26. 1. Веналық гиперемия.
2. Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы →өкпеде қан іркілуі→ оң қарыншалық жеткіліксіздік → үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуі → веналық гиперемия. Веналық гиперемия көріністерінің патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз Б. 89
№ 34. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған.
1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?
2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?
3. Тері асты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?
4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?
5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?
6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.
7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?
№ 34. 1. Иә, бар, оларға дене салмағының жоғарылауы, теріасты шел қабатында және құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, өкпедегі іркілістік сырылдар жатады.
2. Гипергидратация.
3. Иә, олардың себебі бір – жүрек жеткіліксіздігі.
4. Жүрек лақтырысының және бүйрек қанайналымының төмендеуі РААЖ әсерлендіріп, алдымен натрийдің ұсталуына (бүйректе), кейіннен судың ұсталуына алып келеді.
5. Жүрек лақтырысының ↓, (солқарыншалық жеткіліксіздік) бүйректердегі веналық іркіліс (оңқарыншалық жеткіліксіздік → рениннің бүйректен қанға бөлінуінің жоғарылауы→ ангиотензин I және II-нің түзілуі→қанда әлдостеронның жоғарылауы→ натрийдің ұсталып қалуы→қанның гиперосмиясы →АДГ бөлінуінің жоғарылауы→судың ұсталуы→гиперволемия. Гиперволемия және қан сарысуындағы нәруыз мөлшерінің төмендеуі (гемодилюция), сұйықтық пен натриийдің жасушаішілік кеңістікке шығуын туындатады. Бұған веналық қысымның жоғарылауы да ықпалын тигізеді. Солқарыншалық жеткіліксіздік→ кіші қанайналым шеңберінде қылтамырсоңылық гипертензия → өкпе қылтамырларында қысымның және олардың өткізгіштігінің жоғарылауы→ өкпе паренхимасында сұйықтықтың жиналуы. Оңқарыншалық жеткіліксіздік →бауырда веналық іркіліс → бауыр дистрофиясы→қақпалық гипертензия→іш шемені).
6. Қан сарысуының көлемі жоғарылағандықтан, жағымсыз, (олигоцитемиялық гиперволемия), зақымданған жүрекке жүктемені жоғарылатады. Сонымен қатар, ісіну микроциркуляцияның бұзылысына, тіндердің, лимфа тамырларының қысылуына алып келеді.
7. Натрийдің ұсталып тұруына ықпал жасайтын патогенездің нейроэндокринді жайтын жою арқылы ісінуді басуға болады. Ол үшін бүйрек түтікшелерінің эпителиіне әлдостеронның әсерін тежеу керек. Миокардтың жиырылғыштық қабілетін қалпына келтіру үшін кардиотропты дәрілер тағайындау қажет.
№ 35. 22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне, ентігу мен жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде: беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.
1. Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?
2. Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?
3. Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?
№ 35. 1. Иә. Диурездің күрт төмендеуі, зәрдегі өзгерістер, бел аймағындағы ауырсыну сезімі көрсетеді. Бүйректің иммуногенді зақымдануы туралы ойлауға болады, антиген ретінде экзотоксиннің әсерінен антигентрансформацияланған бүйрек тіні шығуы мүмкін.
2. Бүйректің иммуногенді зақымдануы жұмыс атқаратын шумақтар санының азаюымен және сүзілу аймағының азаюымен, ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің әсерленуімен қатар жүред.
3. Бүйректің иммуногенді зақымдануы болғандықтан, бүйректің ғана емес басқа тіндердің де майда қантамырлары бүлінді (жайылған капилляротоксикоз), нефриттік ісіну патогенезінде қантамырлық жайттың да маңызы бар.
№ 36. Альпинистер тобы және тауға шығу тәжірибесі жоқ дәрігер - зерттеуші, 6 7000 м. биіктікке көтерілуі тиіс еді. 2 8000 м биіктікке дейін көтерілген соң дәрігер шаршап, басы айналып, құлағы шулағандығын сезінді. Бір сағат көтерілген соң дәрігер өзінен (В) және жолдасынан (А) қан алған соң топ әрі қарай көтерілді. 4 5000 м биіктікке көтерілген соң дәрігер ауа жетіспегендігін, денесінің барлық бөлігінің ауырғандығын, бас ауыру, көруінің және қимыл тепе-теңдігінің бұзылғандығын сезді, әрі қарай жүрмеді. Қан алған соң 3000 м. биіктікке түсті. Зертханада жасалынған қан талданымы төмендегідей:
Көрсеткіштер
| А1
| В1
| А2
| В2
| pH
| 7,43
| 7,46
| 7,35
| 7,32
| pCO2
| 32
| 26
| 30
| 40
| pO2
| 74
| 69
| 58
| 38
| SB
| 20,5
| 20,5
| 18,5
| 18,5
| BE
| 2,5
| 1,5
| -3,5
| -5,5
|
№ 36. 1.А1- теңгерілген газдық алкалоз.
А 2- теңгерілген газдық емес ацидоз.
В1 - теңгерілмеген газдық алкалоз
В 2- теңгерілмеген газдық емес ацидоз.
2.Атмосфералық ауадағы рО2 төмендеуі жедел теңгерулік серпілістердің, сонымен қатар өкпенің гипервентиляциясының қосылуына ықпал етті. Екінші кезеңде теңгерулік тетіктердің жеткіліксіздігі мен үдемелі гипоксия метаболизмдік ығысуды туындатты.
3. қосымша мәліметтер- МК,КТ.
4. А альпенисінде гипоксияға ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерінің қалыптасуы, ал дәрігерде болмауына баланысты. № 37. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.
Дәрігердің қателігін табыныз. –
Шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған естен тану тетіктері қандай?
Осындай жағдайларда мыйдағы қан айналым бұзылыстарына қандай икемделістік тетіктер болуы мүмкін?
Неліктен осы науқаста қан айналым жүйесінің икемделістік тетіктері әсерсіз болды?
№ 37. 1. Дәрігердің қателігі транссудатты тым жылдам сорып алуында. Сұйықтықты баяу және қысқа үзіліспен сорып алу қажет. Осы жағдайда пайда болған қанның қайта бөлінуіне организмнің аймақтық-жергілікті гемодинамикаға тұрақтылығы дамиды.
2. Іш шемені кезінде транссудат қақпалық жүйе тамырларын қысады. Тез арада сұйықтықты сорып алған кезде олар бірден кеңейіп қанға толады. Айналымдағы қанның қайта бөлінуі пайда болып, бас мый қан тамырларының және кеуде қуысы ағзаларында жергілікті қанайналымы баяулайды. Естен тануына тағы да бас мыйының ишемиясы және гипоксия әкеліп соғады.
3. Ұқсас жағдайларда қосалқы қан келуін ынталандыратын физиологиялық ықпалдар қосылуы керек (артериялардың рефлекстік кеңеюі, сақталып қалған артериялармен қан келуінің қарқындауы). Гипоксия және ишемия кезіндегі бұзылған зат алмасуының аралық өнімдері қантамырларының қабырғасын кеңейткіш тікелей әсер етеді.
4. Өйткені мый қосалқы қантамырлары жеткіліксіз ағзаларға жатады. Қан тамырларының бөріштенуі болмай, мый қантамырларының серпімділігі бұзылмаған кезде қанайналымының толығымен қалпына келуі мүмкін. Демек, науқаста мый қантамырлары атеросклерозданған, бастапқы қанкелу жеткіліксіздігінен қазіргі жағдайын одан әрі нашарлатқан. перейти в каталог файлов
| Образовательный портал
Как узнать результаты егэ
Стихи про летний лагерь
3агадки для детей |