1.2.15.3
Науқаста қолда күш төмендеген, бұлшық еттерде атония, атрофия және
фибриллярлы тартылулар , арефлексия байқалады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан және жоғары аталған симптоматика неге дамыған?
1. Йықтық өрім, себебі мұнда қол бұлшық еттерін иннервациялайтын нерв талшықтары орналасқан
2. Алдыңғы ортаңғы иірімнің ортаңғы үштен бір бөлігі, себебі мұнда қолды иннервациялайтын орталық мотонейрондар денесі орналасқан
3. Жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, себебі мұнда қолды иннервациялайтын перифериялық мотонейрондар денесі орналасқан
4. Жұлынның мойын бөлігінің артқы мүйіздері, себебі мұнда қолды иннервациялайтын сезімтал мотонейрондар денесі орналасқан
5. Жұлынның мойын бөлігінің бүйір мүйіздері, себебі мұнда қолды иннервациялайтын вегетативті мотонейрондар денесі орналасқан 1.2.16.3
Науқаста аяқта күш төмендеген, бұлшық еттерде атония, атрофия және
фибриллярлы тартылулар , арефлексия байқалады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан және жоғары аталған симптоматика неге дамыған?
1. Сан өрімі, себебі мұнда аяқ бұлшық еттерін иннервациялайтын нерв талшықтары орналасқан
2. Алдыңғы ортаңғы иірімнің ортаңғы үштен бір бөлігі, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын орталық мотонейрондар денесі орналасқан
3. Жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын перифериялық мотонейрондар денесі орналасқан
4. Жұлынның мойын бөлігінің артқы мүйіздері, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын сезімтал мотонейрондар денесі орналасқан
5. Жұлынның мойын бөлігінің бүйір мүйіздері, себебі мұнда аяқты иннервациялайтын вегетативті мотонейрондар денесі орналасқан 1.2.17.31.17.3
55 жастағы науқас аяқ қолдардағы әлсіздікке шағымданып келді.Әлсіздік үш ай бұрын пайда болған және біртіндеп күшейеді. Тексеру кезінде: сол жақ қолда бұлшық ет күшінің 3баллға дейін және сол жақ аяқта 4 баллға дейін төмендеуі байқалады, сіңірлік және периостальді рефлекстер сол жақтан жандануы , сол жақ аяқ қолдарда бұлшық ет тонусының спастикалық тип бойынша жоғарылауы, сол жақтан Бабинский симптомы оң. Науқасқа қандай зерттеу әдісін және қандай мақсатпен тағайындау керек?
1.Оң жақ төбе бөлігінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының КТ-сы
2. Сол жақ төбе бөлігінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының ПЭТ-і
3. Оң жақ маңдай бөлігінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының КТ-сы
4. Сол жақ маңдай бөлімінің көлемді түзілісін анықтау үшін бас миының МРТ-сы
5. Жұлынның көлемді түзілісін анықтау үшін жұлынның миелографиясы 1.2.18.3
Науқаста сол жақ аяқта бұлшық ет күшінің 2-3 баллға дейін төмендеуі, рефлекстердің жандануы, сол жақтан Бабинский симтомы анықталған. Парез сипатын анықтаңыз және бұл жүйке жүйесінің қандай құрылымдарының зақымдалуымен байланысты?
1. сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім жоғарғы бөліктерінің зақымдалуы- сол жақ аяқтың орталық сипатты парезі
2. оң жақ алдыңғы ортаңғы иірім жоғарғы бөліктерінің зақымдалуы- сол жақ аяқтың орталық сипатты парезі
3. постцентральді иірімнің төменгі бөліктерінің зақымдалуы- сол жақ аяқтың орталық сипатты парезі
4. постцентральді иірімнің төменгі бөліктерінің зақымдалуы – орталық сипатты төменгі спастикалық парапарез
5. сол жақ алдыңғы ортаңғы иірімнің төменгі бөліктерінің зақымдалуы- орталық сипатты төменгі спастикалық парапарез
1.3.1.1
Гепатолентикулярлы дегенерация қай тип бойынша тұқым қуалайды?
Аутосомды-рецессивті
Аутосомды-доминантты
Х-хромосомамен тіркескен, доминантты
Х-хромосомамен тіркескен, рецессивті.
Тұқым қуаламайды.
1.3.2.1
Мишықтың сол жақ жарты шары зақымданса қандай симптом дамиды?
Стюартс-Холмс симптомы
Бабинскии асинергиясы
Оң жақ қолдағы интенционды тремор
Сол жақ қолдағы интенционды тремор
Оң жақ қолдың гипотониясы
1.3.3.1
Қай құрылым зақымданғанда вестибулярлы атаксия дамуы мүмкін?
Жұлын
Мишық
Ми аяқшалары
Маңдай бөлімі
Жарты шеңберлі каналшалар
1.3.2 1.3.4.2
35 жастағы әйел қобалжыған кезде басы мен қол саусақтарының дірілдейтіндігіне шағымданды. Алкоголь қабылдағанда дірілдеу баяулайды. Науқаста қол мен басының дірілдеуі жас кезінен байқалған және де анасында да болған. Объективті: тыныштық жағдайда саусақтарының дірілі баяу, кез келген статикалық жүктемеде жылдамдайды, әсіресе қолын алдыға созса және саусақтарын ашса; басының әлсіз дірілдеуі байқалады; бұлшық ет тонусы өзгермеген, аяқ-қолдарының координаторлы сынамалары еш өзгеріссіз; неврологиялық статуста басқандай өзгерістер жоқ. Болжам клиникалық диагноз қойыңыз.
Паркинсон ауруы
Ювенильді паркинсонизм
Гентингтон ауруы
Эссенциальды тремор
Фридрейх атаксиясы.
1.3.3.2 1.3.5.2
Науқас 45 жаста, шизофрения диагнозы бойынша нейролептиктердің үлкен дозасын қабылдайды, қозғалыс пен құлау баяу жүреді. Зерттеу кезінде: бет гипомимиясы, сөзі монотонды, қол-аяқтарының жылдамдық темпі баяу, бірақ күші сақталған; бұлшық ет региттілігі байқалды. Осы жағдайда науқасқа қандай препарат тағайындау қажет?
Наком
Бромокриптин
Перголид
Мадопар
Акинетон
1.3.4.2 1.3.6.2
65 жастағы ер адам аяқ-қолдарының дірілдеуіне және қатаюына шағымданды, әсіресе сол жақта. Өзін сол жақ қолында діріл мен қатаю басталғаннан бері 5 жыл бойы ауру санайды. Ауру күннен күнге прогрессирленіп барады, сол жақ аяғының қатаюы қосылды, кейін оң қолда діріл мен тырысу байқалды. Объективті: гипомимия, сөзі монотонды, қолындағы (әсіресе сол жақ) діріл «тиын санау» типі бойынша, бұлшық ет тонусының жоғарылауы «тісті дөңгелек» феноменімен, қозғалыс темпі баяулаған. Сол жақ аяғында – ригидтілік типі бойынша жоғарылаған және гипокинезия. Рефлекстері орташа, симметриялы, патологиялық рефлекстері жоқ. Науқаста анықталған симптоматика бойынша ауру шкаласын бағалаңыз:
І дәреже Хен және Яр шкаласы бойынша
ІІ дәреже Хен және Яр шкаласы бойынша
6 балл Хен және Яр шкаласы бойынша
5 балл EDSS шкаласы бойынша
6 балл EDSS шкаласы бойынша
1.3.7.2
70 жастағы әйелде тәртібінде бұзылыстар байқалды, тұрған кезде және жүргенде тұрақсыз, бұл көрініс бірнеше айдың ішінде біртіндеп прогрессирленіп келеді, өздігінен жүре алмайтын дәрежеге жетті. Объективті: интеллект төмендеген, агрессивті, зәр шығаруын бақылай алмайды, отырып, тұрып, жүре алмайды. Парез, сезімталдық бұзылысы, неврологиялық бұзылыстары жоқ. Неврологиялық синдром қандай?
Динамикалық атаксия
Статико-локомоторлы атаксия
Вестибулярлы атаксия
Сенситивті атаксия
Қыртысты атаксия
1.3.8.2
45 жастағы ер адам соңғы жылдары жүрісі бұзылғанын, сол жақ аяқ-қолында икемсіздікті байқаған. Объективті: сол жақ аяқ-қолдарында күш жеткілікті, бұлшық ет гипотониясы, рефлекстер төмендеген, саусақ-мұрын және сол жақтан өкше-тізелік сынамада интенционды тремор байқалды, сол жақтық дисдиадохокинез. Зақымдану ошағы қай жерде орналасқанын анықтаңыз.
Мишықтың сол жақ жарты шары
Мишықтың оң жақ жарты шары
Мишық құрты
Жұлынның артқы канатигі
Бас миының сол жақ маңдай бөлігі
1.3.9.2
Науқаста бет және қол бұлшық етінде ретсіз, ритмсіз тез қимылдар анықталды. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Қозғалыстың осындай типті бұзылысы қалай аталады?
Хореиялық гиперкинез
Миоклония
Баллизм
Атетоз
Торсионды дистония
1.3.10.2
Науқаста төмендегідей симптомдар жиынтығы кездеседі: «тісті дөңгелек» типті бұлшық ет тонусының жоғарылауы, жүргенде күштемелі және бұрандатәрізді қозғалыстар , денесі ұзын ось бойымен бір жаққа, ал басы қарама-қарсы жаққа бұрылған. Бұл қандай синдромға тән :
Гемибаллизм
Торсионды дистония
Атетоз
Хорея
Паркинсонизм
1.3.11.2
50 жастағы әйелде соңғы жылдары жүрісі бұзылған, периодты түрде құлау байқалған. Қарау кезінде вертикальды нистагм байқалды, сөзі мәнерлі, бұлшық ет тонусы төмен, Бабинскии асинергиясы, Ромберг сынамасында тұрақсыз, жүрген кезде алдыға немесе артқа ауытқиды. Аяқ-қолдарында күш жеткілікті, патологиялық рефлекс және сезімталдық бұзылыстары жоқ, аяқ-қолмен координаторлы сынамаларды орындауы қанағаттанарлық. Науқастағы атаксия түрін қандай сынама арқылы анықтауға болады?
Дисметрия бойынша сынама
Диадохокинез бойынша сынама
Стюарт-Холмс сынамасы
Өкше-тізе сынамасы
Көзі жабулы күйде координаторлы сынаманы орындау
1.3.12.2
25 жастағы ер адам аяқ-қолының тырысып қалуына және периодты ретсіз қимылдар соңғы екі жылда мазалап жүргендігін айтты. Қарау кезінде жалпы гипокинезия, бұлшық ет тонусы ригидтілік типі бойынша жоғарылаған, оң жақ қолда ,әсіресе білезік буынында еріксіз баяу тоникалық қимылдар анықталды. Қасаң қабығын қарау кезінде периферияда алтын-қоңыр түсті сақина анықталды. Ауру патогенезіндегі негізгі бөлімді атаңыз.
Мыс алмасу бұзылысы
Қара субстанция нейронының нейродегенерациясы
Темір алмасу бұзылысы
Орталық және перифериялық мотонейрондар нейродегенерациясы
Стриатум және бас ми қыртыстары нейронының нейродегенерациясы
1.3.5.3 1.3.13.3
25 жастағы ер адам аяқ-қолдарының тырысуына және соңғы екі жылда периодты түрде еріксіз қимылдарды байқаған.Зерттеу кезінде жалпа гипокинезия, ригидтілік типі бойынша бұлшық ет тонусы жоғарылаған, оң жақ қолында әлсіз және еріксіз тоникалық қимылдар анықталды. Қасаң қабығын қарау кезінде перифериясында алтын-қоңыр түсті сақина анықталды. Науқасты емдеу үшін патогенетикалық тұрғыдан ең оптимальды препарат тағайындаңыз және түсіндіріңіз.
ОЖЖ де дофамин деңгейін көтеру үшін Леводопа
Дофамин рецепторын стимулдау үшін Леводопа
Иммунды жүйе активтілігін төмендету үшін Д-пеницилламин
Ағзадан мысты шығару үшін Д-пеницилламин
Базальды ганглии нейрондарына қарсы бағытталғанмаутоиммунды реакцияны басу үшін Метилпреднизолон
1.3.6.3 1.3.14.3
58 жастағы әйел адамды аяқ-қолдарының, әсіресе сол қолының тырысуы мазалаған.Сол қолындағы тырысу алғаш пайда болғаннан, соңғы 5 жыл өзін ауру санайды. сол жақ аяғының тарысуы қосылып, жүргенде тұрақсыздық пайда болған,ауру біртіндеп прогрессирленіп барады. Объективті: гипомимия, сөзі монотонды, «тісті дөңгелек» феномені бойынша бұлшық ет тонусы жоғарылаған, қозғалыс темпі баяулаған; сол жақ аяғында – ригидтілік типі бойынша тонусы жоғарылаған және гипокинезия; пропульсия, рефлекстері орташа дәрежеде, симметриялы, патологиялық рефлекстері жоқ. Қабылдап жүрген препараттар дозасын төмендетуге байланысты, оперативті ем тағайындалды. Қандай оперативті ем қолдануға болады және де не себепті?
Постуральды тұрақсыздықты төмендету үшін, таламустың вентральды ядроларының стимуляциясы
Гипокинезияны азайту үшін, таламустың вентральды ядроларының стимуляциясы
Ригидтілікті төмендету үшін, субталамикалық ядроны стимуляциялау
Аурудың негізгі қоздырғыш көріністерін әлсірету үшін, субталамикалық ядроны стимуляциялау
Оперативті емнің ең эффективті және қауіпсіз түрі ретінде, полидотомия
1.3.15.3
Науқас Е. , 58 жаста, неврологиялық клиникаға аяқ-қолдарының және басының тыныштық жағдайда әсліз дірілдейтіндігіне шағымданды. Науқас аз қозғалады: ұзақ уақыт бір қалыпта жатады.Мимика мен іс-қимылдары жоқ. Көзқарасы бір нүктеге бағытталған. Ерікті қимылдарды ақырын жасайды. Аз сөйлейді және түсініксіз былдырлайды. Науқас манекен тәрізді жүреді, адымдары аз, денесі мен қолы қозғалмайды, көңілсіз, тез шаршағыш. Жүрген кезде діріл азаяды, кейде мүлдем болмайды. Неврологиялық синдромды атаңыз және оның пайда болу патогенезін түсіндіріңіз.
Базальды ганглилерде дофамин түзілуінің азаюы нәтижесінде гипотонико-гиперкинетикалық синдром
Базальды ганглилерде дофамин түзілуінің көбеюі нәтижесінде гипертонико-гипокинетикалық синдром
ОЖЖ де норадреналин жоғарылауы нәтижесінде гипотонико-гиперкинетикалық синдром
ОЖЖ де норадреналин төмендеуі нәтижесінде гипертонико-гипокинетикалық синдром
Сол жақ маңдай бөлігінің зақымдалуына байланысты, апатико-абулиялық синдром
1.3.16.3
Науқас Е., 58 жаста, неврологиялық клиникаға аяқ-қолдарының және басының тыныштық жағдайда әсліз дірілдейтіндігіне шағымданды. Науқас аз қозғалады: ұзақ уақыт бір қалыпта жатады.Мимика мен іс-қимылдары жоқ. Көзқарасы бір нүктеге бағытталған. Ерікті қимылдарды ақырын жасайды. Аз сөйлейді және түсініксіз былдырлайды. Науқас манекен тәрізді жүреді, адымдары аз, денесі мен қолы қозғалмайды, көңілсіз, тез шаршағыш. Жүрген кезде діріл азаяды, кейде мүлдем болмайды. Аталған ситуацияда қандай препарат тағайындау қажет?
ОЖЖ де дофамин деңгейін жоғарылату үшін леводопа
Дофамин рецепторларын стимуляциялау үшін леводопа
Иммунды жүйе активтілігін төмендету үшін Д-пеницилламин
Ағзадан мысты шығару үшін Д-пинецилламин
Базальды ганглии нейрондарына қарсы бағытталған аутоиммунды реакцияны басу үшін метилпреднизолон
1.3.17.3
45 жастағы ер адам, соңғы жылы жүрісінің бұзылғандағын байқаған, сол жақ қол-аяғында ыңғайсыздық сезімі пайда болған. Объективті: сол жақ аяқ-қолының күші жеткілікті бұлшық ет гипотониясы рефлекстер төмендеген, саусақ-мұрын және өкше-тізе сынамасында сол жақтық интенционды тремор байқалады, сол жақтық дисдиадохокинез. Зақымдалу ошағы қай жерде екенін анықтаңыз. Қандай зерттеу әдісін жүргізесіз және қандай мақсатта?
Сол жақ маңдай бөліміндегі көлемді түзілісті анықтау үшін бас миының КТ
Оң жақ маңдай бөліміндегі көлемді түзілісті анықтау үшін бас миының КТ
Мишықтың сол жақ бөліміндегі көлемді түзілісті анықтау үшін бас миының МРТ
Мишықтың оң жақ бөліміндегі көлемді түзілісті анықтау үшін бас миының МРТ
Жоғарғы деңгейде экстрамедулярлы ісікті анықтау үшін жұлын МРТ
1.3.18.3
70 жастағы әйел адам тәртібінің бұзылғандығын байқаған, жүрген кездегі тұрақсыздық соңғы уақытта прогрессирленіп, өздігінен қозғалуын қиындатты. Объективті: интеллект төмендеген, агрессивті, зәр шығаруын бақылау алмайды, өздігінен отырып,жүруіп тұра алмайды. Парез, сезімталдық бұзылыстары, басқа да неврологиялық бұзылыстар жоқ. Неврологиялық синдромды атаңыз және ол қалай пайда болды?
Динамикалық атаксия синдромы, мишықтың сол жақ бөлігі зақымданған.
Динамикалық атаксия синдромы, мишықтың оң жақ бөлігі зақымданған.
Статиколоомоторлы атаксия синдромы, мишық құрты зақымдалған
Қыртысты атаксия синдромы, маңдай-мишықкөпір жолы зақымданған.
Қыртысты атаксия синдромы, самай-шүйде-мишықкөпір жолы зақымданған.
1.4.1.1
Цилиоспинальді орталық мына сегментте орналасқан:
1.C1-C2
2.C5-C6
3.C6-C7
4.C8-D1
5.D3-D4
1.4.2.1
Нерв жүйесінің қандай бөлік зақымдалуында «штампующая» жүріс тән?
1.Доминантты жарты шардың прецентральді ойықшасы
2.Паллидо-нигральді жүйе
3. жұлынның артқы жіпшелері
4.мишық
5.жұлынның алдыңғы жіпшелері
1.4.3.1
Нерв жүйесінің қандай бөлік зақымдалуында «петушиная»жүріс тән?
1.Доминантты жарты шардың прецентральді ойықшасы
2.Паллидо-нигральді жүйе
3. жұлынның артқы жіпшелері
4.улкенсандық нерв
5.кішісандық нерв1.4.4.2
Әйел 45 жаста, оң аяғындағы әлсіздік және сол жақ аяғының және сол жақ кеуде бөлігі қабырға доғасына дейін жансыздануын айтады.Тексеру барысында оң жақ аяқ күші 3 балға дейін төмендеуін және тізе мен ахиллов рефлекстерінің жоғарлауы анықталды,оң жақты Бабинкий симптомы,ауырсыну және температуралық сезімталдықтың сол жақ аяқ және сол жақ кеуде бөлігінің Т8 деңгейіне дейін әлсіреуі.Патологиялық ошақ қайда орналасқан?
жұлынның толық көлденең зақымдалуы мойындық деңгейде
жұлынның сол жақтық зақымдалуы мойындық деңгейде
жұлынның сол жағында жуандаған бөлік аралықта
жұлынның оң жағында жуандаған бөлік аралықта
жұлынның оң жағында белдік жуандаған бөлікте
1.4.5.2
Еркек 65 жаста,екі жыл көлемінде қолында және аяғында әлсіздік өсуде.Тексеру барысында анықталды:қолында-буын және йық алды бұлшықеттерінің атрофиясы,фасцикуляциялар,күшінің 4 балға дейін төмендеуі,көбінесе буындарда,рефлектері төмен,аяғында-күші 3балға дейін төмендеуі,тізе және ахил рефлекстерінің пайда болуы,спастикалық типтегі бұлшықеттің тонусы жоғарлаған,екі жақты Бабинский симптомы.Патологиялық ошақ орналасқан?
жұлынның оң жағында белдік жуандаған бөлікте
жұлынның сол жақтық зақымдалуы мойындыннан жоғары деңгейде
жұлынның сол жағында жуандаған бөлік аралықта
4. жұлынның белдік жуандаған деңгейде зақымдалуы
5. жұлынның мойындық деңгейде зақымдалуы
1.4.6.2
18 жасар балада 4жыл бойы оң жақ аяғында әлсіздік артуда,кейін сол жақ аяғына ауысқан.Тексеру барысында екі аяғының бұлшықеттерінде гипотрофия және фасцикуляциялар анықталған,оң жақ аяқ күші 3 балға,ал сол жақ аяғында 4 балға төмендеген,ахиллов рефлексі шақырылмайды,тізелік рефлекс әлсіз,патологиялық рефлекстер жоқ.Патологиялық ошақ орналасқан?
1. Жұлынның оң жағында белдік жуандаған бөлікте
2. Жұлынның сол жақтық зақымдалуы мойындыннан жоғары деңгейде
3. Жұлынның сол жағында жуандаған бөлік аралықта
перейти в каталог файлов
| Образовательный портал
Как узнать результаты егэ
Стихи про летний лагерь
3агадки для детей |