Білімді бақылау сұрақтары:
Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.
Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.
Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.
Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Гипер- және гипокалиемия, себептері, салдарлары.
Гипер- және гипонатриемия, себептері, салдарлары.
Гипер- және гипокальциемия, себептері, салдарлары.
Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік.
Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.
Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.
Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі
Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары.
Қант диабетінің I және II түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.
Диабеттік синдромның патогензі.Диабеттік команың патогензі.
Қаннты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялардың патогенезі.
Нәруыздардың түзілу және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары. Организмнің азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі. Гиперазотемиялар, түрлері, патогенезі.
Амин қышқылдары алмасуы бұзылыстары. Подагра, этиологиясы, патогенезі.
Гипопротеинемия, анықтамасы, себептері. Организмдегі салдарлары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис- және парапротеинемия туралы түсінік.
Организмге майдың артық және жеткіліксіз түсуі. Майдың сіңірілуімен тасымалдануының бұзылыстары.
Семіру, түрлері, даму жолдары.
Фосфолипидтер, холестерин алмасу бұзылыстары. Гипер- және дислдипопротеидемиялар туралы түсінік, патогенезі.
Ашығу түрлері,себептері. Сумен толық ашығудың сатылары. Ашығу кезіндегі зат алмасу (көмірсу, нәруыз, май, витамин алмасуы) бұзылуының патогенезі. Кахексия, этиологиясы, патогенезі.
Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.
Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.
Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.
Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер, жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.
Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.
№ 1 есеп. № 34. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған.
1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?
2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?
3. Тері асты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?
4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?
5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?
6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.
7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?
№ 2 есеп № 35. 22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне, ентігу мен жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде: беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.
1. Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?
2. Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?
3. Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?
Организм ҚСҮ жағдайлары бойынша есептер шығару АЛГОРИТМІ.
артериялық қанның рН бағаланады.
сарапталады: I. артериялық қанның рСО2; 2. Стандартты гидрокарбонат және буферлік негіздердің ауытқуы.
ион алмасу реакциясы сипатталады (қандағы К, Na, CI¯ ж.б. катиондар мен аниондар).
ҚСҮ көрсеткіштері және несептегі көрсеткіштер (бүйрек қызметі), оларды қандағы ҚСҮ көрсеткіштерімен салыстырады.
организмдегі ҚСҮ жағдайының ауытқуымен қабаттасатын бұзылыстардың қан мен несептің басқа да биохимиялық көрсеткіштері сарапталады
|
| ҚСҮ көрсеткіштері, электролиттік құқрам ж.б. қан мен несептің биохимиялық көрсеткіштері
| Қалыпты жағдай
| Есептер
| №1
| №2
| №3
| №4
| №5
| №6
| Артериялық қанның рН
| 7,35-7,45
| 7,27
| 7,28
| 7,30
| 7,29
| 7,48
| 7,42
| РСО2 (кПА)
| 4,8-6,2
| 3,9
| 4,1
| 7,5
| 3,9
| 3,2
| 6,8
| Стандартты гидрокарбонат (ммоль/л)
| 21-25
| 18,0
| 18,5
| 26,0
| 17,0
| 20,0
| 28,0
| Буферлік негіздердің ауытқуы (ммоль/л)
| -2,4..2,3
| -5
| -5
| 1,3
| -4
| -3
| 6
| Қан плазмасындағы натрий (ммоль/л)
| 134-169
| 160
| 140
| 168
| 125
| 130
| 140
| Қан плазмасындағы калий (ммоль/л)
| 3,8-5,2
| 5,2
| 5,7
| 5,3
| 5,8
| 4,0
| 3,8
| Қан плазмасындағы хлор (ммоль/л)
| 95-100
| 96
| 100
| 92
| 94
| 115
| 82
| Қандағы зәрнәсіл (ммоль/л)
| 3,33-8,32
| 4,6
| 2,1
| 5,25
| 22,4
| 4,6
| 6,22
| Қан плазмасындағы аммиак (ммоль/л)
| 7,14-21,42
| 16,5
| 24
| 14,1
| 25,5
| 15,3
| 16,8
| Кетондық денелер (ммоль/л)
| до 5,2
| 7,2
| 5,6
| 4,0
| 5,2
| 4,2
| 3,5
| Қандағы глюкоза (ммоль/л)
| 4,44-6,66
| 8,8
| 4,45
| 4,3
| 6,1
| 5,8
| 5,24
| Қандағы сүт қышқылы (ммоль/л)
| 0,33-0,78
| 0,8
| 3,0
| 0,85
| 0,62
| 0,42
| 0,34
| Плазмадағы жалпы билирубин (ммоль/л)
| 1,7-20,5
| 1,9
| 10,0
| 16,3
| 1,29
| 12,7
| 16,5
| Диурез (л/тәу)
| 0,6-1,6
| 2,6
| 1,6
| 1,5
| 0,3
| 1,8
| 1,8
| Несептің рН
| әлсіз қышқыл
| 4,6
| 5,2
| 5,4
| 7,4
| 7,9
| 8,0
| Титрлік қышқылдық (мл 0,1 М NaOH/тәу)
| 70-100
| 584
| 547
| 285
| 20
| 44
| 50
| Несептегі аммиак (г/тәу)
| 0,5-1,0
| 2,4
| 1,1
| 1,0
| 0,03
| 0,22
| 0,25
| Несептегі ацетон
| жоқ
| бар
| бар
| жоқ
| жоқ
| жоқ
| жоқ
|
№ 7 есеп. Науқас клиникаға алдын-ала қойылған «миокардтың жіті инфаркті» аңғарымымен түсті.
-
pH
| 7,32
| pCO2
| 38 мм.с.б.б.
| SB
| 18 ммоль/л
| BB
| 36 ммоль/л
| BE
| - 6 ммоль/л
| Қанның МK
| 26 мг%
| ТК
| 45 ммоль/л
| Қорытынды:
№ 8 есеп.№ 15 Науқас коматозды жағдайда.
-
pH
| 7,17
| pCO2
| 50 мм.с.б.б.
| SB
| 15,5 ммоль/л
| BB
| 38 ммоль/л
| BE
| - 13 ммоль/л
| Қанның KТ
| 58 мг%
| ТК
| 70 ммоль/л
|
№ 9 есеп. № 12 Ауруға натрий бикарбонат ертіндісін тамыр ішіне енгізді. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,42
рСО2 40,5 мм с. б.
SB 28,0 ммоль/л
АВ 31,0 ммоль/л
ВЕ 6,5 ммоль/л
№ 10 есеп. № 13 Науқастың бас миы шайқалған, толастамайтын құсу мен ентік байқалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,56
рСО2 26 мм с. б.
SB 24,0 ммоль/л
АВ 17,0 ммоль/л
ВЕ 4,0 ммоль/л № 11 есеп. № 14 Науқаста диффузды гломерулонефрит. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,23
рСО2 34 мм рт. ст.
SB 16,0 ммоль/л
АВ 13,0 ммоль/л
ВЕ - 11,0 ммоль/л
Несептегі ТҚ: 8 мл сілті
Несептегі аммиак: 8 ммоль/л
№ 12 есеп. № 16 Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.
рН 7,42
рСО2 30 мм с. б.
SB 20,5 ммоль/л
АВ 18,0 ммоль/л
ВЕ -4,0 ммоль/л №13 есеп. № 17. Ауруға жасанды өкпе вентиляциясын қолдану арқылы операция жасалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,24
рСО2 69 мм с. б.
SB 18,5 ммоль/л
АВ 28,0 ммоль/л
ВЕ -8,0 ммоль/л № 14 есеп. № 36. Альпинистер тобы және тауға шығу тәжірибесі жоқ дәрігер - зерттеуші, 6 7000 м. биіктікке көтерілуі тиіс еді. 2 8000 м биіктікке дейін көтерілген соң дәрігер шаршап, басы айналып, құлағы шулағандығын сезінді. Бір сағат көтерілген соң дәрігер өзінен (В) және жолдасынан (А) қан алған соң топ әрі қарай көтерілді. 4 5000 м биіктікке көтерілген соң дәрігер ауа жетіспегендігін, денесінің барлық бөлігінің ауырғандығын, бас ауыру, көруінің және қимыл тепе-теңдігінің бұзылғандығын сезді, әрі қарай жүрмеді. Қан алған соң 3000 м. биіктікке түсті. Зертханада жасалынған қан талданымы төмендегідей:
Көрсеткіштер
| А1
| В1
| А2
| В2
| Ph
| 7,43
| 7,46
| 7,35
| 7,32
| pCO2
| 32
| 26
| 30
| 40
| pO2
| 74
| 69
| 58
| 38
| SB
| 20,5
| 20,5
| 18,5
| 18,5
| BE
| +2,5
| +1,5
| -3,5
| -5,5
| Сұрақтар
1. альпинист (А) пен дәрігердегі (В) әртүрлі биіктіктегі ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз.
2. дәрігер-зерттеушіде көтерілудің бірінші және екінші кезеңдерінде ҚСҮ өзгерістерінің тетіктері қандай?
3. ҚСҮ бұзылыстарының түрін анықтау үшін қосымша қандац мәліметтер қажет?
4. дәрігерде гипоксияның қай түрі дамыды?
5. алтпинист пен дәрігердегі ҚСҮ бұзылыстарының сипаты мен айырмашылығын түсіндіріңіз. № 1 есеп. 1-сынып оқушысында дене шынықтыру сабағынан 100 м-ге жүгіруден кейін, өздігінен қайтқан тырыспа-селкілдек және әлсіздік ұстамасы дамыды. Тырыспалар «жарылыс сипаттағы» кез-келген физикалық жүктемелерге қайталанады. Инсулин сөлденісі мен ҚПГ деңгейі қалыпты, физикалық жүктемеден кейін сүт қышқылының деңгейі өзгермейді. Бұлшықеттік биоптатты бояғанда және электрондық микроскоппен қарағанда сарколемманың астында және миофибрилдердің арасында гликогеннің жиналғанын көреміз. Науқастардың бұлшықеттерінде фосфорилаза ферментінің белсенділігі қалыптағыдан 10% төмен болады. Әлсіздік және тырыспа-селкілдек ұстамасынан кейін зәрде миоглобин анықталады.
Сұрақтар:
1. Ұстамалардың себептері қандай болуы мүмкін?
2. Науқасқа қандай ұсыныстар беруге болады?
№ 2 есеп. Клиникаға түскен емшек жасындағы екі монозиготты егіздерде бауырдың ұлғайғаны (гепатомегалия), ашқарынға қан плазмасындағы глюкозаның (ҚПГ) деңгейі төмендегені (гипогликемия) байқалды. ҚПГ мөлшері адреналин енгізгенге шамалы жоғарылайды. Бауыр жасушаларында фосфорилаза деңгейі күрт төмендеп, гликоген мөлшері жоғарылаған.
Сұрақтар:
Егіздерде қандай дерттік үрдіс дамыды?Жауапты негіздеңіз.
Осы дерттік үрдістің мүмкін болатын себептері қандай?
Гепатоциттерде осы дерттік жағдайдың түзілу тетіктері қандай?
Гепатомегалия, гипогликемия және адреналинге әлсіз гипергликемиялық әсердің даму тетіктері қандай?
№3 есеп. 72 жастағы артериалық гипертензиямен зардап шегетін науқас Б.,, соңғы екі жыл ішінде аяқтарындағы мұздау, жансыздану және жүрген кездегі сосын тыныштық жағдайында мазалайтын (көбінесе түнде мазалауға байланысты, ұйқысы да бұзылды) балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. 6-шы айында оң сирағында емге берілмейтін және ауырмайтын жара пайда болды. Науқас дәрігердің қабылдауында жоғарыда аталған шағымдарға, сонымен қатар аузының құрғауына, қатты шөлдеу сезіміне, жиі және көп мөлшерде кіші дәретке шығатынын айтты.
Қарап тексергенде: сирақ терісі құрғақ, бозғылт, ұстап көргенде суық. Артерияларды (табан, шап) сипап қарағанда пульсі білінбейді. Қан талдауында: холестерин, фибриноген, тромбоцит деңгейлері жоғарылаған, ашқарынға ҚПГ деңгейі 8 ммоль/л.
Сұрақтар:
1. Осы науқаста көмірсу алмасуының бұзылысы бар екенін болжауға болады ма ?
2. Ангиопатия дамуы мен көмірсу алмасуының бұзылысы арасындағы патогенездік байланысы қандай?
№ 4 есеп. Ішімдік көп ішетін 45 жастағы науқас соңғы айларда әлсіздік, бас айналу, шөлдеу сезімін байқады. Олар таңертеңгілік уақыттарда айқын білінеді (әсіресе таңғы ас ішпегенде). Әдетте әлсіздікті ішімдік ішумен байланыстырады. Алдыңғы кеште психоэмоциялық жан күйзеліске ұшырады (отбасылық жағдайлар). Таңертең ентігу, күрт әлсіздік, тершеңдік байқады. Көлікте есін жоғалтты.
«Жедел жәрдем» бригадасы шақырылды. Науқасты тексергенде тері жабындылары бозғылт, АҚ 70/45 мм сын.бағ., тахикардия (минутына 120 соққы), тыныс алудың бұзылысы (Чейна-Стокс тынысы дамыды). Науқас ауруханаға жатқызылды.
Сұрақтар:
1. Жағдайды анықтау үшін қандай қосымша тексерулер қажет?
2. Науқаста көмірсу алмасуы бұзылысының қандай түрі дамыды? Науқаста кома және дерттің осы түрінің дамуында әлкөгөлдік уланудың маңызы қандай?
3. Осы дертті қандай жағдайлармен ажыратуға болады?
№ 5 есеп. 60 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Қасына еріп келген туысқанынан сұрау барысында науқастың ұзақ уақыт бойы ҚД-мен зардап шегетіні, қант деңгейін төмендететін дәрілердің аз мөлшерін қабылдайтыны және тұрақты шөлдеуге, жиі, көп кіші дәретке шығатыны анықталды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, көз алмасының межеқуаты және тері тургоры төмендеген, тынысы жиі, беткей, пульсі — 96, АҚ — 70/50 мм сын. бағ., ауық-ауық бет және аяқ-қол бұлшықеттерінің тырыспалық жиырылулары байқалады. Қанның жедел талдауы айқын гипергликемияны көрсетті (17 ммоль/л, рН –7,32, СҚ — 3,2 ммоль/л
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Осы жағдайдың негізгі патогенездік тізбегі қандай? Науқастағы қандай әйгіленімдер сіздің ойыңызға сәйкес келеді?
3. Осы жағдайдың емдеу ұстанымдары қандай? Жауабыңызды негіздеңіз. 1есеп.15 жастағы жасөспірім Н., жүктеме түскенде күшейетін жүрек аймағындағы мезгіл-мезгіл ауру сезіміне шағымданады. Ангиографиялық зерттеу нәтижесінде тәждік артерия саңылауының тарылуы анықталды. Қарап тексергенде: саусақтарында бұлшықет сіңірлері бойымен тығыз, сарғыш, аса үлкен емес төмпешік анықталады (сіңірлік ксантома). Қан сарысуында ТТЛП мөлшері артқан. Қосымша арнайы лимфоциттерге тексеру жүргізгенде ТТЛП рецепторларының азайғандығы анықталды.
Сұрақтар:
Науқаста гиперлипопротеинемияның қай түрі бар?
Атеросклероз және миокард инфарктінің даму қаупі бар ма? Егер бар болса, онда себебі не?
Табылған патологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?
№1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№5. № 22. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.
Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:
Рн
| 7,32
| раО2
| 71 мм с.б.
| раСО2
| 52 мм с.б.
| рvО2
| 47 мм с.б.
| SВ
| 18,6 ммоль/л
| МК
| 26 мг%
| ВЕ
| –5 ммоль/л
|
|
| Na концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо және диспротеинемия; эритроцитоз.
1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.
2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?
3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?
4. Ісінулерді жою үшін қандай емдеу жүргізу керек?
№ 6. № 23. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?
3. Бұл кезде раО2, раСО2, рvO2, рvCO2, SaO2, SvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.
№ 7. № 24. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.
Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.
Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?
2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
№ 11 Тышқандарда гемолиздік анемияны үлгілеу үшін фенилгидразин енгізілді. Фенилгдразинді енгізгеннен жарты сағат өткеннен кейін жануардың қанында эритроциттердің азайғаны, бос гемоглобин және метгемоглобин анықталды.
1. Фенилгидразин әсерінен эритроциттер мембранасы зақымдануының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.
№ 18. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 15 көлемдік %, веналық қанда 10 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 74 %, венада 48%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді? № 19. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді? № 20. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %.
Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді? № 21. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %.
Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген.
О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
№ 25. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?
Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?
Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?
Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
№ 26. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені және қол басы ұстағанда салқындығы анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық тексергенде вена тамырларының кеңейгені, қанағымының баяулағаны көрінеді.
Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуғаболады?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің патогенезі қандай?
№ 27. Балтырында флегмонасы бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 минөттен соң мазасыздық, қорқу сезімі, қимылдық қозғыштық, басының қатты ауыруы, бетінің қызаруы, тершеңдік; АҚ 180/90 мм с.б., пульсі 120 рет минөтіне. Осыған байланысты дәрігер науқастың бөлмесіне барып, кереуетке жатуын талап етті. 20 минөттен соң науқастың жағдайы кенеттен нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, демді шығарудың бұзылысымен сипатталатын ентігу сезімі, есінің көмескіленуі, клоникалық-тоникалық құрысулар; АҚ тез 75/55 мм с.б. дейін төмендеді. Науқасқа дәрігерлік жедел көмек көрсетілді.
Антибиотик енгізгеннен кейін науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды? Жасаған тұжырымыңызға сәйкес мәліметтер келтіріңіз.
Бұл дерттік үрдістің даму тетіктері қандай?
Науқасты осы жағдайдан шығаратын дәрігерлік жедел көмектің шаралары қандай?
№ 28. Тәжірибеге 3 қоян алынды. А қоянына көктамырына пирогенал енгізілді. А қоянынан 5 минуттан соң қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, В қоянының көктамырына енгізілді. 120 минуттан соң А қоянынан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалды және С қоянының көктамырына енгізілді. Қояндардың дене температурасы өлшенді. С қоянында В қоянымен салыстырғанда сарысу енгізілгеннен кейін дене қызымы тез және айқын көтерілді. Не себепті? № 29. 18 жастағы Михаил 6 сағат сағажайда болып, үйге келген соң әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауырғанын, қалтырау, жүрегінің айнығанын сезді. 30 минөттен соң құсты, дене қызымы — 39 °C. Аспирин мен спазмалгон ішкенімен көмектеспеді, дене қызымы 37 °C-қа түскенімен, жағдайы одан әрі ауырлады, Михаил жедел жәрдем шақырды. Ауруханаға барар жолда ол есінен танды, сол себепті реанимация бөлімшесіне түсті.
Науқаста дамыған дерттік үрдіс қалай аталады? Жауабыңызды негіздеңіз.
Оның даму себептері мен сатылары және тетіктері қандай?
№ 30. 7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минөттен соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасаушы тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға да кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.
Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?
Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?
Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?
Аталған ісінуді өмірге қауіпті ісінулерге жатқызуға бола ма?
№ 31. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.
Қай фактор бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Канцероген әсеріне қай фактор тиімді лігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?
Науқаста антибластомды төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?
№ 32. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.
Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?
Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?
№ 33. Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолдарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолының басбармағының тырнағы ұлғайған, қызарған, басқанда ауырады. Қанының жалпы талданымы:солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы нәруыз 77 г/л, альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СРН артқан.
1. Дерттік үрдісті және организмнің жалпы жағдайын сипаттаңыз
2.Қабынудың жергілікті белгілерін және олардың патогенезін анықтаңыз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгісі болуы мүмкін, олардың патогенезі қандай?
№ 37. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.
Дәрігердің қателігін табыныз. –
Шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған естен тану тетіктері қандай?
Осындай жағдайларда мыйдағы қан айналым бұзылыстарына қандай икемделістік тетіктер болуы мүмкін?
Неліктен осы науқаста қан айналым жүйесінің икемделістік тетіктері әсерсіз болды?
№ 38. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Сұрақтар:
1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
№ 39. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?
№ 40. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
1.Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады? № 41. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.
1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.
2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?
3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады? № 42. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.
1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?
2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
№ 43 есеп. Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (сипағанда ауыру сезімі бар).
Сұрақтар:
1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?
2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет?
3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?
4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді? № 44. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан соң, химиотерапия емінен кейін бір жылдан соң сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде өспе жасушалары анықталды, құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас.
1. Осы ерекшеліктерді қалай түсіндіруге болады?
● жаңа өспенің пайда болуымен?
● өкпедегі өспенің қайталануы?
● өкпе өспесінің метастаздануы?
2. Ерекшеліктердің даму тетігін түсіндіріп, жауапты негіздеңіз.
№ 45. 50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанды және асқазан сөлін зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.
Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.
1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?
2. Науқастың жүдеуінің (кахексии) даму тетігі қандай? перейти в каталог файлов
| Образовательный портал
Как узнать результаты егэ
Стихи про летний лагерь
3агадки для детей |