Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
ДДҰ-ның сарапшылары ұсынған (1979 ж) жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) жіктемесі бойынша:
● аяқ астынан жүрек тоқтап қалуын немесе күтпеген коронарлық өлімді;
● стенокардияны:
√ тұрақты жүктемелік стенокардияны;
√ коронарлық Х синдромды;
√ вазоспазмдық стенокардияны;
√ тұрақты емес стенокардияны;
● миокард инфарктын;
● кардисклерозды;
● ЖИА-ның ауырмайтын түрін - ажыратады. Күтпеген коронарлық өлім миокардтың электр белсенділігі тұрақсыз болуына байланысты – деп жорамалданады. ЖИА-ның басқа түрлері немесе басқа ауру анықталмағанда ғана аяқ астынан жүрек тоқтап қалуын ЖИА-ның бір түріне жатқызуға болады. Тірілтетін емшаралар қолданылмағанда немесе олар нәтижесіз болғанда жүректің бірден тоқтап қалуы күтпеген коронарлық өлім делінеді. Ол куәгерлердің көз алдында немесе жүрек қыспасы басталғаннан кейін 6 сағаттың ішінде дамуымен көрінеді. Миокард инфарктынан ерте кезеңде дамыған өлімді күтпеген коронарлық өлімге жатқызуға болмайды.
Осындай жағдай туа біткен кардимиопатиялардың бір түрі аритмия туындататын оң жақ қарыншаның дисплазиясы – деп аталған тұқым қуатын дерт кезінде де байқалады. Гендердің ауытқулары 14q23- q24 және 1q 42- q43 локустарында орналасады. Бұл дерт кезінде оңжақ қарыншаның ішінде сыртқы қабырғасына фиброздық май тіндері артық жиналып қалады. Бұндай ауытқулары бар, жүрек ауруларына ешбір шағым айтпайтын, жас ер адамдардың жүрегі аяқ астынан, күтпеген жерден, әсіресе ауыр физикалық жүктемелерден кейін, кенеттен тоқтап қалады.
Жүктемелік стенокардия - миокардтың оттегіге мұқтаждығын көтеретін физикалық жүктемелер, көңіл-күйдің қатты қобалжулары кездерінде төс астында өткінші ауыру ұстамалары пайда болуымен көрінеді. Әдетте бұл ауыру сезімі сол қол мен жауырынға беріледі. Стенокардия ұстамасының ұзақтығы 1–10 минутқа дейін созылады. Жүктеме тоқтағаннан кейін немесе тіл астына нитроглицеринді салғаннан кейін 2-3 минуттан соң ауыру сезімі жоғалады.
Тұрақты жүктемелік стенокардия 3 ай бойы белгілі деңгейдегі жүктемеге жауап ретінде төс астында ауыру сезімінің ұстамасы немесе оның алдында ЭКГ өзгерістері ұдайы пайда болуымен байқалады.
Физикалық жүктеме түсуі тұтас организмнің оттегіге және энергия түзілуіне қажетті заттарға мұқтаждығын арттырады. Соған жауап ретінде тахикардия дамиды. Ол өз алдына жүректің оттегіге мұқтаждығын көтереді. Бұл кезде коронарлық артериялардың белгілі жерге орныққан атеросклероздық бүліністерден тарылуынан жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастардың кардиомиоциттеріне оттегі жеткізілуінің ұлғаю мүмкіншілігі қатты азаяды. Содан жүректің оттегіге мұқтаждығы мен оның кардиомиоциттерге жеткізілуінің арасында сәйкессіздік пайда болады, миокардта циркуляциялық гипоксия дамуынан жүрек қыспасы байқалады.
Жүректің ишемиялық ауруымен сырқаттанған науқастардың көпшілігінде физикалық жүктемеге жауап ретінде шеткері қан тамырларының жалпы кедергілік қасиеті көтерілуімен көрінетін дерттік серпіліс байқалады. Ол өз алдына солжақ қарыншаның жұмысын ауырлатып, коронарлық артериялардың атеросклероздық тарылуы бар науқастарда физикалық жүктемеге стенокардия ұстамасы пайда болуына әкеледі.
Жүрек қыспасы физикалық жүктеменің қай деңгейінен асқанда пайда болатынын байқау үшін әр науқасқа тән жүрек соғу жиілігі мен орташа артериалық қысымның деңгейін анықтау маңызды.
Жүктемелік жүрек қыспасының дәрежесін жүрек дерттерін зерттейтін Нью-йорк бірлестігі (ЖНБ) мен Канада жүрек-қантамырлар қоғамы (КЖҚҚ) ұсынған жіктеулер бойынша анықтауға болады (-кесте).
- кесте
Миокардта ишемияның ауырлық дәрежелері
дәреже
| ЖНБ
| КЖҚҚ
| I
| қимылдық әрекеттерді шектемейтін жүректің ишемиялық ауруы
| әдетті қимылдық әрекеттер (жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу) кездерінде жүрек қыспасының ұстамасы байқалмайды. Ол қарқын-ды және ұзақ физикалық жүктеме-лерден кейін ғана дамиды.
| II
| күш жұмсауды шамалы шектейтін жүрек қыспасы
| күнделікті күш жұмсайтын белсенділік шамалы шектелген. Жоғары жүру және баспалдақпен көтерілу жылдамдығы жүрек қыспасы нәтижесінде баяулаған. Тамақ ішу және суық темпера-тураның әсерлерінен стенокардия дамиды.
| III
| қимыл-қозғалысты қатты шектейтін жүрек қыспасы-ның ұстамасы. Тыныштық жағдайда ол болмайды
| қимыл-қозғалыс қатты шектелген. Науқас жайдақ жерде 1-2 көшеге дейін ғана стенокардияның ұстама-сынсыз жүре алады.
| IV
| тыныштық жағдайдың өзінде стенокардия ұста-масы байқалады және ол физикалық жүктемеден кейін үдей түседі
| кезкелген физикалық күштену стенокардия дамытады. Стено-кардия тыныштық жағдайда да пайда болуы мүмкін.
| перейти в каталог файлов
| Образовательный портал
Как узнать результаты егэ
Стихи про летний лагерь
3агадки для детей |