Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
qrcode

Клиническая патофизиология 2010. Алматы 2010 Кіріспе


НазваниеАлматы 2010 Кіріспе
АнкорКлиническая патофизиология 2010.doc
Дата05.01.2018
Размер22.3 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаКлиническая патофизиология 2010.doc
ТипДокументы
#34144
страница103 из 109
КаталогОбразовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   109

Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары



50-60 жастағы ер адамдарда жас ұлғаюына байланысты жыныстық қызметтің кері дамуы байқалады. Бұл кезде Лейдиг жасушаларының кері дамуынан тестостерон түзілуі кеміп қанда андрогендердің мөлшері азаяды. Ол өз алдына гипоталамуста гонадолиберин түзілуін, адено-гипофизде лютропин мен фоллитропин өндірілуін арттырады. Содан қан сұйығында эстрон мен эстрадиолдың мөлшері ұлғаяды. Осымен бір мезгілде қан сұйығында бауырда өндірілетін жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиндердің мөлшері көбейеді. Сол себепті атабездерде өндірілген аз тестостеронның өзі глобулиндермен байланысып, белсенділігін азайтады. Бұл кезде эстрогендердің глобулин-дермен байланысуы азаюынан олардың эстрогенге сезімтал жасушаларға әсері күшейеді. Сондықтан еркектің емдегі ұлғайып гинекомастия т.б. белгілер пайда болады. Эстрогендер еркектердің жыныстық қабілетін төмендетіп, жыныстық нәпсісін әлсіретеді, атабездің семуін туындатады. Бұл кезде атабездің кері дамуы қалқанша бездің, бүйрекүсті бездердің сыртқы қабатының және басқа бездердің қызметтері төмендеуімен қабаттасады. Қартая бастаған нысана-жасушалардың сыртқы қабық-тарында нәруыздық гормондарды қабылдайтын арнайы рецепторлары мен цитоплазмасында стероидтық гормондардың рецепторлары азаяды. Қартаю кезінде ұрпақ өрбіту, бүйрекүсті бездерінің сыртқы қабаты т.б. жүйелердің өзгерістері сәйкес гормондардың әсерін қабылдайтын нысана-ағза жасушаларында дистрофия дамуын туындатады. Мәселен, кейбір стероидтық гормондардың метаболизміне қатысатын қартая бастаған дәнекер тінде фибробластардың қатты өсіп-өнуі көбейеді, ұлпалық жасушалар азаяды және ағзада фиброз дамиды.

Аталық жасушалардың ауытқулары. Ұрық шығаратын өзекшелерде тегіс салалы ет талшықтарының жиырылулары нәтижесінде жетілген сперматозоидтар тасымалданып, қуықасты безге жақын орналасқан ұрық көпіршіктеріне жиналады. Олардың ішіне түскен аталық жасушалар эпителий жасушаларының сөлімен араласып, жыныстық құшырланыс кезінде шәуһетпен шығарылады. Қалыпты жағдайда шәуһетте 160 миллион шамасында сперматозоидтар болады. Атабез қосалқылары қоршаған ортаның оңтайлы құрамында сперматозоидтардың жетілуін, белгілі мерзімде жетілген аталық жасушалардың сақталуын және жыныс мүшесі арқылы олардың шығарылуын реттейді. Атабез қосалқыларынының өзекшелері арқылы сперматозоидтар қозғалғанда олар эпителиоциттер өндіретін сөлдің әсеріне ұшырайды. Өзекшелердің эпителиоциттері Na+- K+-АТФазаның қатысуымен натрий мен суды кері қанға сіңіреді. Бұл эпителий жасушалары айналымдағы қаннан нәруыздарды, липидтерді, иондар мен басқа өнімдерді қабылдап алып, оларды, атабез қосалқыларының өзекшелері арқылы өту кезінде аталық жасушаларының мембранасымен байланысатын, арнайы нәруыздарға айналдырады. Бұл нәруыздар сперматозоидтардың жетілуіне, олардың қимыл-қозғалысына ықпал етеді. Сонымен атабез қосалқылары сперматозоидтарды қоректендіреді, жинақтайды және тасымалдайды.

Олардың бұл қызметтері бұзылғанда ұрықтандыру қабілетінен айырылған аталық жасушалар құрылады. Атабез қосалқыларының қоректендіру қызметінің бұзылуы эпителий жасушаларының сөлденістік немесе кері сіңірімдік (реабсорбциялық) қабілеті өзгерістерінен болады. Эпителий жасушаларының мембраналары арқылы натрий, хлор, гидрокарбонат иондарының секрециясы бұзылыстарынан ұрық өзекшелерінің саңылауындағы сөл сұйылып кетеді, оның тұтқырлығы азаяды. Осыдан толық жетілмеген және ұрықтандыру қабілетінен айырылған сперматозоидтар шәуһетке түседі.

Ұрық өзекшелерінің қабырғаларындағы тегіс салалы ет талшықтарының қимылдық әрекеттері артып кетуінен де қалыптыдан ауытқыған аталық жасушалар қалыптасады. Олардың перистәлтикасын альфа-адренорецепторларға әсер ететін норадреналин және пуринергиялық рецепторлармен байланысатын пуриндік қосындылар күшейтеді. Осыдан ұрық өзекшелері сұйығының тасымалдану жылдамдығы артып, шәуһетте қалыптыдан ауытқыған көп аталық жасушалар пайда болады. Атабездерде өндірілген аталық жасушалардың ақауларынан аналық жасушаның ұрықтануы болмайды. Өйткені: сперматозоидтар атабездер қосалқыларының ұрық жолы өзекшелері арқылы өткен кезде қимылдық қозғалу қабілетін қабылдап қана аналық жасушаны ұрықтандыра алады.

Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ГГЖЖ) бұзылыстары
ГГЖЖ қызметінің өзгерістері бала дамуының туылғаннан кейінгі ерте кезеңдерінің өзінде маңызды орын алады. Өйткені: бұл жүйеде өндірілетін жыныстық гормондар гипоталамус пен лимбикалық жүйенің ерлерге немесе әйелдерге тән нақтылануы үшін қажет. Ер балаларда және ересек еркектерде бұл жүйе белсенділігінің өзгерістері гипо-және гипергонадизм түрлерінде көрінеді.

Гипогонадизм біріншілік және салдарлық болып ажыратылады. Біріншілік гипогонадизм:

● атабездердің эндокриндік жасушаларының бүліністерінде;

● атабездер жетілуінің гендік бұзылыстарында– байқалады.
Атабездердің эндокриндік жасушаларының бүліністері иондағыш сәулелердің, әртүрлі дәрілердің т.б. әсерлерінен байқалады. Фолликулалық жасушаларының бүлінуінен олардың цитоплазмалық рецепторларымен фоллитропиннің байланысуы азаяды. Осыдан құрылымдық нәруыздар түзілуі, андрогендерді байланыстыратын нәруыз, тестостерон өндірілуі азаяды, олардың жасуша сыртылық сұйыққа бөлініп шығарылуы кемиді. Сонымен қатар, хош иістендіру үрдісі, ингибин, плазминогеннің әсерлендіргіштері түзілуі мен секрециясы, лютропин мен өсу факторы тәрізді пептид өндірілуі тежеледі. Ингибиннің тапшылығынан Лейдиг жасушаларының лютропин мен өсу факторына сезімталдығы төмендейді және тестостерон өндіру қабілеті кемиді. Тестостерон жеткіліксіздігінен еркекке тән дене бітімі қалыптасуы тежеледі, жыныс мүшесінің өсуі, сперматогенез бұзылады, белсіздік т.с.с. белгілер пайда болады. Тін жасушаларында нәруыздар түзілуі азаяды.

Атабездер жетілуінің гендік бұзылыстары. Адамда Y-хромосомасы еркектік пішін қалыптасуын және сперматогенезге қабілетін айқындайды. Y-хромосоманың ұзын иығында сперматогенезді қадағалайтын гендер жинақталған. Бұл хромосоманың мутациясы кезінде осы геннің қызметі бұзылады да, атабездерде сперматозоидтар өндіретін жасушалар болмауынан азоспермия дамиды. Y-хромосоманың ауытқуларынан еркектерде 47XXY, 48XXXY кариотиптері қалыптасуы ықтимал. Бұндай гендік ауытқуларға қанда фоллитропиннің мөлшері көптігімен және қалыптыға жуық мөлшерде лютропин мен тестостерон болуымен көрінетін гипергонадотроптық гипогонадизм дамуы тән құбылыс. Осы белгілерімен Y-хромосоманың ұзын иығының туа біткен ақауы андрогендерге арнайы рецепторлардың ауытқуы бар науқастардан ерекшеленеді.

47XXY немесе 48XXXY кариотиптер Клайнфельтер синдромы дамуымен сипатталады. Бұндай науқастарда тіпті жыныстық жетілу кезеңнің өзінде атабездердің эндокриндік қызметі үдемелі түрде жоғалады, Лейдиг жасушалары семіп қалады, тестостерон өндірілуі азаяды және ұрықтық өзекшелердің дамуы тежеледі. Бұл кезде аденогипофизде лютропин мен фоллитропиннің артық өндірілуі атабездер жасушалары толық жетілмеуінен оларға әсер етпейді. Клайнфельтер синдромының клиникалық көріністеріне науқастың бойы биік болуы, дене бітімінің әйелдерге ұқсауы, белсіздік, атабездердің өспеуі, гинекомастия, ермүшенің жетілмеуі, семіру, көктамырлардың керіліп кеңеюі жатады. Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде азоспермия, қанда тестостерон деңгейінің төмен болуы, эстрадиолдың, лютропин мен фоллитропиннің мөлшері артуы, эстрадиол/тестостерон арақатынасының үлкеюі анықталады.

Гендік ақаулардан туа біткен андрогендерді байланыстыратын арнайы рецепторлардың нәруыздық құрамбөлшектерінің түзілмеуінен еркектік жалған гермафродитизм дамиды. Бұндай науқас еркектерде қалыпты кариотип (46XY) сақталады. Соған қарамай бұл кезде эстроген-дердің әсері басым болғандықтан науқастың дене бітімі әйелдерге ұқсайды.

Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатында гендердің ауытқуларынан дамитын глюко- және минералокортикоидтардың түзілуі жеткілік-сіздігінен адреногениталдық синдром дамиды (бүйрекүсті бездерінің патофизиологиясын қараңыз). Дерт дамуының негізінде жекелеген гендердің мутациясы жатады. Глюко- және минералокортикоидтардың тапшылығына аденогипофиз кортикотропинді артық өндірумен жауап қайтарады. Бұндай жағдайда кортикотропин бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатында андрогендердің басым өндірілуін арттырады. Осыған байланысты ұл балалардың жыныстық дамуы ерте байқалады.
Атабездерінің біріншілік жеткіліксіздігінен жыныстық кәмелетке жеткенге дейінгі кезеңде біріншілік гипогонадизм атабезде фолликулалық (Сертоли) жасушаларымен фоллитропин байланысуы азаюынан жыныстық жетілу бұзылуымен көрінеді. Бұл кезде қан сұйығында гонадотропиннің, әсіресе фоллитропиннің, мөлшері көбейеді және олар несеппен шығарылады. Бұндай жағдай жыныстық және ұрпақ өрбіту қызметтерін реттейтін либериндерді өндіретін гипоталамус нейрондарының белсенділігі жоғары болуынан байқалады. Сол себепті оны гипергонадотропты гипогонадизм дейді.

Басқа нысана-жасушалардың сыртындағы рецепторлармен дигидро-тестостеронның байланысуы азаюынан екіншілік жыныстық белгілердің дамуы бұзылады.

Ересек еркектерде біріншілік гипогонадизм дамуынан ерте кекселену (климакс) немесе жыныстық жеткіліксіздік синдромы дамиды. Ол жыныстық мүшенің дамымауымен, жыныстық нәпсінің болмауымен, белсіздік және гинекомастия дамуымен, бұлшықеттердің әлсіздігімен, қасаға, қолтық асты, бет аумақтарында жүн өсуі азаюымен көрінеді. Сонымен қатар, бұл кезде аталық жасушалар өндірілуінің жеткіліксіздігі және шәуһетте фруктозаның аздығы байқалады. Қалыпты жағдайда шәуһетте 1200-3500 мкг/мл фруктоза болады.

Салдарлық гипогонадизм идиопатиялық гипогонадотропиндік гипогонадизм делінеді. Ол гипоталамус ядроларының біріншілік бүліністерінен дамиды және несепте гонадолиберин және 17-кето-стероидтар болмауымен немесе тым аз болуымен (гонадолиберин 6 ХӨ/тәулігіне мөлшерінен аз, кетостероидтар 2-9 мг/тәулігіне) көрінеді. Оның дамуына гипофиздің хромофобтық аденомасы, кейде мыйдың жарақаты немесе т.б. себепкер ықпалдар болуы мүмкін. Гипоталамус нейрондарының бүліністері нәтижесінде жыныстық гормондардың аз деңгейіне гонадолиберин өндіріп жауап қайтармайды, мый бағанасы орталықтарының белсенділігі өзгереді.

Гонадолиберин жеткіліксіздігі пайда болу мерзіміне қарай әртүрлі көріністермен сипатталады. Жыныстық жетілуге дейінгі кезеңде гонадолиберин жетіспеуінен, адамның бойы өсуі қалыпты болуына қарамай, жыныстық жетілу кешеуілдейді. Гипоталамустық жыныстық жетілу алдындағы гипогонадизм 6-7 жасар ер балаларда ума мен жыныс мүшесінің дамымауымен көрінеді. Жыныстық жетілу кезеңінде ер адамдардың бетіне, қолтық астына және қасағасына жүн шығуы болмайды немесе тым аз болады. Ермүшесі мен ендері кішкене болады, жиі дененің толықтылығы байқалады. Қанда тестостерон аз болуынан жыныстық нәпсі болмайды. Гонадотропин бөлініп шығарылуы жетіспеуінен фоллитропин қалыпты мөлшерде өндіріліп, тек лютропиннің өндірілуі азаюы мүмкін. Бұл жағдайда белсіз евнухтық синдром дамиды. Лютропин қалыпты мөлшерде өндіріліп, тек фоллитропин өндірілуі азайғанда олигоспермия, ұрық өзекшелерінде эпителий жасушаларының аплазиясы дамиды. Толық азоспермия фоллитропин мен тестостерон өндірілуі біріккен түрде азайғанда байқалады.

Сперматогенез бауыр қызметінің жеткіліксіздігі кезінде де бұзылады. Өйткені: бұл кезде эстрогендердің ыдыратылуы тежеледі. Содан эстрогендердің қанда көбеюі кері байланыс бойынша фоллитропиннің өндірілуін тежейді, атабездердің семуіне әкеледі.

Мый орталықтарынан пайда болған гонадолибериннің артық өндірілуі фоллитропиннің бөлініп шығарылуын сұрыптап көтеруі мүмкін. Осыдан ұрық өзекшелерінде эпителий жасушаларының аплазиялық синдромы дамиды. Бұл кезде Сертоли және Лейдиг жасушалары қалыпты күйінде сақталады, бірақ Сертоли жасушалары ингибинді аз өндіреді. Содан Лейдиг жасушаларының лютеиндейтін гормонға және өсу факторларына сезімталдығы азайып тестостерон түзілуі азаяды.
Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
Ересек жас еркектерде қуықасты безінің салмағы 20 г. мөлшерінде болады. Без строма мен ұлпадан тұрады және олардың арақатынасы 2:1 теңеледі. Без қапшығының стромасы көптеген тегіс салалы ет жасушалары мен дәнекер тіндік талшықтардан тұрады. Оның ұлпасында сөл бөлетін эпителий жасушалары басым болады және онда, стромасына қарағанда, ет жасушалары мен дәнекер тіні біршама аз кездеседі. Қуықасты безінің қызметі дербес жүйке жүйесімен реттелінеді. Ол симпатикалық жүйкеленуді құрсақ асты жүйкеден, парасимпатикалық жүйкеленуді жамбас жүйкесінен алады. Дербес жүйке талшықтары М-холинорецепторлары, α1- және α2-адренорецепторлары мен дигидропиримидиндік рецепторлары бар сөлденетін эпителий және тегіс салалы ет жасушаларына келеді. Қуықасты бездің ішкері аумағында бета2-рецепторлары көп болады. М-холинорецепторлары α1-рецептор-ларынан шамамен 3 еседей артық болады. Эпителий жасушаларында М-холинорецепторлары стромамен салыстырғанда 70 есе көп кездеседі. Альфа-1-рецепторлары негізінен бездің стромасында, альфа-2-рецепторлары тамыр қабырғаларындағы тегіс салалы ет жасушаларында басым орналасады. Сол себепті симпатикалық жүйке жүйесі қозғанда бездің стромасында альфа-1-рецепторлары бар тегіс салалы ет талшықтары жиырылуынан без ішінде қысым көтеріледі. Бұл кезде үрпі түтігінің қуықасты без жағындағы бөлігі жиырылады да несеп шығарылуына бөгет пайда болады.

Қуықасты без сыртына сөл шығаратын және қанға гормон бөліп шығаратын инкрециялық қызметтер атқарады.

Сыртқа сөлденістік қызметі. Қуықасты без сыртына тәулігіне 1 мл-ге дейін сөл бөліп шығарады. Бұл сөл шәуһеттің құрамына енеді. Сөлдің құрамында протеазалар, мырыш және полиаминдер (спермин, спермидин, путресцин) өте көп болады. Протеазалар шәуһетті және іншек (қынап) шырышын (әсіресе жатыр ернеуінде) ыдыратып, аталық жасушалардың жатыр қуысына өтуін жеңілдетеді. Қуықасты без сөлінің құрамындағы мырыш шәуһеттің және іншектің шырышты қабықта-рының бактерияларға қарсы қорғаныстық қабілетін қамтамасыз етеді. Полиаминдер жасушалардың өсіп-өнуін сергітеді.

Бездің инкрециялық қызметі қандағы тестостеронның деңгейіне байланысты болады. Бұл гормон іштегі ұрық дамуы кезінде қуықасты бездің эпителий жасушаларының өсуін, нақтылануын, туылғаннан кейінгі кезеңде олардың қызмет атқаруын қадағалайды. Тестостеронның деңгейі төмендеуінен эпителий жасушаларында апоптоз дамуы мен РНҚ, нәруыздардың түзілуі бұзылады. Бос тестостерон қанмен қуықасты безіне қалыпты мөлшерде түскенде ол 5-альфа-редуктаза ферментінің қатысуымен дигидротестостеронға айналады. Жасушалар цитоплазма-сында бұл гормон жақсы арнайыланған нәруыздық рецепторлармен жартылай байланысады. Содан пайда болған «стероид-рецептор кешені» ядроға еніп, хромосоманың байланыстыратын бөлігімен (локусымен) әрекеттеседі. Осыдан арнайы құрылымдық геннің әсерленуі басталады. Қуықасты без тініне тестостерон әсер еткеннен кейін 1 сағат өткен соң без жасушаларының ядроларында РНК-полимераза ферментінің белсенділігі көтеріледі. Қуықасты безде түзілген барлық дигидротестостеронның 90%-ы атабезде өндірілген тестостероннан, 10%-ы бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатында түзілген андрогендерден пайда болады.

Тестостерон мен дигидротестостерон мый тінінде, бұлшық-еттерде, ұрық өзекшелерінде андрогендерге жақсы арнайыланған нәруыздық рецептормен байланысады. Бірақ, тестостеронға қарағанда, соңғысының байланысы тұрақтырақ болады. «Тестостерон-рецептор» және «дигидро-тестостерон–рецептор» кешендері андрогендерге-тәуелді гендердің транскрипциясын көтеретін және нәруыздар түзілуін сергітетін ДНК молекуласының бөліктерімен байланысады. Бұл болмаған жағдайда андроген-тәуелді жасушалар семіп қалады және тіршілігінен айырылады.

Жас ұлғаюына қарай қуықасты бездің кері дамуы нәтижесінде үрпі түтігі қойнауларында эпителий жасушаларының гиперплазиясы дамиды. Олар жуандап, куб тәрізді болып өзгереді. Біртіндеп стромалық түйіндер талшықты ет тәрізді пішін қабылдайды, оларға эпителий жасушалары еніп кетеді. Гиперплазияға ұшыраған қойнаулардың көлемі ұлғаюынан без ісінеді және оның массасы үлкейеді. Қартаю баяу өткен кезде қуықасты бездің сөлденісінде қалыптыдан сапалық ауытқулар болмайды. Бірақ сөл бөлінуі шектеледі, шәуһеттің көлемі және онда аталық жасушалардың саны қатты азаяды. Қанда тестостеронның деңгейі қалыпты мөлшерге жуық болған жағдайда қуықасты безінде дигидротестостеронның аз өндірілуі әдетте жыныстық нәпсіні және эрекциялық функцияны өзгертпейді.

Қуықасты бездің аденомасы без тінінің, әсіресе стромасының, андрогенге-тәуелді ошақты гиперплазиясы. Бұл кезде строманың массасы қалыптыдан 5 есе ұлғаяды. Қуықасты безінің аденомасы без тінінде жекелеген гиперплазиялық түйіндер пайда болуымен сипатталады. Бұл түйіндердің құрамына ең кемінде төрт түрлі жасушалар (миоциттер, миоэпителиоциттер, фибробластар және бездік эпителий жасушалары) енеді. Басында фибробластардың өсіп-өнуі артады, артынан басқа жасушалар да өне бастайды. Осыдан әртүрлі жасушалардың өзара қатынасы бұзылады. Жасушалар өз беттерінше көбейе бастағандықтан қуықасты бездің әр бөліктерінде бірнеше түйіндер қалыптасады. Аденома дамуының себебі болып жас ұлғаюына байланысты қанда тестостеронның мөлшері және қуықасты без жасушаларында бұл гормонға арнайы рецепторлар түзілуінің азаюы есептеледі. Бұндай өзгерістер әдетте еркектерде атабездің қызметі кеми бастаған және тестостерон өндірілуі азайған кезеңде байқалады. Андрогендердің ішінде 5-альфа-дигидротестостерон аденома дамуында ең маңызды орын алады. Жасушаларда гендердің, солардың ішінде 5-альфа-редуктаза ферменті генінің, белсенділігі (тестостерон аздығынан) андрогендермен қадағалан-байды. Сол себепті қанда 5-альфа-дигидротестостеронның деңгейі ұлғайып кетеді. Бұл гормон жасушалар ядроларының арнайы рецептор-ларымен байланысып гиперплазиялық өсуді арттырады. Осылай қуықасты безде аденома дамуына әкеледі. Гиперплазия үрпі түтігінің ұрық өзекшесі енетін ортаңғы бөлігін қоршаған без тінінің бөліктерінде басталады. Гиперплазияның қарқындауы безге талшықты ет талшық-тарының еніп кетуіне жиі әкеледі.

Қуықасты бездің гиперплазияға ұшыраған бөліктерінде симпатикалық медиаторлардың әсерлеріне тегіс салалы ет талшық-тарының сезімталдығы көтеріледі. Сондықтан әртүрлі ауыртпалықтар кездерінде қанда катехоламиндер көбеюінен простатаның тегіс салалы ет талшықтары ширығып, үрпі түтігі арқылы несептің өтуін бұзады. Без тінінде талшықты ет жасушалары тым көп өскенде простатаның көлемі ұлғаяды, үрпі түтігі қысылып қалады, несеп шығарылуы қиындап қуықта іркіледі, артынан бүйрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі дамуына әкеледі.

1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   109

перейти в каталог файлов

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей