Қанда калий мен хлор азаяды, гидрокарбонаттар көбейеді, гемоглобиннің оттегіге үйірлігі артып, оксигемоглобиннен О2-нің жасушаларға берілуі қиындайды.
Тыныс жүйесінде мыйдағы тыныстық орталық тежеліп, өкпенің желдетілуі азаяды. рСО2-ның қандағы деңгейіне тыныстық орталықтың сезімталдығы төмендеген болады. Тыныстық гипоксия дамиды.
Жүрек-қан тамырлар жүйесінде жасушалар ішілік ацидоздың пайда болуынан аяқталмаған диастолалық синдром даму қауіпі пайда болады. Бұл кезде жүректің қуыстары қанға толық толмайды, жүрек шығарымы азаяды, қарынша үстілік және қарыншалық аритмиялар дамиды Қан тамырлары қабырғаларындағы жасушаларда калийдің азаюы тегіс салалы ет талшықтарын босаңсытады, тамырлардың межеқуатын төмендетеді. Осыдан тіндерде микроциркуляция бұзылады, қан дерттік қорларға жиналады. Бұл өз алдына ағзалар мен тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін одан сайын кемітеді. Осыдан және тыныстың бұзылыстарынан дамыған гипоксемия метаболизмдік ацидоз дамуына әкеледі.
Ішек-қарын мен бүйрек метаболизмдік алкалоз дамуында ерекше орында тұрады. Ұзаққа созылған толастамайтын құсу кезінде организмнен Н+ мен хлор көптеп шығарылады. Ішек сөлімен гидрокарбонаттар көптеп шығарылуы айналымдағы қанның көлемін, онда калий иондарын азайтады. Бастапқы кезінде несеппен натрий және гидрокарбонат аниондары көптеп шығарылады. Содан несептің рН 6,5 жоғары болады. Артынан қан сұйығында К+ мен хлордың және жасушасыртылық сұйық пен айналымдағы қан көлемі азаюы әлдостерон өндірілуін күшейтеді. Ол өз алдына гидрокарбонаттардың несептен кері сіңірілуін көбейтіп, қан сұйығында олардың мөлшерін көтереді. Неғұрлым айналымдағы қан көлемі аз болса, соғұрлым бикарбонаттардың несептен кері сіңірілуі көп болады. НСО3- жасуша ішілік фосфаттар мен нәруыздардан босаған Н+ иондарымен бейтарапталады.
Қаңқа бұлшықеттерінде гипокалиемияның және гипомагниемияның нәтижесінде ет талшықтарының қозымдылығы көтерілуі мезгіл-мезгіл аяқ-қолдың тартылып қалуына әкеледі.
Гиперкапниядан кейінгі метаболизмдік алкалоз өкпенің обструк-циялық аурулары кездерінде созылмалы тыныстық ацидозы бар науқастар қол жұмысын атқарғанда тыныс алу жиілеп, СО2 деммен шығарылуы артуынан дамиды. Бұл кезде тыныстық алкалоз дамиды. Сонымен бірге Na+ мен Cl- иондарының және қышқыл өнімдердің несеппен көптеп шығарылуы оған метаболизмдік алкалоз дамуын қосады. Гипервентиляцияның нәтижесінде қанда рСО2 күрт азаюы тыныстық алкалоздың теңгерілу тетіктерін тез арада метаболизмдік алкалоздың икемделу жолдарына ауыстыра алмайды. Осындай жағдайды постгиперкапниялық метаболизмдік алкалоз дейді. Оның дамуында хлор иондарының қанда азаюы маңызды орын алады. Сондықтан организмге жетіспейтін хлордың орны толықтырылмай постгиперкапниялық метаболизмдік алкалоз теңгерілмейді.
Бұл алкалозды емдеу үшін су мен электролиттер алмасуын ретке келтіру, калий мен хлор иондарының орнын толтыру қажет. Организмде гиповолемия және гипохлоремия болғанда натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін енгізу бүйректің қанайналымын жақсартып, бикарбонаттардың несеппен шығарылуын арттырады. Кейде инсулин қосылған глюкоза сұйығын енгізуге болады. Зәрайдатқы диакарб, бүйрек түтікшелерінде гидрокарбонаттардың кері сіңірілуін тежеп, жағымды әсер етеді.
 Липидтер алмасуларының бұзылыстары
Семіздік
Май тіні мен гипоталамус өзара дабылмен (сигналмен) алмасып тұрады. Осыдан адамның тәбеті, тағамның бойға сіңуі, энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері байланысты болады.
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып гипоталамус есептеледі. Оның вентролатералдық ядроларында «аштық» сезімінің орталығы, ал вентромедиалдық ядроларында «тойыну» сезімінің орталығы орналасқан. Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші әсер етеді. Жануарлардың вентролатералдық ядроларын электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып, олар қатты ариды және ашығудан өліп қалады. Ал, олардың вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі болмайды да, олар тамақты көп жеп, қатты семіріп кетеді.
Ішек, әсіресе ұлтабардың, гормондары тамақ қабылдауға жауап ретінде өндіріліп, адамның аштық сезімін басады. Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет ететіні белгілі болды. Ол зат арэнтерин – деп аталды. Бірақ ол таза күйінде әлі алынған жоқ. Сондай-ақ холецистокинин де аштық сезімді азайтып, тәбетті төмендетеді. Ол гипоталамустың вентролатералдық ядроларына тікелей немесе ішек-қарын жолдарындағы кезбе нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді. Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің, соматостатиннің, нейротензиннің, кортиколибериннің, тиреолибериннің, қан тамырларына белсенді ішектік пептидтің әсерлерінен де байқалады. Олар тойыну сезімінің орталығына әсер етеді. Эндорфиндер мен энкефалиндер және соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі.
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар фибробластардан тарайды. Адипоциттердің сыртқы беттерінде нейромедиаторларды, гормондарды қабылдайтын көптеген қабылдағыштар болады. Солар арқылы адипоциттер денедегі жүйкелік-эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып тұрады. Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның ыдырауы аралығында қатаң тепе-теңдік сақталады.
Адипоциттер көптеген гормондық заттар өндіріп шығарады:
● цитокиндер (олардың ішінде қан өндіретін-гемопоездік жасушалардың өсу факторын) өндіреді, олар сүйек кемігінде жасушалардың өсіп-өнуі мен нақтылануын қадағалайды;
● «тоқтық» жағдайда, әсіресе ішкі ағзалардың адипоциттері, май түзілуін тежейтін кахексин (өспені жоятын фактор-α) өндіреді, ол инсулинге қарсы әсер етеді. Инсулинге тәуелсіз қантты диабет кезінде осы кахексинді адипоциттер артық шығарады. Ол бауырға, гипоталамусқа әсер етіп, тәбетті төмендетеді және организмде ыдырау үрдістерін күшейтеді;
● жыныстық гормондар (эстрогендер мен андрогендер) өндіреді. Дененің төменгі жақтарында орналасқан май тінінің адипоциттері эстрогендер шығарады. Еркектерде олардың артық өндірілуі гинекомастия және белсіздік дамуына ықпал етеді. Өйткені олар гипоталамусқа әсер етіп, гонадолиберин өндірілуін кемітеді. Содан денедегі тестостеронның деңгейі төмендейді;
● «тоқтық» жағдайда адипоциттер пептидтік гормон лептин өндіреді. Оның өндірілуін инсулин сергітеді. Лептин гипоталамустың вентромедиалдық ядроларын қоздырып, вентролатералдық орталықтарға тежегіш ықпал етуден, тойыну сезімін туындатады
Сонымен, дене салмағының тұрақтылығын бақылайтын біртұтас жүйе қалыптасады. Бұл жүйені «липостат» немесе «массостат» - дейді Липостаздық ішкі тұрақтылық шеткері май тінінің (жоғарыда келтірілген гормондық заттарының қатысуымен) гипоталамуспен және ішек-қарын жолдарымен (ішектерде өндірілетін гормондар арқылы) тікелей және кері байланыстарда болуымен қамтамасыз етіледі.
Семіру барлық зат алмасу бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетіні. Ересек адамдардың 30%-дан 60%-ға дейіні артық салмағымен көзге түседі. Әйелдердің арасында семіздік ерлерге қарағанда үш есе жиі кездеседі. Жастардың арасында семірудің жиілеп бара жатқаны назар аударарлық. Мәселен, 33% ер адамдардың және 45% әйелдердің арасында семіру 20-35 жас аралығында кездеседі. Семіздіктің жіктелулері
Семіздікті D.H. Ressesen (2001) кестесі бойынша анықталатын дене массасының индексі (ДМИ) мөлшерімен айқындайды (-кесте).
- кесте
Адамның бойы мен дене массасына сәйкес дене массасының индексі
(D.H. Ressesen, 2001 бойынша)
Бойы,
см
| Дене массасының индексі, кг/м2
| 10
| 20
| 21
| 22
| 23
| 24
| 25
| 26
| 27
| 28
| 29
| 30
| 35
| 40
| Дене массасы, кг
| 145
| 41
| 43
| 45
| 47
| 50
| 52
| 54
| 56
| 58
| 60
| 62
| 64
| 75
| 86
| 147
| 42
| 45
| 47
| 49
| 51
| 54
| 56
| 58
| 60
| 62
| 64
| 67
| 78
| 89
| 150
| 44
| 46
| 48
| 50
| 53
| 55
| 58
| 60
| 62
| 64
| 67
| 69
| 80
| 92
| 152
| 45
| 48
| 50
| 52
| 55
| 57
| 59
| 62
| 64
| 67
| 69
| 71
| 83
| 95
| 155
| 47
| 49
| 52
| 54
| 57
| 59
| 61
| 64
| 66
| 69
| 71
| 74
| 86
| 98
| 157
| 48
| 51
| 53
| 56
| 59
| 61
| 63
| 66
| 68
| 71
| 73
| 76
| 89
| 101
| 160
| 49
| 52
| 55
| 58
| 60
| 63
| 65
| 68
| 71
| 73
| 76
| 78
| 92
| 104
| 162
| 51
| 54
| 57
| 59
| 62
| 65
| 67
| 70
| 73
| 76
| 78
| 81
| 94
| 108
| 165
| 53
| 56
| 59
| 61
| 64
| 67
| 70
| 72
| 75
| 78
| 81
| 84
| 97
| 111
| 167
| 54
| 57
| 60
| 63
| 66
| 69
| 72
| 75
| 77
| 80
| 83
| 86
| 100
| 113
| 170
| 56
| 59
| 62
| 65
| 68
| 71
| 74
| 77
| 80
| 83
| 86
| 89
| 103
| 118
| 173
| 58
| 61
| 64
| 67
| 70
| 73
| 76
| 79
| 82
| 85
| 88
| 91
| 106
| 121
| 175
| 59
| 63
| 66
| 69
| 72
| 75
| 78
| 81
| 85
| 88
| 91
| 93
| 109
| 125
| 177
| 61
| 64
| 67
| 71
| 74
| 77
| 81
| 84
| 87
| 90
| 94
| 97
| 112
| 129
| 180
| 63
| 66
| 69
| 73
| 76
| 80
| 83
| 86
| 90
| 93
| 96
| 99
| 116
| 132
| 182
| 65
| 68
| 72
| 75
| 78
| 82
| 85
| 89
| 92
| 95
| 99
| 102
| 119
| 136
| 185
| 67
| 70
| 73
| 77
| 81
| 84
| 87
| 91
| 94
| 98
| 101
| 105
| 122
| 140
| 187
| 68
| 72
| 76
| 79
| 83
| 86
| 90
| 94
| 97
| 101
| 104
| 106
| 126
| 144
| 190
| 70
| 74
| 77
| 81
| 85
| 89
| 92
| 96
| 99
| 104
| 107
| 111
| 129
| 148
|
Қалыпты жағдайда ДМИ 25 кг/м2 болса, ол 30 кг/м2-ден асып кеткенде семіру дейді. Осыған байланысты семіздіктің келесі дәрежелерін:
ДМИ 25-29,9 кг/м2 аралығында толық денелі адам;
ДМИ 30-34,9 кг/м2 аралығында I дәрежедегі семіздік;
ДМИ 35-39,9 кг/м2 аралығында II дәрежедегі семіздік;
ДМИ 40- кг/м2 -нан астам аралығында III дәрежедегі семіздік – деп ажыратады.
Дененің толықтығын және I дәрежедегі семіздікті дұрыс емдәммен және физикалық жаттығулармен қалпына келтіруге болады.
II дәрежедегі семіздік:
√ денеде майдың, кейде теріні қатпарланып, жиналуымен;
√ физикалық жүктеме түскенде ентігу пайда болуымен, буындар мен белдің, және артериалық қысым көтерілуінен бас ауыруымен;
√ физикалық жүктемелермен, дұрыс емдәм және дәрі-дәрмектер тағайындау арқылы нәтижелі емдеуге болуымен – сипатталады.
III дәрежедегі семіздік:
√ денеде май тым артық жиналуымен, құрсақта және бұтта жиналаған май салбырап тұруымен, теріде қабынулық өзгерістер болуымен;
√ мардымсыз физикалық жүктемеден, тіпті тыныштық жағдайдың өзінде адамның ентігуімен, аяқтардың ісінуімен, бас ауыруымен т.с.с. ;
√ адамның еңбекке қабілеттілігі тұрмақ тұрмыстық жағдайда өзі-өзі күтуі ауырлауымен;
√ ем-домдық шаралардың нәтижесіздігінен хирургиялық операциямен емдеуге мәжбүрлік болуымен – көрінеді. Бұндай науқастарда дене массасының азаюы нәтижесінде май тініндегі қылтамырларда липопротеидлипаза ферментінің белсенділігі көтеріліп кетеді. Содан бұл фермент қан плазмасындағы липопротеидтермен байланысқан үшглицеридтерді ыдырататып, май қышқылдарын босатып шығарады. Соңғылары май жасушаларына қайта сіңіріледі. перейти в каталог файлов
| Образовательный портал
Как узнать результаты егэ
Стихи про летний лагерь
3агадки для детей |