Гиперкапниялық-гипоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі өкпе ұяшықтарының гиповентиляциясынан дамиды. Бұл кезде организмнен көмірқышқылы газының сыртқа шығарылуы азайып, қанда оның деңгейі көбейіп кетеді. Қанда бұл газдың үлестік қысымы с.б.б. 45 мм-ден астам көтеріледі. Гиперкапнияның деңгейі өкпе ұяшықтарының желдетілуі азаюынан тікелей байланысты болады. Осыдан қанда қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылуы байқалады, газдық (тыныстық) ацидоз дамиды. Оған артынан гипоксияның нәтижесінде метаболизмдік ацидоз қосылады. Артериалық қанда рСО2 с.б.б. 60 мм-ден астам көбеюі тез арада өкпені жасанды түрде желдетуді қажет етеді.
Гиперкапнияның нәтижесінде мый тамырлары кеңіп, бас сауыты ішінде қысым көтеріледі. Содан ұйқы басу, селқостық, бас ауыруы, көңіл-күйдің қобалжуы, діріл пайда болады. Артынан естен тану болып, кома дамиды. Бұл әйгіленімдердің үдей түсуіне қарай артериалық қысым төмендеп кетеді. Өйткені гиперкапнияның нәтижесінде қанда протондардың көбеюі жүректің жиырылғыштық қабілетін төмендетеді, шеткері қан тамырларын кеңітеді, өкпеде прекапиллярлық гипертензия туындатады. Осылардан сол және оң қарыншалардың соққылық және минуттық көлемдері азаяды.
Пайда болу себептеріне қарай:
● обструкциялық (лат. obstructio - бітелу);
● рестрикциялық (лат. restrictio - шектелу, кішірею) - тыныс жеткіліксіздігі деп ажыратады.
Науқастарды спирометриялық зерттеу нәтижелері өзгереді.
Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі кезінде:
√ қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі (FEV1c);
√ қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі (FEV1c) мен қарқынды өкпенің тіршіліктік сыйымдылығының пайыздық арақатынасы (FEV1c/FVC%);
√ қарқынды дем шығарудағы қарқынды өкпенің тіршіліктік сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының көлемдік жылдамдығы (FEF25-75%) - азаяды. Бұл кезде өкпеде қалдық ауа көлемі (RV) және онымен өкпенің толық сыйымдылығының арақатынасы (RV/TLC) көбейеді (- кесте).
Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі кезінде:
√ өкпенің толық сыйымдылығы (TLC);
√ өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы (VC) - қатты азаяды. Бұл кезде FEV1c/FVC% мен FEF25-75% өзгермейді (- кесте).
- кесте
Обструкциялық және рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі кездеріндегі спирометрия көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы
Көрсеткіштері
| рестрикциялық
| обструкциялық
| FVC
| азаяды
| шамалы азаяды
| FEV1c
| азаяды
| қатты азаяды
| FEV1c/FVC %
| қалыпты деңгейде
| қатты төмендейді
| FEF25 – 75 %
| қалыпты деңгейде
| қатты баяулайды
| VC
| қатты төмендейді
| азаяды
| FRC
| онша өзгермейді
| көбейеді
| RV
| онша өзгермейді
| көбейеді
| TLC
| қатты азаяды
| онша өзгермейді
| RV/TLC
| біршама көбейеді
| көбейеді
| перейти в каталог файлов
| Образовательный портал
Как узнать результаты егэ
Стихи про летний лагерь
3агадки для детей |