Главная страница
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
qrcode

Клиническая патофизиология 2010. Алматы 2010 Кіріспе


НазваниеАлматы 2010 Кіріспе
АнкорКлиническая патофизиология 2010.doc
Дата05.01.2018
Размер22.3 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаКлиническая патофизиология 2010.doc
ТипДокументы
#34144
страница33 из 109
КаталогОбразовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109

Пигмент өндіру қызметі. Теріде меланин өндіріледі. Меланин (грек. melas, melanos – қара, күңгірт) күңгірт-қоңыр және қара түсті пигмент. Теріде ол ультракүлгін сәулелердің әсерінен пайда болады. Бұл пигмент электрондарды тасымалдау реакциясына қатысады. Ол ультракүлгін және иондағыш сәулелерден сақтандырады. Меланиндер меланоциттердің цитоплазмасында тирозиназа (монофенолмонооксигеназа) ферментінің қатысуымен өтетін тирозиннің немесе фенилаланиннің тотығу өнімдерінен пайда болады. Меланиндердің өндірілуі гипофиздің, қалқанша бездерінің гормондарымен және стероидтық, жыныстық гормондармен реттелінеді. Тері мен көздің торлы қабығында меланиндердің болмауынан байқалатын түссіздік (альбинизм) α-дифенолоксидаза ферментінің туа біткен тапшылығымен түсіндіріледі.

Теріде гемосидерин, каротин жиналады. Гемосидерин жиналып қалуынан оның гемосидерозы дамиды. Бұл кезде, тері қызыл-күрең түске боялып, дерматоз байқалады. Оның даму жолдарында терідегі қан қылтамырларының өткізгіштігі көтерілуінен, зндотелий жасушаларының бүліністерінен теріге эритроциттердің немесе таза гемосидериннің көптеп өтуі маңызды орын алады. Сонымен қатар, кейде гемостаз бұзылып, тромбоцитопения және темір иондары алмасуының бұзылыстары байқалуы ықтимал. Каротин (лат. carota – сәбіз), ферменттік өзгерістерден А витаминіне айналатын пигмент, ағзада зат алмасуларына қатысады. Каротин эпидермисте көп жиналуынан терінің сары түске боялуы болады. Осындай жағдайды аурантиаз, жалған сарғыштану немесе ксантемия дейді. Бұл кезде қанда каротиннің мөлшері көбейеді. Қантты диабетпен ауыратын науқастардың терісі сарғыш түске боялуы осы каротиннің қанда көбеюімен түсіндіріледі. Жорамал бойынша ол теріде антигистаминдік әсер етеді.

Терінің қантамырлық серпілістері. Терінің тамырларының межеқуатына мыйдың сыртқы қыртысы елеулі әсер етеді. Мәселен, көңіл-күйдің қобалжулары кездерінде терінің қызаруы немесе бозаруы байқалады. Тері тамырларын жүйкелейтін жүйке талшықтары адренергиялық және холинергиялық болып ажыратылады. Тері тамырларына жүйкелік-сұйықтық ықпалдар ұдайы реттеуші әсер етеді. Адреналин, норадреналин және вазопрессин қан тамырларын жиырады, гистамин, ацетилхолин, эстрогендер мен андрогендер – кеңітеді. Тері тамырлары әртүрлі тітіркендіргіштерге (механикалық, ауырутуындататын, химиялық т.б. ықпалдарға) тез арада жиырылып немесе кеңейіп жауап қайтарады. Қалыпты жағдайда терінің көптеген тамырлары жартылай жиырылған жағдайда және қылтамырларда қан ағу жылдамдығы шамалы ғана болады. Ол жалпы организмге әсер ететін немесе жергілікті ықпалдардан тез арада қатты өзгереді. Терінің қантамырлары кеңіген жағдайда онда 1 л-ге дейін қан жиналады. Сондықтан олардың тез арада кеңеюі жалпы қанайналымның бұзылыстарына әкелуі мүмкін.

Терінің дене қызымын реттеуге қатысуы өте маңызды. Организмде өндірілген жылудың 80% тері арқылы сыртқа шығарылады. Тері бетінің маймен қапталуы және тері астындағы шелмай сырттан ыстық немесе суық температуралардың өтіп кетуінен және организмнен жылудың артық шығарылып кетуінен сақтандырады. Қоршаған ортада температура көтерілгенде тері тамырлары кеңейіп, олар арқылы ағып өтетін қан көлемін ұлғайтады, жылудың сыртқа шығарылуы артады. Сонымен қатар, тер бөлінуі нәтижесінде термен бірге көп жылу шығарылады. Салқын температура әсер еткенде тері тамырлары жиырылып, жылудың сыртқа шығарылуы азайтады. Тәулігіне адам 2600 калориядай жылу шығарады.

Терінің сезімталдығы және тері рецепторлары. Тері суық және ыстық температураларды, ауырусынуды т.б. қабылдайтын рефлекстік серпілістерге қатысады. Терінің экстероцепторлары әртүрлі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды. Олар жүйкелік серпіндер түрінде ОЖЖ-не берліледі. Терінің сезімталдығы әр түрлі болады. Ауыру сезімталдығы механикалық, температуралық, электр тітіркендіргіштерінен пайда болады. Саусақ ұштарында, сыртқы жыныс мүшелерінде, емшек ұштарында жанасуды сезетін жақсы нақтыланған жүйке аяқшалары ең көп мөлшерде болады.

Терінің 1 см2-інде 100-200 ауырусынуды, 12-15 суықты, 1-2 ыстықты және 25-тей қысымды сезетін нүктелер бар. Әрбір тітіркендіргішке өзінің арнайы рецепторлары болады деген бұрынғы пікірлер дәлелденген жоқ. Тері рецепторларының көпшілігі бірнеше тітіркендіргіштерді қабылдайды. Қоршаған ортаның әртүрлі ықпалдарынан қызмет атқаратын сезімтал рецепторлардың саны өзгеріп тұруы ықтимал. Жанасулық, температуралық және т.б. тітіркендіргіштерге рецепторлардың бейімделуге қабілеті бар, ал ауырусынуды сезетін рецепторлардың бұндай қасиеті өте төмен болады.

Тері рецпторларынан түсетін серпіндер бұлшықеттердің қалыпты межеқуатын қамтамасыз етеді. Тері-бұлшықет рефлекстері адамның еңбек етуінде маңызды орын алады. Терінің ауыру сезімі гипофиздің секрециясы өзгерістерімен, адреналин көптеп шығарылуымен, ас қорыту жолдарының әрекеті төмендеуімен, мыйдың биоэлектр қасиеті өзгерістерімен қабаттасады. Сонымен қатар, тері-тыныстық, тері-қан тамырлық т.б. тері-ішкі ағзалық рефлекстер бар. Шартты рефлекстер бойынша терінің қызаруы, тітіркенуі дамиды. Адамды иландыру арқылы теріге қан құйылуын, терінің күлдіреуін алуға болатыны белгілі.

Терінің зат алмасуларына қатысуы өте маңызды. Теріде газдардың алмасуымен қатар, көмірсуларының, нәруыздардың, майлардың, тұздар мен витаминдердің аралық алмасуы өтеді. Ол су мен минералдардың және көмірсуларының алмасуында бауыр мен бұлшықеттерден кейін екінші орында тұрады. Тері басқа тіндерге қарағанда суды көп мөлшерде жинап, сыртқа тез шығарады. Өкпе арқылы шығарылатын судың мөлшерінен тері арқылы шығарылатын мөлшері екі еседей артық болады. Теріде, әсіресе оның астындағы шелмайда адамның ашығуы кезінде пайдалануға қажетті қоректік заттар қорға жиналады.

Теріде коллаген, ретикулин, эластин және кератин сияқты құрылымдық нәруыздар және олардың ыдырау өнімдері (зәрнәсіл, зәр қышқылы, креатин, креатинин, амин қышқылдары, аммиак т.б.) бар. Терінің құрылымы мен атқаратын қызметтерінде мукополиқанттардың (гиалурон, хондроитинкүкірт қышқылдар және гепарин) маңызы өте зор. Мукополиқанттардың полимерленуі жоғалғанда (мәселен, гиалуронидазаның белсенділігі көтерілгенде) олардан тұратын желімдегіш заттың тұтқырлығы азаяды да терінің микробтарға және әртүрлі уытты заттарға өткізгіштігі артып кетеді. Гепарин теріде өндіріліп мес жасушаларда жиналады және ол теріде майда қанайналымды реттеуге қатысады.

Теріде және оның сыртқы бетінде әртүрлі липидтер болады. Шелмайдың басым бөлігі бейтарап майлардан тұрады. Оларда қатпайтын үшглицерид – триолеин 70%-ға дейін болады. Басқа липидтер (стериндер, стероидтар және фосфолипидтер) эпидермис, дәнекер тін жасушаларында, қан тамырларының қабырғаларында және тегіс салалы еттерде, әсіресе май бездерінің шығарымдарында болады. Терінің бетінде липидтер араласып, тері майын қалыптастырады. Теріде көптеген ферменттер болады. Солардың ішінде амилаза, фосфорилаза, әлдолаза, лактатдегидрогеназасы, янтар қышқылының дегидрогеназасы, цитохромоксидаза, трансаминаза, аргиназа, липаза, тирозиназа т.б. өте маңызды орын алады. Теріде натрий, калий, кальций т.б. микроэлементтер қорға жиналады.

Терінің тосқауылдық қызметі ондағы өтетін зат алмасуларымен тікелей байланысты атқарылады. Организмдегі зат алмасуларына тері бірнеше жолдармен қатысады:

● теріде қан, лимфа, тіндердегі зат алмасу өнімдері, макро- және микро-элементтер қорға жиналады. Осыдан нәруыз өнімдерінің теріде уақытша ұсталуы нәтижесінде олардың басқа ағзаларға уытты әсері әлсірейді;

● судың, уытты метаболиттердің тері арқылы сыртқа шығарылуы арқылы дене қызымы реттелінеді, терінің тосқауылдық, бактерия жойғы қызметтері артады;

● организм тіндері мен ағзаларында өтетін зат алмасуларының кейбір өнімдері теріде химиялық өзгерістерге ұшырайды;

● теріде тері майы және тер құрылады.

Ферменттер белсенділігінің ауытқулары көптеген дерматоздар: экзема, нейродермит, псориаз т.б. кездерінде байқалады.

Теріде зат алмасуларына жүйкелік және эндокриндік ықпалдар әсер етеді. Тері аурулары пайда болуында биохимиялық үрдістердің жасушалық және жасуша ішілік деңгейлерде реттелулерінің бұзылыстары өте маңызды орын алады. Мәселен, теңге қотыр (псориаз) даму тетіктерінің негізінде аденилатциклаза-циклдік АМФ жүйесінің жасушалық реттелуінің бұзылыстары жатады.

Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (рН) ауытқулары кездерінде терінің бактерия жойғы әсері өзгеріп тұрады. Теріде рН ауытқуы оның барлық қабаттарының белсенді серпілістерін айқындайды. Адам терісі астындағы шелмайда рН 6,9-7,4 аралығында, бүртікті қабатында ол әлсіз сілтілік жақта (рН 7,4-7,6), эпидермистің тікенекті қабатында әлсіз қышқыл жақта (рН 7,0-6,7), мүйізгек қабатында айқын қышқыл жақта (рН 6,0-3,0) болады. Ересек адам терісінің сыртқы бетінде рН 3,8-5,6 аралығнды толқиды. Еркектерге қарағанда әйелдерде терінің рН біршама жоғары болады. Мүйізгек қабаттың қышқылдығын тер және тері майы бөлінуімен байланыстырады. Қолтық астында және шапта тердің рН әлсіз сілті немесе әлсіз қышқыл жақта (6,1-7,2) болады. рН айқын сілтілік жақта болғанда теріде бактериялық пиодермиттер және майда саңырауқұлақтардан дамитын микоздар байқалады.

Тұтас организм мен теріге ортақ қатысы бар биохимиялық үрдістер мен қатар терінің өзінде ғана болатын кератин, меланин құрылуы, тері майы мен тер бөлінуі бұзылыстары болады.
Тері ауруларының жалпы этиологиясы
Тері аурулары көптеген себепкер ықпалдардан дамиды. Бұл себепкер ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі топқа ажыратылады. Экзогендік себепкер ықпалдарға:

● механикалық және физикалық (механикалық қажалу, үйкелу, тырнау, ыстық немесе суық температуралар, күн сәулелері, ультракүлгін және иондағыш сәулелер, электр қуаты) ықпалдар;

● химиялық (қышқылдар мен сілтілер, үй тұрмысында қолданылатын және өндірістік химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, тағамдық өнімдер, тітір-кендіргіш шөптер т.б.) ықпалдар;

● биологиялық (бактериялар, майда саңырауқұлақтар, қышыма қотыр кенесі, жануарлар құрттары) ықпалдар - жатады.

Эндогендік себепкер ықпалдарға:

● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;

● иммундық бұзылыстар (аллергиялық серпілістер, аутоиммундық үрдістер, иммундық тапшылықтар);

● зат алмасуларының бұзылыстары;

● гипо- және авитаминоздар;

● теріде қан және лимфа айналымдарының бұзылыстары;

● жүйке жүйесінің бүліністері;

● эндокриндік бездердің бұзылыстары;

● ішкі ағзалардың (әсіресе ас қорыту жолдарының, бауырдың, бүй-ректің) аурулары;

● қан өндіру жүйесінің дерттері т.б. - жатады.

Терінің жағдайы тұтас организмнің жағдайынан байланысты болады. Бүйрек бүліністерінде теріде азоттық өнімдердің ұнтақтары пайда болады; бадамша бездерде, тістерде орныққан жұқпалардан дерматоздар дамиды. Экзема, есекжем, нейродермит пайда болуы және дамуы, шаштың дөңгеленіп түсуі дербес жүйке жүйесінің бұзылыстарында жиі байқалады. Жоғары жүйке жүйесінің тозуынан психогендік дерматоздар дамиды. Эндокриндік жүйенің бұзылыстарына да тері жауап қайтарады. Қалқанша бездің қызметі жеткіліксіздігінен тері микседемасы, қатты терлегіштік, қышыну, есекжем, экзема дамуы байқалады. Анабездің қызметі бұзылуы нәтижесінде теріде сарғыш-қоңыр түсті гиперпигментация, Иценко-Кушинг ауруында (синдром-ында) әйелдерде сақал, мұрт өсуі пайда болады; ұйқыбез ауруларында фурункулез дамиды. Үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуі тері көктамырларының одырайып кеңуіне, варикоздық ойық жаралар пайда болуына ықпал етеді.

Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері

Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері шартты түрде біріншілік және салдарлық (екіншілік) болып ажыратылады. Біріншілік элементтер дерттік үрдістің алғашқы көрінісі ретінде жай көзге қарағанда сау теріде, ал салдарлық морфологиялық элементтер біріншілік элементтердің нәтижесінде пайда болады. Біріншілік элементтерге: дақ, қышыма бөртпе, күлдіреуікше, күлдіреуік, пустула (қуысты бөртпе), папула (қуыссыз бөртпе), түйіншек жатады.

Теріде бұрын болған іріңді бөртпелердің, түймешіктер мен төмпешіктердің т.б. орнында тері түсінің өзгерістерін салдарлық дақтар – дейді. Салдарлық бөртпелер гипер- және гипопигментация, сызат, жалақ жара (эрозия), ойық жара (язва), қабыршақ, тыртық, атрофия, вегетация, лихенификация түрлерінде көрінеді.
Дақ (грек. macula, орыс. пятно) терінің немесе шырышты қабықтың орныққан түрде боялу түсі өзгерістерімен көрінетін тері бөртпесінің түрі.Ол туа біткен және жүре пайда болған болып ажыратылады. Дақ түрінде бөртпе шығуы жұқпалы аурулар (қызылша, қызамық, жәншау, сүзек т.б.) және әртүрлі тері дерттері кездерінде, қан тамырларының даму ақауларында, теріде өспе өсуінде (пигменттік невус кезінде) байқалады. Дақтар біріншілік (гиперемиялық, қан құйылулық, пигменттік) және салдарлық болып ажыратылады.

Гиперемиялық дақ қабыну, қан тамырларының рефлекстік серпі-лістері кездерінде уақытша немесе телеангиэктазиялар және қан тамырларының даму ақаулары, тері өспелері кездерінде тұрақты түрде байқалады. Бұл кезде майда қан тамырларының кеңуі, қызмет атқаратын қылтамырлардың көбеюі болады. Артериалық гиперемия кезінде терінің бөлігі қызғылтым немесе айқын қызыл түс, веналық гиперемия болғанда көгілдір қызыл түс қабылдайды. Дақтың үстінен әйнекпен басқанда ол жоғалып кетеді немесе азаяды, ал оны тоқтатқанда қайта пайда болады. Гиперемиялық дақтың диаметрі 3 мм-ден 10-15 мм-ге дейін көптеп пайда болуын розеола дейді. Оның диаметрі алақандай немесе одан да үлкен болса эритема делінеді.

Қан құйылулық (геморагиялық) дақ қан тамырларының тұтастығы бұзылуы немесе олардың қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі нәтижесінде эритроциттердің тамыр сыртындағы дәнекер тінге шығуынан байқалады. Шелмайға және теріге тамыр тұтастығы бұзылуынан ошақталып ірі қан құйылуы гематома (қанды ісік) түрінде немесе тері мен шырышты қабықтарға пішіні мен мөлшері әртүрлі майда қан құйылуы пурпура (лат. purpura-күрең-қызыл түс) түрінде кездеседі. Соңғысы қан тамырлық-тромбоциттік гемостаздың бұзылыстарында (тромбоцитопениялық пурпура, геморагиялық вазопатия, тері васкулиті т.б.), кейбір жұқпалы аурулар (сүзек, қызамық, жәншау т.б.) кездерінде байқалады. Қан құйылудан пайда болған дақтың шеттері айқын көрінеді және оны әйнекпен басқанда жоғалып кетпейді. Теріге құйылған қан толығынан қайта сорылғанынша дақтың түсі де өзгеріп тұрады. Өйткені, эритроциттерден босап шыққан гемоглобин біртіндеп гемосидеринге, өт пигменті - билирубинге айналады. Сондықтан басында дақтың түсі күрең-қызыл болса, артынан көгілдір, қоңыр-сары түс қабылдайды. Қылтамырлар қабырғаларының бүліністері нәтижесінде эритроциттер диапедездік жолмен тамыр сыртына шығудан болатын нүктелі қан құйылуды петехиа (итал. petecchia-дақ, бөртпе) дейді, одан ірі және пішіні өзгерген болса экхимоз делінеді. Олар теріге жайылған түрде кездескенде геморагиялық диатез деп аталады.

Пигменттік дақ теріде меланиннің (грек. melas, melanos- қара, күңгірт) мөлшері өзгеруінен, зат алмасу өнімдерінің (холестериннің, каротиннің) теріге жиналуынан байқалады. Меланин теріде көп жиналуынан қою боялған (гиперхромды), азайып кетуінен әлсіз боялған (гипохромды) дақ пайда болады. Тері мен шырыш асты негізде меланоциттер жиналып, меланиннің эпидермистің тіректік қабатынан өтуі пигменттік дақтардың теріде және шырышты қабықтарда пайда болуына әкеледі.
Пигментация (лат. pigmentum-бояутек) теріге бояғыш заттардың жиналуы. Теріде меланиннің жиналуы өте маңызды орын алады. Меланин меланоциттерде тирозиназа ферментінің қатысуымен өндірілетін пигмент. Бұл ферменттің қатысуымен тирозин немесе фенилаланин промеланинге ауысады, ол полимерлену арқылы меланинге айналады. Оның өндірілуі гипофиздің меланоцитті сергітетін гормонымен және шамалы мөлшерде адреналин, норадреналин, қалқанша және жыныстық бездердің гормон-дарымен реттелінеді. Меланиннің артық өндірілуі терінің қола түстес болуымен көрінетін Аддисон ауруы кезінде, аз өндірілуі түссіздік (әлбинизм) кезінде байқалады. Меланиннің тұрақты еркін радикалдық қасиеті бар. Осыдан оның ультракүлгін және иондағыш сәулелерден сақтандыратын қабілеті болады.

Теріде пигменттердің жоғалып кетуін депигментация дейді.
Витилиго (лат. vitiligo) – теріде депигментация дамып, ошақталған түрде сүттей ақ түсті дақтардың (жүре) пайда болуы. Олардың пішіні мен мөлшері әртүрлі болады (-сурет). Ол ешқашан туа біткен болмайды. Витилигоның пайда болу себептері мен патогенезі әлі анықталмаған. Оның пайда болуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер витилигоның этиологиясын жүйкелік-эндокриндік бұзылыстармен түсіндіреді. Оған дәлел ретінде дерттің ауыр жан күйзелістерінен кейін дамитынын және оның тиреотоксикоз, аддисон ауруы, гипотиреоз, анабез қызметтері бұзылыстары сияқты эндокриндік аурулармен қабаттасатынын келтіреді. Кейбір витилиго дертімен сырқаттанған науқастарда бүйрек үсті бездері сыртқы қабатының және қалқанша без қызметтерінің бұзылыстары байқалады. Терінің түсін жоғалтуы меланин құрылуына қажетті тирозиназа ферментінің белсенділігі төмен болуынан және бұндай науқастарда күрделі аутоиммундық үрдістер дамуынан байланысты болады.

-сурет. Витилиго
Резеңке және формальдегидтік қарамай өндірістерінің жұмыс-шыларында кәсіби витилиго кездесуі мүмкін.

Витилиго кезінде терінің құрылымы аз өзгереді. Эпидермис пен дермада шамалы атрофия байқалады, қан тамырлары азаяды, жүйкелік рецепторлық құрылымдарда дистрофиялық өзгерістер болады. Теріде меланоциттердің саны өзгермейді, бірақ оларда меланин түзілмейді.
Ксантома (грек. xanthos-алтын сары) организмде май алмасуының бұзылыстарынан теріде және басқа тіндерде холестерин мен үшглицери-дтердің ошақталып жиналып қалуы. Оның құрылымында цитоплазмасы көбіктенген бір немесе көп ядролы фагоциттер болады. Оларды ксантомдық жасушалар дейді Теріге гистиоциттер мен лимфоциттердің сіңбеленуі болуы мүмкін, бөгде заттардың алып жасушалары кездеседі, фиброз дамуы күшейеді.

Ксантоманың жекелеген және денеге жайылған түрлері болады. Оның жекелеген (бір жерде орныққан) түрін ксантелазма (грек. xanthos-алтын сары, +elasma-табақша) дейді. Мәселен, қабақтың ксантелазмасы, егде тартқан әйелдерде жиі кездесетін, теріден біршама шығып тұратын сары түсті дақ, қатерсіз өспелерге жатады. Бұндай дақтар үстіңгі қабақтың ішкі бұрышының терісінде, екі көзде бірдей орналасады және өте баяу өседі. Төмпешік ксантелазма шынтақ, тізе буындары аумағында кездеседі. Бұл кезде сары түсті түйіннің диаметрі бірнеше см-ге жетеді және сыртқы беті тегіс болады. Денеге жайылған ксантелазма терінің әр бөліктерінде ұсақ түйіндер түрінде, жиі қантты диабет кезінде байқалады.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109

перейти в каталог файлов

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей

Образовательный портал Как узнать результаты егэ Стихи про летний лагерь 3агадки для детей